Топырақтың пайда болуына тірі ағзалардың әсері

Пәні: География (6-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Топырақ – биосфераның ірге тасы

Оқытудағы тәсілдерге сілтеме

  • Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер (Нұсқаулық, 32–42-беттер).
  • Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту (Нұсқаулық, 50–55-беттер; Александр, 2001, 2008: «Диалогты оқыту»).

Негізгі бағыт

Сабақта оқушылардың пәндік білімін тереңдету мен қатар топтық жұмыс, диалог, мәтін және картамен жұмыс арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту көзделеді.

Жалпы мақсаттар

Білімділік мақсат

Оқушыларға топырақ және оның құрамы туралы түсінік беру, топырақтың табиғаттағы маңызын ұғындыру.

Дамытушылық мақсат

Дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін, пәнге қызығушылығын, есте сақтауын және талдау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсат

Қоршаған ортаны қорғауға баулу арқылы экологиялық мәдениет қалыптастыру.

Міндеттері және күтілетін нәтиже

Сабақ міндеттері

  1. 1 Оқу-танымдық әрекетті өздігінен орындауды ұйымдастыру.
  2. 2 Құзыреттілікке бағытталған мазмұн арқылы түрлі танымдық тапсырмаларды орындату.
  3. 3 Алған білімді қажетті жағдайда қолдануға бағыттау.

Оқыту нәтижесі

Сабақ соңында оқушылар топырақ туралы негізгі білімді меңгереді, оның құрамын және биосферадағы маңызын түсіндіре алады.

Негізгі ұғым: «Топырақ – биосфераның ірге тасы».

Түйінді идеялар

Сабақ барысында оқушылардың көзге бірден байқала бермейтін қабілеттерін ашу және бағдарламалық модульдерді ұштастыра отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру көзделеді.

  • Топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
  • Тақырып бойынша бастапқы білім деңгейін анықтау.
  • Сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған тапсырмалар орындау.
  • Диалог құру арқылы тапсырма шешімін бірлесіп табу.
  • Мәтінмен, атласпен және кескін картамен топтаса жұмыс істеу.
  • Дәлелдеу және пайымдау мәдениетін қалыптастыру.

Блум таксономиясы бойынша құрылым

Үй тапсырмасы (қайталаймыз)

  1. 1 Биосфера туралы және оның шекаралары туралы не білесің?
  2. 2 Тірі ағзалардың алуан түрлілігін қалай түсіндіресің?
  3. 3 Биоценоз деген не?
  4. 4 Биогеография нені зерттейді?

Сабақ мақсаты (деңгейлер бойынша)

Білу Топырақтың биосфераның ірге тасы екені туралы ұғым қалыптастыру.

Түсіну Топырақ түрлерінің таралу заңдылықтарын түсіндіру.

Қолдану Топырақ түрлерінің климат жағдайына тәуелділігін (97-сурет бойынша) қолдана отырып дәлелдеу.

Талдау Топырақтың пайда болуына тірі ағзалардың әсерін талдау.

Синтез Топырақ пен тау жыныстарының айырмашылығын жинақтап, қорытынды жасау.