Тілі бөлек болған менен тілек бір, Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл
Қызылорда қаласы, №112 орта мектеп
Қазақ тілі пәні мұғалімі: Рысбаева Р.
Бір шаңырақ астында
Бұл материал Қазақстан халқының бірлігі мен достығына арналған салтанатты іс-шараның мәтінін әдеби тұрғыдан ықшамдап, мазмұнын айқындап ұсынады.
Мақсаты
- Оқушыларға Қазақстан Республикасының өзге ұлт өкілдеріне құтты қоныс, алтын бесік болғанын ұғындыру.
- Қазақстандық патриотизмге, елін-жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
- Басқа ұлт өкілдерінің мәдениеті мен әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Көрнекілігі
Іс-шара барысы
І жүргізуші
Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
ІІ жүргізуші
Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасын мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігіне арналған «Бір шаңырақ астында» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
Әнұран
Рәсімдік бөлім
Мемлекеттік Әнұран орындалады.
Өлең-жыр шумақтары
1
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
2
Тілі бөлек болғанменен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек — гүл.
Қазақстан — бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
3
Ортақ менің жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
4
Мы дружной семьёй живём в Казахстане,
Татары, уйгуры и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков
Дружба народов всех возрастов.
5
Елім менің — жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің — биіктігі шарайна,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
6
Ағайын — туған — бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
7
Тілегі бір, жүрегі бір —
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
8
Қазақ жері — қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі — қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
9
Зобалаңда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілмен елге деген,
Арнайды барша халық ақ тілекті.
Хор
«Атамекен» (бейнеролик)
«Атамекен» әні хор болып орындалады. Көрермен назарына бейнеролик ұсынылады.
ІІ жүргізуші
Қазақстан Республикасында бүгінде 130-дан астам ұлт пен ұлыс мекендейді. Тарихтың белгілі бір кезеңдерінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге қоныстанған көптеген этнос өкілдері үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
І жүргізуші
Көші-қон тарихының зерделенген ақиқатын тарихшылар баяндайды. Ендеше сөзді мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Цой Олег Николаевичке береміз.
ІІ жүргізуші
Ұлтаралық татулықтың арқасында бүгінгі күні ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмасын. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа ешқашан сызат түспесін!