2007 жылы Қазақ тілін қолдау жылы
Тәрбие сағатының авторы
Бердіғали Шынар Ибадуллақызы
Сабақтың тақырыбы
Елім менің еңселі
Негізгі ой
ХХ ғасырдың ең үлкен байлығы — Тәуелсіздік. Ол оңайлықпен келген жоқ, оны қадірлеу — әр буынның парызы.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін терең түсіндіру, жас ұрпақ бойында елге, жерге, ұлтқа деген патриоттық сезімді қалыптастыру.
Өз Отанын қорғайтын, елжандылық рухы жоғары азамат тәрбиелеу.
Нақыл сөз
«Тәуелсіздік тірегі — қайсар рухы қазақтың!»
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына арналған.
2011 жыл — қазіргі Қазақстан тарихындағы ерекше белес. 16 желтоқсанда еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтті. Бұл тарихи мерекені кең көлемде өткізу Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жалпыхалықтық іс ретінде жарияланып, «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өтті.
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ халқының қайсарлығы мен батырлығын айқын көреміз. Көшпелі өмір салтын ұстанған ата-бабаларымыз ел мен жерді, ана тілін — ең қастерлі үш құндылық ретінде сақтады. Ендеше, сан ғасырлық арманның орындалуы болған Тәуелсіздік жолына тағзым етейік.
II. Өткен жылдар жемісі
Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашып, қоғамдық өмірімізге тың серпін әкелді. Бұл — бейбіт өмірді, еркіндікті аңсаған ақ ниетпен тіктелген ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
Ескерту
Бұл бөлімде слайд арқылы тарихи деректер мен маңызды оқиғалар таныстырылады.
III. Тәуелсіздік шежіресі (1991–2011)
1991 жыл
Тәуелсіздік алған жыл.
Өзіңдікі туың да, от пен ауа, суың да,
Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буың да.
Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын!
Қанатың қайырылып, қыр арқаннан майырылып,
Егемен Тәуелсіздікпен қала көрме айырылып.
1992 жыл
Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Гимні қабылданды. Қазақстан БҰҰ-ға мүше болды.
1993 жыл
15 қараша — Ұлттық валюта күні. Қазақстан теңгесі айналымға енді. 2006 жылы 15 қарашада теңге жаңа үлгіде қайта шығарылды.
1994 жыл
Мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары бекітілді. Талғат Мұсабаев «Союз — ТМ-6» ғарыш кемесімен ғарышқа самғады.
1995 жыл
30 тамыз — Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды.
1996 жыл
20 қаңтарда Қазақстан комиссиясының алғашқы отырысы өтті.
1997 жыл
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы ретінде аталды.
1998 жыл
6 мамыр — Астана күні. Елорда жаңа сәулетімен көркейіп, еліміздің басты қаласына айналды.
1999 жыл
10 қаңтар — Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
2000 жыл
Мәдениетті қолдау жылы. Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталып өтті.
2001 жыл
ХХІ ғасырдың бастауы. Тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.
2002 жыл
Денсаулық жылы деп жарияланды.
2003–2005 жылдар
Ауыл жылы деп жарияланды.
2004 жыл
Қазақстан — Ресей жылы.
2005 жыл
Ресейде Абай жылы аталып өтті.
2006 жыл
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.
2007 жыл
Қазақ тілін қолдау жылы.
2008–2010 жылдар
Бұл жылдар — Тәуелсіздікті нығайту, ел дамуын тұрақтандыру, жаңа мақсаттарға бет бұру кезеңі.
Қанша ащы болса да, ХХ ғасырдың бізге сыйлаған ең басты бақыты — Тәуелсіздік. Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан әлемге танымал мемлекетке айналды. Мазмұны мен өрнегі жарасқан қасиетті Тәуелсіздік туы мәңгі желбіреп, күніміз мәңгі сөнбесін!
IV. Елбасы жолдаулары
Егемендігімізді алғаннан бері Елбасының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жыл сайын көркейіп, қиындықтарды артқа тастап, экономикалық өрлеу жолына түсті.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары — ел дамуына бағыт беретін, халық тағатсыздана күтетін маңызды бастамалар. Әр жолдау жаңа серпін мен батыл қадамдарға жетелейді.
Таныстыру
Бұл бөлімде 1997–2010 жылдар аралығындағы жолдаулардан мазмұнды үзінділер слайд арқылы көрсетіледі.
Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де атсалысады деп сенемін.
V. «Отан деп соққан жүректер» (оқушылар шығармашылығы)
Орындаулар тізімі
-
«Мен — қазақпын»
Оқитын: Қожуов Есекен
-
«Үш бақытым»
Оқитын: Селбаев Нұрмұхамед
-
«Туған далам»
Оқитын: Мирамбайқызы Гүлжайнар
-
«Отан»
Оқитын: Ғалымұлы Нұрқанат
-
«Астана»
Орындайтын: Хор
-
«Жаса, Қазақстан!»
Орындайтын: Ағысбай Жарасқан
-
«Рахмет саған, Отаным!»
Орындайтын: Квартет
Сабақты қорытындылау
Еліміздің Егемендігі мәңгі жасай берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, бірлігіміз нығая түссін!