Аяулы анашым

8 наурызға арналған ертеңгілік сценарийі

Аяулы анашым! — 8 наурыз, Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік. Бұл мереке — аналарға, әжелерге, қыздарға деген алғыс пен құрметтің, мейірім мен махаббаттың жарқын көрінісі.

Кіріспе өлең

Аналарды сүйеміз, сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап, әжеге бас иеміз!

Сенен өскен балалар — батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мерекемен, құрметті апа, аналар!

Жүргізушінің құттықтауы

Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен көктемдей құлпырған қыздар! Гүл көктем, ару көктем, күн көктем! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің түкпір-түкпірінде тойланатын 8 наурыз — әжелер, аналар, қыздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз! Бұл жарық дүниенің мәні де, сәні де — сіздер. Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым!» атты ертеңгілігін қабыл алыңыздар.

Сахна нұсқауы

Балалар залға көңілді әуенмен кіреді: алдымен ұлдар бір шеңбер жасап айналып, тоқтайды. Содан кейін қыздар билеп кіріп, бір рет шеңберді айналып, ұлдарға қарама-қарсы тұрады. Ұлдар бір-бірден барып, қыздардың қолынан ұстап орындыққа отырғызады. Одан соң өздері отырады.

Сұрақ-жауап (жүргізуші мен балалар)

Жүргізуші: Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгін қандай мереке?

Балалар: Аналар мерекесі!

Жүргізуші: Балалар, ең асыл жан кім?

Балалар: Ана!

Жүргізуші: Қызығыңда да, бұзығыңда да көтеретін кім?

Балалар: Ана!

Жүргізуші: Үнемі жанында періштедей қорғаштап, демеу беретін кім?

Балалар: Ана!

Жүргізуші: Осындай үлкен мерекеде аналардың жүзіне аз да болса қуаныш сыйлағымыз келе ме?

Балалар: Иә!

Жүргізуші: Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, аналарға арнап ән айтайық.

Ән

Ән: «Апатайым, анашым» (хор).

Ақ анашым, әппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Арналады сіздерге —

Бар баланың тақпағы.

Балалардың тақпақтары

Дамир

Наурыздың сегізі — сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың — анаға айтар лебізі.

Т. Көркем

Әр сөзімді жаттаған, жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам — айналайын, ақ анам!

Асылжан

Әлпештеген, аялаған, ақ сүт берген апатайым!
Сәлем жолдап бүгін саған, мерекеңмен құттықтаймын!

Алинұр

Анаң болса қасыңда — басқа бақыт не керек?
Аналардың жүрегі мейірімді ғой керемет.

Інжу

Айналайын анашым, әлпештеген баласын.
Еміп өскен бөбекпіз — анамыздың мамасын.

Көктем туралы бөлім

Ақ қар еріп, су көбейіп, сай-салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып, гүл бәйшешек басады.

Жүргізуші: Балалар, айтыңдаршы, бұл қай кезде болады? Көктем мезгілінде.

Көктем келеді. (Балалар ата-аналармен амандасады.)

Жүргізуші: Көктем, қош келдің, төрлет, Көктем! Біз сені көп күттік! Біздің балалар көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғанын тамашалаңыздар!

Би бағдарламасы

Мерекеге арналады бүгін билер, көтерілсін көңіл күй! Алдарыңызда қазір — ұлдар биі. Қол соғып демеу беріңіздер!

Би: «Ұлдар биі» (орындайтын — ұлдар).

Көрініс

Көрініс: «Үш қыз» (татар халық ертегісі желісімен).

Құттықтау тақпақтары (жалғасы)

Бақтияр

Мен анамды сүйемін, құшағына енемін.
Мәпелеген анамды қуантып деп келемін.

Әлішер

Бүгінгі көктем күнінде барлық адам қуанады,
Аналарды мерекемен құттықтайды балалар.

Мерей

Мені жақсы көреді, күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі — маған айтып береді.

Аңсар

Бәрімізге анамыз — біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мерекең, құттықтаймын, анашым!

Маруа

Бізді өсірген анажан, еңбегің де зор екен.
Құтты болсын, анажан! Құтты болсын мерекең!

Ерхан

Ақ қабақты анашым, күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын — айналайын анашым!

Аяулы анашым! Құрметті аналар, әжелер және ару қыздар, 8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға береке, көңілдеріңізге көктемнің шуақты нұрын тілейміз.