Оқушылардың топтық - шығармашылық жұмыстарын таныстыруы
Сабақ туралы мәлімет
- Өңір, мектеп
- Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №247 орта мектеп
- Пән мұғалімі
- Тарих пәні мұғалімі — Абуова Ақмарал Сапарғалиқызы
- Сабақ тақырыбы
- 1920–1930 жылдардағы Қазақстанның мәдениеті
- Сабақ түрі
- Дәстүрлі
- Сабақ типі
- Өткен сабақты пысықтау және бекіту сабағы
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет, география, бейнелеу өнері, ән-әуез, геометрия
- Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, слайдтар, фотосуреттер, 1920–1930 жылдардағы Қазақстан картасы
Сабақтың мақсаты
Білімдік
ХХ ғасырдың 1920–1930 жылдарындағы Қазақстан мәдениетінің жай-күйі туралы жан-жақты мағлұмат беру, ұлттық бірыңғай тестілеуде жиі кездесетін тапсырмаларды шешу арқылы ҰБТ-ға дайындықты жүйелеу.
Дамытушылық
Қосымша құжаттар, деректер және әдебиеттермен жұмыс істету арқылы есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденіске ынталандыру және оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік
Отанға және халыққа сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, патриоттыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Топпен жұмыс
- Дискуссия
- Finding
- Matching
- Testing
- ТАРСИЯ
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Сыныпты түгендеу.
- Оқушыларды топтарға бөлу.
2) Өткен сабақты пысықтау
Қайталау сұрақтары мен тапсырмалар 4 бөлімге бөлінеді. Негізгі тақырып: «Қазақстанның 1920–1930 жылдардағы мәдениеті».
3) Дискуссия
Оқушылар топтық шығармашылық жұмыстарын таныстырады, ойларын дәлелдеп, ортақ қорытынды жасайды.
4) ҰБТ форматына жақын жұмыс
ҰБТ сұрақтарында жиі кездесетін күрделі тапсырмалар көбіне сандар мен жылдарға негізделеді. «Жылдар мен оқиғалар» бөлімінде берілген жылдарға сәйкес сол кезеңде болған оқиғаларды анықтау ұсынылады.
5) Finding: қима қағаз сұрақтары
Бұл бөлімде оқушылар жылдар мен оқиғаларды, ғалымдар мен жаңалықтарды қаншалықты меңгергенін көрсетеді.
1) Қазақстан ғылымының дамуына орасан зор үлес қосқан ғалымдардың бірі — Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Қ. И. Сәтбаевқа қоғамға сіңірген еңбегі үшін Лениндік сыйлық қай жылы берілді? Сондай-ақ ол құрастырған орта мектепке арналған алғашқы оқулық қалай аталды?
Жауабы: 1942 жыл. «Алгебра» оқулығы.
2) КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы қай жылы құрылды?
Жауабы: 1932 жыл, наурыз.
3) 1938 жылы КСРО ҒА-ның Қазақ филиалының төрағалық қызметіне кім тағайындалды?
Жауабы: академик А. Д. Архангельский.
4) Қазақстанның Ғылым академиясы қай жылы құрылды?
Жауабы: 1946 жыл, 1 маусым.
5) КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылымдық жағынан алғашында қанша секторға бөлінді?
Жауабы: Екі сектор: зоологиялық және биологиялық.
6) Қазақстанның табиғи байлықтарын зерттеушілерді атаңыз.
Жауабы: Губкин, Курнаков, Сәтбаев.