Салық төлеушінің тіркеу
Астана қаласы
Оқытушы: Түлегенова М. Ш.
Тақырып
Арнаулы салық режимі
Сабақ типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі
Ойын элементі енгізілген сабақ
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Арнаулы салық режимдерінің мәнін, ерекшеліктерін және соларға байланысты түрлерін қарастыру.
Білімділік
Оқушылардың бұрынғы білімдеріне сүйене отырып, арнаулы салық режимдерінің мәнін ашу және түсінік қалыптастыра отырып меңгерту.
Дамытушылық
Логикалық ойлау белсенділігін, ой ұшқырлығын, интеллектуалдық қабілеттерін жетілдіру; топтық жұмысқа икемділігін және көшбасшылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Тәртіптілікке, жауапкершілікке баулу; ұжымдық жұмыста ортақ мақсатқа жетуге, іскерлікке, нақты шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Сабақты жабдықтау
- Интерактивті тақта
- ҚР Салық кодексі
- Слайдтар
- Калькулятор
- Таратпа материалдар
І. Ұйымдастыру кезеңі
- 1) Сәлемдесу.
- 2) Сабаққа дайындықты тексеру.
-
3) Психологиялық дайындық.
Оқушыларды сабаққа бағыттау, сабақтың ашық сабақ екендігін және бүгінгі жұмыстың ерекшелігін түсіндіру (екі топқа бөліну арқылы).
ІІ. Өткен тақырыптарды қайталау
Дәйексөз
«Сендер ашық, демократиялық қоғам құндылықтары негізінде тәрбиеленген ұрпақсыңдар. Сондықтан келешек мақсаттарың айқын, жолдарың даңғыл. Ал еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл, намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады».
Н. Ә. Назарбаев
Миға шабуыл: «Ойлан, тап»
Интерактивті тақтадағы ұяшықтарда берілген сандар арқылы сұрақтарға жауап беріп, жаңа сабақтың тақырыбына қатысты сөз құрастырылады.
- 1. Аудармасы латынның «кесу» деген сөзінен шыққан жанама салық түрі? Акциз
- 2. Салық кезеңі ішінде 183 күнтізбелік күн Қазақстанда болған жеке тұлға? Резидент
- 3. Салық төлеушінің тіркеу ... ? Нөмірі
- 4. Кеден төлемдері мөлшерлемесінің түрі қалай аталады? Адвалорлық
- 5. Салық төлеуге қатысты орган? Уәкілетті орган
- 6. Салық төлеушіге белгілі бір құқықтық мәртебе беру үшін мүлікті заңдастыру қалай аталады? Легализация
- 7. Салық қызметтерінің бір түрі? Ынталандыру
- 8. Салық базасының өлшем бірлігіне қолданылатын салықтық есептеу шамасы? Ставкасы
- 9. Заңдық мәні бар әрекеттерді жасау үшін мемлекетке төленетін төлем қалай аталады? Алым
- 10. Салық қызметі органдарының ... адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңмен қорғалады. Лауазымды
- 11. «Салық» сөзінің төртінші әрпі? Ы
- 12. Айналымға салынатын салық түрі қалай аталады? Қосылған құн салығы
- 13. Пайдалы қазбаларды өндіру үшін төленетін төлем? Роялти
- 14. Салық төлеуші міндетті төлемдер сомасын ... ? Есептейді
- 15. Меншігіндегі жер телімі бойынша тұлғалар төлейтін салық түрі? Жер салығы
- 16. Мүлік салығын төлеушілердің құқығы? Иемдену
- 17. Салық сомасы қайда түседі? Мемлекет кірісіне
- 18. Латын тілінен аударғанда «мекенжай» сөзі қалай аталады? Домицилий (резидент ретінде танылуға негіз болатын белгі)
- 19. Салықтық кезең аяқталғаннан кейін салық органына не тапсырылады? Есептілік
-
20. Пайыздық мөлшерлеменің түрі?
Регрессивтік
Объект ұлғайған сайын төмендейді, ал объект азайған сайын ұлғаяды.
- 21. ... жүзіндегі салықтарға нақты табысқа, мүлік жағдайына және субъектінің жағдайына байланысты салықтар жатады. Іс жүзіндегі
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
1) Арнаулы салық режимдері: салық төлеушілер және қолдану тәртібі
Жаңа тақырып слайдтар арқылы түсіндіріледі: арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілер, талаптар және қолдану реті қарастырылады.
Кластермен жұмыс: «Өрнек құру»
Интерактивті тақтада берілген схемаларды жинақтай отырып, екі топ кластер құрастырады. Карточкаларды дұрыс құрастыру арқылы балл жинайды.
2) Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі
Қолдану ерекшеліктері түсіндіріледі: кімдер қолдана алады, қандай шарттар сақталады және есептеу/төлеу тәртібіндегі айырмашылықтар талданады.
3) Тестпен жұмыс: «Білгенге маржан»
15 сұрақтан тұратын тест орындалады. Арнайы дайындалған пиктограмма бойынша жұмыстар жедел тексеріліп, дұрыс/бұрыс жауаптар бірден анықталады.