Төле бала

Сабақтың тақырыбы

Шешендік сөз — асыл ойдың өрнегі

Білімділік

Оқушыларға ата-бабамыздан қалған асыл мұралардың бірі — шешендік өнер туралы мағлұмат беру. Қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға жеткен асыл сөздерімен таныстыру.

Дамытушылық

Шешендік сөздер арқылы оқушыларды зерделі, білікті, білімді, ой-қиялы ұшқыр, ақылды, парасатты, тапқыр болуға баулу.

Тәрбиелік

Шешендік сөздер арқылы оқушыларды атадан қалған сыйластық, инабаттылық, достық, жолдастық сияқты асыл қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері

  • Баяндау
  • Сұрақ-жауап
  • Сахналық қойылым

Көрнекілігі

Интерактивті тақта Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би суреттері «Шешендік сөздер» кітабы Нақыл сөздер

Шешендік сөздер — терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармашылығы. Ол тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөздің үлгісі.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Негізгі бөлім: сәлемдесу

Оқушылар, орындарыңыздан тұрып, сабағымызды амандасу рәсімінен бастайық.

Сәлемнің сұлуын — ұсындым гүл етіп,

Жүректің жылуын — ұсындым ту етіп.

Аялы алақан нұрлансын дала таң.

Кіріспе сөз (мұғалім)

Оқушылар, бізге сонау замандардан бері ата-бабаларымыздан қалған мол мұралар бар. Олардың қатарында:

  • Ескірмейтін есті сөздер
  • Мақал-мәтелдер
  • Нақыл-өсиет сөздер
  • Шешендік сөздер

Шешендік сөз — дүйім жұртты аузына қаратқан асыл ойдың өрнегі. Ол ауызша айтылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып бізге жеткен өнер.

Ел арасындағы дауды бір ауыз сөзбен әділ де шебер шешіп берген шешендер — Жиренше, Қарашаш, Төле би, Әйтеке би және өзге де даналар — халқымыз қадірлеген асыл мұраның иелері.

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Қазақ талай заманды бастан өткеріп, мұқалмай қалған батыр, ақын, шешен, дана, дара халық.

2-жүргізуші

Қазақтың шешендік сөздері бата-тілектен басталып, өнегелі өсиетке ұласады; жер дауы, ер құны, жесір дауы сияқты өмірлік тартыстарда келіс сөздің өзегіне айналған.

1-жүргізуші (өлең)

Бабаларым, рақмет сендерге!

Балаларым болмасын деп көркеуде,

Домбыраңмен қосып ән мен күй бердің…

Тұрмағанбеттің термесі (Құрманбекова Г.)

Көрініс: Төле бидің шешендігі

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен, атақты абыз билердің алдынан өтіп, батасын алады. Бір күні Төле әкесіне келіп, ел бірлігі туралы әңгіме тыңдайды да: «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай?» — деп сұрайды.

Әкесі жауап бермес бұрын бір бума шыбық алдырып: «Балам, мынаны сындырып көрші», — дейді. Төле буылған шыбықты сындыра алмайды. Сонда әкесі: «Енді біртіндеп сындыршы», — дейді. Төле шыбықты шешіп алып, біртіндеп оп-оңай сындырып шығады.

Түйін

«Ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. “Саяқ жүрген таяқ жейді”. Бірлік жоқты жау да, дау да оңай алады».

Әкесі батасын беріп: «Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл», — дейді.

Нақыл сөздер — ақыл сөз

Ата-дәстүр абырой көтергенде, аталы сөздің салмағы артады. Ендеше, нақыл мен өсиеттің мәйегіне тоқталайық.

1-оқушы (Гүлзат)

Жар басына үй тікпе,

Жар құласа — үй кетер.

Ала болса ағайын,

Рулы елден күй кетер.

Аңдыған дұшпан күшейіп,

Жау қасында бас кетер.

2-оқушы (Бауыржан)

Суық су ішпе, жігіттер,

Сусыныңды қандырмас.

Бедеу аттың белгісі —

Бес түн қатырса болдырмас.

Қаса нардың белгісі —

Шамасын сорға шалдырмас.

Қос жүйріктің белгісі —

Құйрығынан алдырмас.

3-оқушы (Серікболсын)

Сырттан келген мейманға

Сәлем беріп, қол алсаң —

Бірінші еткен құрметің.

Есік ашып, енгізіп,

Көрпе төсеп, құп алсаң —

Үшінші еткен қызметің.

Мейман ырза болғаны —

Құрметпен үйге қонғаны.

Кешіктірмей шай берсең —

Ұмыт болар тоңғаны.

4-оқушы (Рүстем)

Тоғай толған тал едім, таяқ қылса шарам не?

Айдын шалқар көл едім, құдық қылса шарам не?

Жапалақ құс мақтанса, «жардан тышқан алдым» дер.

Жаман адам мақтанса, «жақсының аяғынан шалдым» дер.

Көкірек таза болмаса, көз тазасы не керек?

Денең таза болмаса, тіл тазасы не керек?

5-оқушы (Жанерке)

Тасыма, жігіт, тасыма!

Тасыған жетер басыңа.

Ителгідей томарсаң, кім келеді қасыңа?

Күшігендей солқылдап күлгенің не досыңа?

Жақсылыққа қуанып, жамандыққа жасыма,

Өле-өлгенше тұрмайды — жақсылық пен жамандық

Бір кісінің басында.

Өнер алды — қызыл тіл

Өнер алды — қызыл тіл.

Қызыл тілін безеніп, шешен жігіт дауда ойнар.

Ақ балтырын түрініп, палуан жігіт тойда ойнар.

Баданасын киіп ап, бар қайратын жиып ап,

Жасыл туын көтеріп, шашақты найза қолға алып,

Батыр жігіт жауда ойнар.

Көрініс: Тұрмағанбеттің тапқырлығы

Ақын Тұрмағанбет жиында жастармен жұмбақ айтысып отырады. Жастар арасынан Әлия есімді қыз: «Ағай, сізге жұмбақ айтуға бола ма?» — деп именеді. Ақын: «Айта отыр, қарағым», — дейді.

Әлияның жұмбағы

Төбетейім іші толған сөк.

Таң атқан соң қарасам — жоқ.

Ол не?

Ақын әзілдеп: «Шешуін таппадым», — дейді де, өзі қарсы жұмбақ жасырады:

Тұрмағанбеттің қарсы жұмбағы

Төбетейімнің ішінде сөк жоқ.

Жастар: «Мұндай жұмбақ болмайды», — деп шу етеді. Сонда Әлия: «Менікі — жұлдыз», — дейді. Ақын іліп әкетіп: «Менікі — құндыз», — деп жауап береді.

Әлия тағы жұмбақ айтады: «Таудан тас домалаттым. Ол не?» Ақын жорта: «Білмеймін», — дейді де: «Таудан тас домалатқан жоқпын», — деп тағы қарсы жұмбақ айтады.

Жастар тағы дауласады. Сонда Әлия: «Менікі — түйенің құмалағы», — дейді. Ақын: «Менікі — түйенің жұмалағы», — деп тапқырлық танытады.

Сергіту сәті: «Кім жылдам?»

Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз:

  1. 1. Мектеп — ____________, білім — ____________.
  2. 2. ____________ сүйсіндіреді, ____________ күйіндіреді.
  3. 3. Ұяда ____________, ұшқанда ____________.
  4. 4. Ер ____________, ез ____________.
  5. 5. Тентектің ақылы — ______________________________.

Адасқан әріптер: сәйкестендір

Көп жасаған қария — ақылы теңіз дария. Көп өнеге сөзі бар, сөзі соқпақ, өзі нәр. Осы орайда ауылымыздың ардақты азаматы, шешендік сөздің шебері, жырау — Тоқсанбаев Дінислам ағамызды ортаға шақырып, асыл мұрадан төгілген өнегелі сөзді тыңдайық.

Айтыс өнері

Ғасырлар бойы өмір тәжірибесінің нәтижесінен жиналған асыл мұраның бір арнасы — шешендік ойдың зергері болған айтыс өнері. Енді бір сәт айтысқа кезек беріп, аталы сөзге тоқтай білген айтыскер қыздарымызды ортаға шақырайық: Гүлдәрі және Таңшолпан.

Сахналық бөлім

Айтыс өнері (орындау)

Қорытынды (мұғалім сөзі)

Оқушылар, бүгінгі сабағымызда ел болашағын ойлаған от ауызды, орақ тілді шешендерден қалған асыл мұрадан көп ой түйдік. Біздің арамыздан да болашақта сөз қадірін білетін, елдің еңсесін көтеретін тұлғалар — Тұрмағанбеттей жыр дүлдүлдері, үш жүздің басын қосқан Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді билердей әділ де парасатты азаматтар шығатынына сенім мол.

Ізгі тілек шеңбері

Сабақты бір-бірімізге ізгі тілек айтып аяқтайық. Оқушылар шеңбер жасап тұрады: «Берікбол, саған сәттілік тілеймін…», «Әсемпаз болма әрнеге…» — деп жалғастырады.