Сәкен Сейфуллин Тұлпарым Сабақтың мақсаты

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Сәкен Сейфуллин — «Тұлпарым» өлеңі

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

География, тарих, қазақ тілі

Мақсаты

  • С. Сейфуллиннің өмірі мен еңбектері туралы мәлімет беру.
  • «Тұлпарым» өлеңінің мазмұнын түсіндіру, идеялық мағынасын ұғындыру.

Міндеттері

  • Білімділік: өлең мазмұнын ашу, ақынның негізгі ойын жеткізу.
  • Дамытушылық: оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: өлең арқылы елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен әдіс-тәсілдер

Көрнекілік құралдар

Портрет, хронологиялық кесте, биопоэма, Т-кесте, топтастыру сызбасы.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа назар аударту, мақсатпен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасының орындалуы тексеріледі. Одан кейін Ж. Жабаев туралы білімді тест сұрақтары арқылы пысықтаймыз.

1) Жамбыл қай жылы дүниеге келген?

  • а) 1845 жылы
  • ә) 1846 жылы
  • б) 1847 жылы

2) Жамбылдың әкесінің аты кім?

  • а) Жанбай
  • ә) Жанай
  • б) Жаппа

3) Жамбылдың ұлының есімі кім?

  • а) Айбар
  • ә) Алғадай
  • б) Аршын

4) 1941–1945 жылдардағы соғыста солдаттарды жігерлендірген өлеңі:

  • а) «Сұм соғыс»
  • ә) «Ленинградтық өренім»
  • б) «Алға, алға...»

5) Жамбыл қай жылы, неше жасында қайтыс болды?

  • а) 1945 жылы, 99 жасында
  • ә) 1946 жылы, 100 жасында
  • б) 1947 жылы, 101 жасында

Тақырыпты еске түсіру үшін үй жұмысын Т-кесте арқылы тексереміз.

III. Үй тапсырмасын бекіту («Иә» / «Жоқ» кестесі)

Оқушыларға «Иә» / «Жоқ» кестесі таратылып, төмендегі тұжырымдар бойынша жұмыс жасалады.

  1. Жамбыл атақты ақын Құлмамбетті жеңді.
  2. Жамбыл бай тұқымынан шыққан.
  3. Жамбылдың ұстазы — Досмағамбет.
  4. Үй-үйді аралап Жамбыл жарапазан айтқан.
  5. Алғадай туралы ой-өлеңдерінің бәрін немересіне арнаған.
  6. Жамбылдың әкесінің аты — Сүйінбай.
  7. Ақын 1846 жылы дүниеге келген.
  8. «Атаның әлдиі» — немересіне арналған өлең.
  9. Алғадай — Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ақынның ұлы.
  10. Жамбыл Маңғыстау өңірінде туған.

IV. Жаңа сабақ: С. Сейфуллин — «Тұлпарым»

Ақын туралы

Сәкен Сейфуллин — XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Ол 1894 жылы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының 1-ауылында дүниеге келген.

Әкесі — Сейфолла, анасы — Жамал. Ақынның шын есімі — Садуақас, ел ішінде еркелетіп Сәкен деп атаған.

Оның «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1914 жылы Қазан қаласында жарық көрді.

Хронологиялық кесте

Мерзімі Болған оқиғалар
1894 Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының 1-ауылында туған.
1906 Орыс-қазақ мектебіне түсіп, екі жыл оқиды.
1908 Ақмоладағы приход мектебінде оқиды.
1913 Үш сыныптық училищені бітіреді.
1914 Қазан қаласында «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағы басылады.
1917 Ақмола уезі, Сілеті–Бұғылы ауылында мұғалім болып қызмет етеді.
1920 Ақмола уездік атқару комитеті төрағасының орынбасары.

Өлеңмен жұмыс

  • «Тұлпарым» өлеңі мәнерлеп оқылады.
  • Мазмұны түсіндіріліп, негізгі идеясы талданады.
  • Сұрақтар арқылы білім пысықталады.

Талқылау сұрақтары

  1. Өлеңдегі тұтқын кім? Оның басты қасиеттерін саралаңдар.
  2. Сәкеннің өмір жолынан қандай өнеге алдыңдар?

Кестемен талдау тапсырмасы

Шумақта не туралы айтылған? Көркем сөз айшықтары Бунақ / буын Ұйқас түрі

Берілген шумақ бойынша ойды анықтап жазыңдар.

Теңеу, эпитет, метафора сияқты құралдарды белгілеңдер.

Өлшемін санап көрсетіңдер.

Ұйқас түрін анықтаңдар.

Талдауға арналған шумақ

Темір торлы тас үйде

Көкірегім толды шерменен.

Қанатты, тағы тұлпарым,

Арқырап келші кермеден.

Тұмарлап баптап айдарын,

Құйрығын сүзіп ерлеген,

Құтқаршы мені қамаудан,

Шынжырлап ерік бермеген.

Шығармашылық жұмыс

С. Сейфуллинге байланысты төрт жол өлең шумағын құрастырып жазыңдар.

Көп замандар... (жоғалып)

Ортамызға... (келіпсіз)

Тарих, шежіре, жыр... (жазып)

Ұрпаққа мұра... (беріпсіз)

V. Қорытындылау

С. Сейфуллин — «Үш бәйтеректің» бірі. «Үш бәйтерек» деп С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлинді айтамыз. Үшеуі де бір жылда туып, бір жылда дүниеден озғаны үшін бұл атау әдебиет тарихында ерекше орныққан.

VI. Жаңа сабақты бекіту (Биопоэма)

1) Аты

С. Сейфуллин

2) Қандай?

Оқушы өз сөзімен сипаттайды.

3) Не істеді?

Еңбектері мен қызметіне сүйеніп толтырады.

4) Қашан?

Маңызды жылдармен байланыстырады.

VII–VIII. Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының нақтылығы, мәнерлеп оқуы және кестелік талдауы негізінде бағаланады.

Үйге тапсырма

  • «Тұлпарым» өлеңін қайта оқу, мазмұнын әңгімелеуге дайындалу.
  • С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы бойынша қысқаша деректерді қайталау.
  • Биопоэманы толықтырып келу.