Гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай
Сабақтың тақырыбы
Өркендер мен бүршіктер (6-сынып).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Өркендер мен бүршіктердің құрылысы және қызметі туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың тірі табиғат туралы ойлау қабілетін, білім мен біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік
Табиғатты сүюге, қорғауға және адамгершілікке тәрбиелеу.
Ресурстар мен формат
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, компьютер, проектор, слайдтар.
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді меңгерту.
- Сабақтың әдісі
- Сатылай кешенді талдау әдісі.
Сабақтың барысы
-
I
Ұйымдастыру
Сыныптың дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын нақтылау.
-
II
Өткен материалды қайталау
Негізгі ұғымдарды еске түсіру және сұрақ-жауап арқылы бекіту.
-
III
Жаңа сабақ: Өркендер мен бүршіктер
1) Анықтамалар және бұтақтану типтері
- Өркен — жапырағы мен бүршігі бар жас сабақ.
- Дихотомиялы (айыр) бұтақтану — өркен екіге бөлініп, екі өркен түзеді.
- Моноподиалды бұтақтану — негізгі осьтің жоғары қарай өсуі шектеусіз, жанама біліктер дамиды (мысалы: шырша, самырсын).
- Симподиалды бұтақтану — негізгі білік өсуін ерте тоқтатады, оның орнына жоғарғы жағынан жанама бүршіктерден өркендер дамиды (көбіне гүлді өсімдіктерде).
2) Өркендерді жіктеу
Негізгі өркен — тұқым бүршігінің ұрығынан дамиды.
Жанама өркен — жанама қолтық бүршігінен дамиды.
Қосалқы өркен — қосалқы бүршіктерден дамиды.
Вегетативтік өркен — жапырақ пен бүршік түзеді.
Генеративтік өркен — репродуктивті мүшелерді түзеді (гүл, жеміс, тұқым).
3) Өркендердің түр өзгерістері
Тамырсабақ — жапырақ шығармайтын, көпжылдық жер асты өркен.
Столон — ұзын жатаған өркен; қабыршақты жапырақтары болады.
Түйнек — жер асты қолтық бүршігінен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік.
Пиязшық — шырынды, қысқарған, түрі өзгерген жер асты өркен.
Түйнекті жуашық — жуашыққа ұқсас түрі өзгерген өркен.
Шөгір — түрі өзгерген өркен; жапырақтары қорғаныш қызметін атқарады.
Мұртшалар — түрі өзгерген өркендер; тірекке бекініп, шырмалғыш қызмет атқарады.
4) Бүршік — бастапқы өркен
- Төбелі бүршік — өркеннің ең ұшында орналасады.
- Жанама бүршік — жапырақ қолтығында орналасады.
- Қосалқы бүршік — өсімдіктің кез келген бөлігінде пайда болуы мүмкін.
5) Бүршік түрлері
Вегетативтік бүршік — өркенде орналасады; одан өркен және жапырақтар дамиды.
Генеративтік бүршік (гүл бүршігі) — қысқарған өркенде орналасып, гүл мүшелерінің бастамасын береді.
6) Бүршіктің ішкі құрылысы
- Бүршіктің сыртын қалың, тығыз қабыршақтар қаптайды. Қабыршақ — түрі өзгерген сыртқы жапырақ.
- Бүршіктің ортасында ақшыл-сары түсті бастапқы сабақ орналасады.
-
Гүлді өсімдіктерде бүршік өркеннің түріне қарай екі бағытта дамиды:
- Өсу бүршігі — ұзарған өркенде орналасады; бастама сабақ пен бастама жапырақ дамиды.
- Гүл бүршігі — қысқарған өркенде орналасады; одан гүлшанақ дамып, кейін гүл, жеміс және тұқым түзіледі.
7) Қорытынды
Бүршік бастама сабақ пен бастама жапырақтан тұратындықтан, оның негізінде жаңа өркен дамиды.