Карама - қарсы эстафета

Сабақ туралы ақпарат

Пәні
Дене тәрбиесі
Сыныбы
2 «Б»
Мектебі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №85 орта мектеп
Мұғалімі
Ерішов Серік Қайыржанұлы
Сабақтың тақырыбы
Қарама-қарсы эстафета

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Оқушылардың тақырып бойынша білімін жетілдіру, қарама-қарсы эстафетаның әдістері мен техникасын түсіндіріп, меңгерту.

Дамытушылық

Оқушылардың денсаулығын нығайту және спорттық ойындарға қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Елімізде өткен алғашқы Қысқы Азия ойындарының маңызын, олимпиадалық қозғалыс пен салауатты өмір салты қағидаларын насихаттау; оқушылардың өз еліне деген ұлттық мақтанышын қалыптастыру.

Сабақтың форматы

Түрі
Дәстүрлі сабақ
Типі
Білім, білік және іскерлік дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың барысы

1

Дайындық бөлімі

Сабаққа ұйымдастыру, қауіпсіздік ережелерін еске түсіру және жалпы қыздыру жаттығулары.

2

Негізгі бөлім

Қарама-қарсы эстафетаның ережелері, әдістері мен техникасын үйрену; қозғалыс дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар.

3

Қорытынды

Сабақты қорытындылау, тыныс алу жаттығулары және кері байланыс.