Қолданылатын әдіс - тәсілдер. Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыландыру
Елдің жаңа орталығы – Астана
Бұл материал қазіргі Елорда – Астана қаласы туралы жалпы мағлұмат беруге, оның қалыптасу тарихын түсіндіруге және Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарттарын талдауға бағытталған.
Мақсаты
-
Оқушыларға Астана қаласы туралы тарихи және танымдық ақпарат беру, елорда туралы білімін кеңейтуге жағдай жасау.
-
Тапсырмалар арқылы орындаушы ұғымын меңгерту, әрекет барысында дағдыларын дамыту.
-
Тақырып ұғымын түсіндіру, түрлерін ажырата білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже
Ойды жүйелеу
Оқушылар өз пікірін нақты, жүйелі әрі дәлелді жеткізе алады.
Қызығушылық пен қабілет
Жаңаша тәсілдер арқылы пәнге қызығушылығы артып, оқу дағдылары нығаяды.
Қолданылатын модульдер
Әдіс-тәсілдер
Интерактивті тәсілдер
- Миға шабуыл
- Сақина салмақ
- Жұптық әңгіме
Ойын және визуал тәсілдер
- Аялдама ойыны
- Суреттер сөйлейді
- «Кім жүйрік?»
Қолданылатын ресурстар
- Флипчарт, маркерлер
- Портреттер, тақта
- Стикерлер
- Ноутбук
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг«Мозайка» әдісі бойынша суреттер арқылы сыныпты топқа бөлу. Топтық жұмысқа дайындық жасап, психологиялық ахуал қалыптастыру.
2) Білімді өзектендіру
Қызығушылықты ояту«Миға шабуыл» тәсілімен жылдам сұрақ-жауап ұйымдастыру.
3) Түсіну
Сұрақтар мен тапсырмалар«Сақина салмақ» арқылы сұрақтар мен шағын тапсырмалар беру.
4) Қолдану
Жұптық әңгіме«Астана – Қазақстанның жаңа астанасы» тақырыбы бойынша жұптық әңгіме жүргізіп, тапсырмалар арқылы білімді қолдану.
5) Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс«Балапандар биі» жаттығуын орындау.
6) Талдау
«Кім жүйрік?» / «Аялдама»«Аялдама ойыны» арқылы тақырыпты терең ашуға арналған тапсырмаларды орындау.
7) Жинақтау
«Кім жылдам?»«Кім жылдам?» әдісі арқылы негізгі ойларды қорытындылау.
8) Бағалау
Өзін-өзі бағалау (2 минут)«Бағдаршам» әдісі және бағалау парақшалары арқылы өзін-өзі бағалау жүргізу.
9) Рефлексия
СтикерлерОқушылар стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерін, түсінгенін және сұрағын жазып, кері байланыс береді.