Көлем бірлігі - куб сантиметр

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Әуезов кенті

Бастауыш сынып мұғалімі: Сарсембаева Индира Жумабековна

Тақырып

Көлем бірлігі – куб сантиметр

Сыйымдылық бірлігі – литр

Мақсат

Оқушыларды көлем мен сыйымдылықты өлшеу бірліктерімен таныстыру; зейінін, жадын және тілін дамыту.

Әдістер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Талдау
  • Өздік жұмыс

Көрнекіліктер

  • Сызбалар
  • Кестелер
  • Суреттер

I. Ұйымдастыру кезеңі

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Күлкінің көмегімен біз танысамыз да, қоштасамыз да аламыз. Жымиыс сезіміміздің сырын ашуға жол ашады.

Шағын тапсырма

Күлкі арқылы көңіл күйіңді білдіріп көр. Бір-біріңе жымиып, күлкі сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй жұмысы: № 6.

III. Білімді тиянақтау

Ауызша жұмыс

Көбейту кестесін қайталау:

2 · 3 = 6

4 · 3 = 12

6 · 3 = 18

8 · 3 = 24

1 · 3 = 3

0 · 3 = 0

Есеп шығару

Қайыңның биіктігі 9 м, ал үй одан 3 м биік. Үйдің биіктігі қандай?

Шешуі: 9 + 3 = 12

Жауабы: 12 м

IV. Жаңа материалды түсіндіру

1) Мақсат қою кезеңі

Оқушыларды көлем мен сыйымдылықты өлшеу бірліктерімен таныстыру.

2) Оқулықпен жұмыс

Тапсырмалар: № 1, 2, 3, 4.

Текшенің қырларының ұзындықтары 3 см, 4 см, 5 см болса, оның көлемі неге тең?

Есептеу

3 · 4 · 5 = 60

Нәтиже

Көлемі: 60 см³

Қорытынды: Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі оның үш өлшемін (ұзындығы, ені, биіктігі) көбейту арқылы табылады.

Практикалық жұмыс

Тапсырмалар: № 5, № 6.

Көзбен көріп салыстыру: суретте көлемі бірдей ыдыстар бар ма?

Талқылау сұрақтары

  • Оны қалай тексеруге болады?
  • Қай ыдыстың сыйымдылығы бірдей екенін дәлелдеу үшін қандай өлшеу бірлігін қолданамыз?