Өрнектің мәндерін салыстырыңдар

5-сынып • Жаңа сабақ

Санды өрнектер

Бұл сабақта оқушылар санды өрнек ұғымын меңгереді, өрнектің мәнін табуды үйренеді және есептер арқылы дағдыларын бекітеді.

Білімділік

Оқушыларға санды өрнек ұғымын түсіндіру.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Ақыл-ойын, білім қабілетін дамыту.

Сабақтың жоспары

Кезең Уақыты
Ұйымдастыру 1 минут
Үй тапсырмасын тексеру 5 минут
Жаңа сабақ түсіндіру 15 минут
Практикалық жұмыс 20 минут
Үй тапсырмасын беру 1 минут
Қорытынды 2 минут
Бағалау 1 минут

Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру

Теңдеулерді шешіңдер:

1) 390 : (4x + 3) = 26

390 = 26(4x + 3)

390 = 104x + 78

104x = 312

x = 3

2) 528 : (5x − 7) = 16

528 = 16(5x − 7)

528 = 80x − 112

80x = 640

x = 8

Жаңа сабақ: санды өрнек ұғымы

Амалдар таңбалары және қажет болған жағдайда жақшалардың көмегімен сандардан құрастырылған өрнек санды өрнек деп аталады.

Санды өрнектегі көрсетілген барлық амалдарды орындау нәтижесінде шыққан сан өрнектің мәні деп аталады.

1-есеп

Бақта 12 алма ағашы бар, ал алмұрт ағашы одан 5-еуі кем. Бақта барлығы неше жеміс ағашы бар?

Шешуі

Алмұрт ағаштарының саны: 12 − 5. Барлық жеміс ағаштарының саны: 12 + (12 − 5).

Өрнектің мәні

12 + (12 − 5) = 12 + 7 = 19

Мұндағы 19 — берілген өрнектің мәні.

Мысал: 127 + 892 санды өрнегінің мәні 1019, себебі 127 + 892 = 1019.

Практикалық жұмыс

Сыныпта төмендегі тапсырмалар орындалады.

1) Өрнектерді оқыңдар

Қосу

  • 36 + 11
  • 27 + x
  • y + 19

Алу

  • 27 − 16
  • 36 − 7
  • 45 − 6

2) Өрнектің мәнін табыңдар

(32 + 17) − 43

(32 + 17) − 43 = 49 − 43 = 6

(84 − 29) + 67

(84 − 29) + 67 = 55 + 67 = 122

332 : 83 + 9

332 : 83 + 9 = 4 + 9 = 13

97 × 5 − 476

97 × 5 − 476 = 485 − 476 = 9

3) Өрнектердің мәндерін салыстырыңдар

29 + 16 × 3

29 + 16 × 3 = 29 + 48 = 77

26 + 19 × 2

26 + 19 × 2 = 26 + 38 = 64

Сондықтан: 29 + 16 × 3 > 26 + 19 × 2.

Қорытынды сұрақтар

  1. 1 Санды өрнек дегеніміз не?
  2. 2 Өрнектің мәні деген не?

Үй тапсырмасы

  • Оқулықтың 7-бетіндегі 3-есептің 5), 6) тармақтары және 5-есептің 3), 4) тармақтары.
  • Өтілген сабақтың мазмұнын қайталап келу.

Бағалау

Оқушылардың бағасы үй тапсырмасының орындалуына және практикалық жұмыстардағы белсенділігі мен есептерді дұрыс шығаруына қарай қойылады.