Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, топқа бөлу

Сабақтың тақырыбы

3-сыныпқа арналған сабақ: «Кілт сақтаушы — Соль». Негізгі мақсат — соль және ля ноталарын дұрыс танып, ән айту арқылы бекіту.

Ән

«Көбелек»

Әні: К. Қуатбаев

Ән

«Ақ лақ»

Әні: М. Әубәкіров

Ән

«Ақ мамам»

Әні: Ә. Бейсеуов

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Музыка саласындағы білімін жетілдіру, бағыт-бағдар беру, ізденіске жетелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, музыкалық естуін қалыптастыру; есте сақтау дағдысын және пәнге қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу; азаматтық рухты қалыптастыру; алған білімді өмірде қолдана білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

  • Ноталардың орналасуын ажырата алады.
  • Анықтамаларға сәйкес ноталарды дұрыс орналастыра алады.
  • Музыкалық қабілеттері дамиды.
  • Қызығушылықпен, белсенді жұмыс істейді.

Бағалау өлшемдері

  • Сұрақ қою және жауап беру сауаттылығы (ассоциация, «галереяға саяхат», сұрақ-жауап).
  • Музыкалық жазбаны және әнді дұрыс орындауы.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ. Сабақ құрылымы СТО технологиясы (сын тұрғысынан ойлау) негізінде ұйымдастырылады.

Әдіс-тәсілдер

  • Топтастыру
  • Сұрақ-жауап
  • «Аквариум» әдісі

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Плакаттар
  • Аспаптың электронды нұсқасы
  • Электронды оқулық

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
  • Топқа бөлу, жұмыс ережесін келісу.

II. Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа бағыттайтын сұрақтар:

  • Нота сызығының басында ең алдымен қандай кілт тұрады?
  • Неліктен ол «соль кілті» деп аталады?

Соль нотасы нота сызығының екінші сызығында орналасады. Скрипка кілті «соль кілті» деп аталу себебі — кілттің белгіленуі де дәл осы екінші сызықтан басталып, соль нотасының орнын көрсетеді.

Ля нотасы екінші және үшінші сызықтың арасында орналасады.

Ой қозғау сұрақтары

  • До нотасы қай жерде орналасады?
  • Нота сызығы нешеу?
  • До мен фа ноталарының арасында қандай ноталар орналасқан?

Ойла, жинақта, түйінде

Оқулықтағы тапсырмалар топпен орындалады. Оқушылар жұмбақтардың жауабын тауып, ноталарды қайталайды.

Жұмбақ: Орындалсын асқақ ән, қандай нота бастаған? До

Жұмбақ: Жаттығулар жасауға көмектескен, қандай нота құлақтың үнін тескен? Ля

Жұмбақ: Ми мен сольдың жолдасы, қандай нота болады? Фа

Жұмбақ: Скрипка кілті менімен басталады, мен қандай нотамын? Соль

Жұмбақ: Ре мен бірге күн кешкен, фа сіңілім бірге өскен — мен қандай нотамын? Ми

Жұмбақ: Бес сызықтың астында, доның ылғи қасында — бұл қай нота? Ре

Сергіту сәті

До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до.

Біліміңді байқап көр

Топпен және жекелей жұмыс. Электронды оқулықпен тапсырмалар орындалады. Жекелеген оқушыларға тапсырма жазылған карточкалар ұсынылады.

1-тапсырма: буынға бөлу

Бір жолда неше буын барын анықта:

Алақай-ау, алақай!

Дала қандай кең еді.

Бәрі мендей балақай,

Асыр салып келеді.

2-тапсырма: күйшілерді тап

Берілген адамдардың ішінен күйшілерді анықта:

  • Дина Нүрпейісова
  • Әсет Бейсеуов
  • Марат Омаров
  • Мұқағали Мақатаев

3-тапсырма: сәйкестендіру

Аспаптардың орындалу тәсілін сәйкестендір:

Аспап Орындалуы
Домбыра шертіп ойнайды
Жетіген шертіп ойнайды
Қобыз ысқышпен ойналады
Данғыра ұрып ойнайды
Сылдырмақ сілкіп ойнайды
Сыбызғы үріп ойналады

Тест тапсырмасы топтық жарыс түрінде өткізіледі.

Ән айту және шығармашылық ізденіс

Ән

«Көбелек»

1-топ: сөз құрастыру

Әр нотаның қасына әріп жалғап, сөз құрастыр:

До – Ре – Ми – Фа – Сол – ь – Ля

Өзіндік жұмыс

Шифрланған сөз

2-топ: «Ф» әрпін алып таста

«Ф» әрпін алып тастағанда, жасырын сөз оқылады:

фтфуфғфафнфдфа фдфүфнфифе фефсфіфгфіфн фафшфафдфы фофлфефң

Ән

«Ақ мамам»

3-топ: ассоциация

«Ақ мамам» сөзіне ассоциацияларыңды жаз.

Ассоциация 1
Ассоциация 2
Ассоциация 3
Ассоциация 4

III. Білімді бекіту

«Галереяға саяхат»

Тапсырма: ноталарды пайдаланып, бірнеше сурет құрастырып шығу.

IV. Үй тапсырмасы

Ноталарды өз орнына қойып, дұрыс орналастыр.

V. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, сұрақ-жауапқа қатысуы және музыкалық тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.

Ақпарат

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы, М. Б. Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешені.

Музыка пәні мұғалімі: Сарсенгалиева Жаннагүл Ануарқызы