Әдептілік әлеміне бару барысында балаларға әдептілік ұғымының мағынасын ашу
Аягөз қалалық №6 бөбекжай-балабақшасы
Тәрбиеші: Адильханова Айгерім Бейсенғазықызы
Тақырып
«Әдепті бала — ақылды бала» (тәрбие сағаты)
Көрнекіліктер
- Тақырыпқа байланысты суреттер
- Әдептілік туралы мақал-мәтелдер
- Дидактикалық ойын
Мақсаты
- Балаларға әдептілік туралы мағлұмат беру.
- Әдепті болуға үйрету, ойлау қабілеті мен шығармашылығын дамыту.
- Әдептілік ұғымының мағынасын ашу арқылы әдептілік әлеміне жетелеу.
- Адалдыққа, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
- Мақал-мәтел арқылы есте сақтау қабілетін арттыру.
Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерге жол беріп,
Біз ақылды боламыз!
Тақырыпты таныстыру
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы — «Әдепті бала — ақылды бала». Әдептілік — адамға жарасатын көркем мінез. Ол үлкенді сыйлаудан, кішіні құрметтеуден, сыпайы сөйлеуден және әркімге ізет көрсете білуден басталады.
Сыпайы сөздер: үлгі жағдаяттар
Жағдаят 1
Апаң базардан алма әкеліп, ең үлкенін әрі жақсысын саған таңдап берді. Мұндайда не деу керек?
Балалар: «Рахмет, апа!» деу керек.
Жағдаят 2
Көшеде ойнап жүріп, байқамай досыңды қағып кеттің. Мұндайда не деу керек?
Балалар: «Кешіріңіз!» деу керек.
Жағдаят 3
Көшеде апайыңды кездестірдің. Ұмытуға болмайтын сөз қандай?
Балалар: «Сәлеметсіз бе?» деу керек.
Сергіту сәті
Енді біз демаламыз,
Айналаны шоламыз.
Қол-аяқты кезекпен,
Оңға-солға созамыз.
Күн шыққанда сүйсініп,
Бәйшешектей иіліп,
Біз тынығып аламыз.
Жиі-жиі жаттығып,
Үлкен кісі боламыз.
Сурет бойынша әңгіме (тәрбиешінің сұрақтары)
Жағдаят: Автобуста бір бала атаға орын бермеді. Бұл дұрыс па?
Жауап: Жоқ, дұрыс емес. Үлкендерді сыйлау керек, автобуста үлкендерге орын берген дұрыс.
Жағдаят: Бір бала үлкенге орын берді. Бұл дұрыс әрекет пе?
Жауап: Иә, дұрыс. Бұл — әдептіліктің белгісі.
Жағдаят: Үстел басында бір бала барлық тәттіні өз алдына үйіп алды. Бұл дұрыс па?
Жауап: Жоқ, дұрыс емес. Кішіпейіл болып, өзгелермен бөлісе білу керек.
Жағдаят: Дүкеннен қайтып келе жатқан апаның сөмкесін бір бала көтерісіп келеді. Бұл дұрыс па?
Жауап: Дұрыс. Бұл бала — әдепті, мейірімді бала.
Біздің топтағы балалардың бәрі әдепті болуға ұмтылады. Балабақшада балдырғандар ақылды, білімді, тәрбиелі болып қалыптасады. Өскенде егемен еліміздің толыққанды азаматы боласыңдар.
Мақал-мәтелдер
- Әдепті бала — арлы бала, Әдепсіз бала — сорлы бала.
- Сіз деген — әдеп, Біз деген — көмек.
- Басыңа іс түссе, Жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді.
(Тәрбиеші мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп береді.)
Дидактикалық ойын: «Жақсы мен жаман»
Шарты: Балалар жақсы және жаман әдеттерді ажыратып, өз ойларын айтып береді.
- Үлкенге орын беру
- Амандасу
- Көмектесу
- Кешірім сұрау
Қорытынды
Бүгін біз әдептілік туралы көп нәрсе үйрендік. Әдепті адам сыпайы сөйлеп, үлкенді құрметтеп, кішіні қадірлейді. Ол жамандықты жақсылыққа айналдырып, өз ақылдылығын ісімен көрсете біледі.