Аймауытов кім

Сабақтың тақырыбы

Қазақ әдебиеті: Ж. Жабаев«Менің өмірім (өмірбаяным)», «Аттандыру».

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ж. Жабаевтың өмір жолына шолу жасап, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен маңызын түсіндіру; «Аттандыру» өлеңінің идеялық мәнін ашу.

Тәрбиелік

Ақынның өмірбаяны мен өлеңін оқыту арқылы елге, тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Өлең мәтінімен жұмыс істету арқылы тіл байлығын, сөздік қорды дамыту; есте сақтау қабілетін жүйелі жетілдіру; еркін ой айтуға дағдыландыру.

Сабақтың форматы

Түрі

Дәстүрлі сабақ

Типі

Аралас сабақ

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу
  • ББҮ әдісі
  • «Ойлан тап» ойыны

Қамтамасыз ету

  • Көрнекілік: слайд, қосымша әдебиеттер
  • Техникалық құрал: интерактивті тақта
  • Пәнаралық байланыс: тарих, халық ауыз әдебиеті

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
  • Оқу құралдарын тексеру
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі бойынша Ақтамаққа қатысты хикаяны аяқтап жазу.
  2. Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу.

III. Үй тапсырмасын бекіту (жұптық сұрақтар)

  • Ж. Аймауытов кім?
  • Ж. Аймауытовтың қандай шығармаларын білесің?
  • «Әнші» әңгімесінің жалпы мазмұны не туралы?
  • Оқиға қай жерде өрбиді?
  • Әңгіменің кейіпкерлерін ата.
  • Әмірқанға мінездеме бер.
  • Әмірқанның прототипі кім?
  • Ақтамақ кім?
  • Ақтамаққа қатысты хикаяның қалай аяқталғанын қалар едің?

Жаңа сабақ: Ж. Жабаев әлемі

«Жамбыл дүниеге екі рет келді: тоғыз ай тоғыз күн — ана құрсағынан, тоқсан жасқа келгенде — заман құрсағынан».
Ғ. Мүсірепов

Жоспар

  1. Ж. Жабаевтың өмір жолы және «Менің өмірбаяным»
  2. Жамбылдың ақындық жолға түсуіне әсер еткен себептер
  3. Дастан атаның қаламынан туған алғашқы өлеңдер
  4. Айтыстың асқан шебері (Құланаян Құлмамбетпен айтысы)
  5. «Аттандыру» өлеңінің мазмұны мен құрылымын талдау

Өмірі мен шығармашылығының кезеңдері

I кезең

1846–1916

II кезең

1917–1940

III кезең

1941–1945

I кезең (1846–1916): бастау және қалыптасу

1846 жылғы 28 ақпанда Жамбыл дүниеге келді. Туған жері — Жамбыл тауы.

Өлең жолдары

Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей — көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,

Жамбыл деп қойылыпты атым содан.

13 жасында Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, атақты Сүйінбай ақыннан бата алған.

«Менің пірім — Сүйінбай»

Менің пірім — Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай.

Сүйінбай деп сөйлесем,

Сөз келеді бұрқырап,

Қара дауыл құйындай.

Алғашқы өлеңдеріне назар

«Шағым», «Әкеме», «Менің пірім — Сүйінбай».

Мәтінмен жұмыс

«Шағым» өлеңінен үзінді

үзінді

Оқымаймын молдадан,

Не оқытпақшы ол маған?

Бала келсе сабаққа,

Жем қылатын дорбадан.

Ақ сәлдесін төңкеріп,

Көзін жұмып теңселіп,

Күн ұзынға боздаған.

Оқығанша мен одан,

Домбыраны қолға алам.