Бағдарламаның авторы
Бағдарлама авторы
И. Искандеров атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі — Асипова Русиям Касимовна.
Пәні: «Әдеп», 3-сынып. Үйірме сабағына арналған күнтізбелік жоспар.
Түсінік хат
Әдептіліктің жеке адам өміріндегі орны
Әдептілік қағидалары — мінез-құлықтың маңызды нормалары. Мінез-құлық — адам бойына сүтпен кіріп, сүйекпен шығатын қасиет болғандықтан, оқушыны әдептілікке жастайынан баулу қажет.
Ең алдымен оқушы әдептіліктің мәнін дұрыс түсініп, жеткілікті білімге ие болуы тиіс. Адам әдеп туралы дұрыс түсінік пен білімге қанық болғанда ғана, оның нормаларын сақтаудың қажеттілігіне көз жеткізеді.
Әдеп белгілі бір қоғамның рухани қажеттілігі негізінде қалыптасып, өзіндік белгілері мен сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын адамдарды біріктіретін қуатты құрал қызметін атқарады.
Демек, әдеп — қоғамдағы келісімді іс-қимылды көріктендіретін тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық құрал. Сондықтан адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, өзгелермен қарым-қатынасынан байқалады.
Әдептілік салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болады. Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам. Әдепті оқушы — қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі.
Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы да бақуатты болады.
Бағдарлама туралы қысқаша мәлімет
- Бағдарлама атауы
- «Әдеп»
- Сынып
- 3-сынып
- Аптасына
- 1 рет
- Жалпы сағат саны
- 34 сағат
Бағдарламаның мақсаты
Білімділік
Әдептілік ережелері мен адамгершілік қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың танымдық белсенділігін, сөздік қорын және ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік
Сыйластыққа, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Бағдарлама бөлімдері
- I Мектепте өзін-өзі ұстау тәртібі
- II Достық қарым-қатынас
- III Адамдармен жақсы қарым-қатынас
- IV Сөйлесу әдебі
- V Басқаны түсіну
- VI Еңбексүйгіштік
- VII Тазалық және әдемілік