Ағаштардың досы кім
Білім саласы және бөлім
Білім саласы
Әлеуметтік орта
Бөлімі
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы
Құстар – біздің достарымыз
Бұл сабақта балалар Қазақстанда мекендейтін құстар туралы мәлімет алып, тақырып бойынша ауызекі сөйлеу және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытады.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Қазақстанда мекендейтін құстар туралы білімін қалыптастыру.
- Ауызекі сөйлеу және сөйлесу дағдыларын жетілдіру, толықтыру.
Дамытушылық
- Ойлау, есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту.
- Ой қорытуға, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
- Ой-өрісін кеңейтіп, танымдық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік
- Елімізге, табиғатқа және құстарға сүйіспеншілік сезімін арттыру.
- Табиғатты, құстарды қорғауға және қадірлеуге баулу.
Көрнекілік және әдіс-тәсілдер
Көрнекілік
- Құстардың суреттері
- Үлестірмелі материалдар
- Көрнекілік топтамалары (слайд)
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Шаттық шеңбер
- Әңгімелеу
- Ойын, тақпақ
- Сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың барысы
Мотивациялық кезең: «Шаттық шеңбері»
Өлең
Шеңбер болып тұрайық.
Әлемде нұр, тыныштық,
Әрбір бейбіт күн ыстық!
Қайырлы таң, балалар!
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Балалардың әрекеті
Балалар шеңбер бойымен тұрып, қимыл-қозғалыс арқылы амандасады.
Іздену кезеңі: табиғатпен әңгіме
Өлең
Табиғат — ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Сұрақ
Бұл өлеңде не туралы айтылған?
Балалардың жауабы: Табиғат туралы.
Сұрақ
«Табиғат» дегенде нені түсінеміз?
Жауап: Жер, су, ағаштар, гүлдер және бізді қоршаған орта.
Бақылау және талқылау
Балалар табиғаттың әсемдігін байқап, айналадағы ағаштарды атайды.
- Ағаштардың түсі: жасыл.
- Білетін ағаштар: терек, шырша, алма ағашы және т.б.
- Пайдасы: ауаны тазартады, көлеңке береді, үй салуға материал болады.
Қорытынды ой
Табиғаттағы тіршілік иелері бір-бірімен байланысты және бір-біріне дос болуы керек. Ағаштардың достары — адамдар: біз ағаштарды сындырмай, жұлмай, күтіп-баптауға тиіспіз.
Негізгі тақырып: құстар — біздің достарымыз
Ағаштардың тағы бір жақын досы — құстар. Құстар ағашқа қонып, зиянкестерді (құрттарды) теріп жейді. Сондықтан құстарды қорғау — табиғатты қорғаудың маңызды бөлігі.
Құстарды қалай бөлеміз?
Құстарды үй құстары және дала құстары деп екіге бөлеміз.
- Үй құстары қысы-жазы үй маңында мекендейді. Олардың қорегін адамдар береді.
- Дала құстары қорегін өздері табады. Кейбірі жыл мезгіліне қарай ұшып келіп, қайта ұшып кетеді.
Сұрақ-жауап
Сұрақ
Үй құстарын атаңдар.
Сұрақ
Қандай дала құстарын білесіңдер?
Мысалдар
Дала құстары: сауысқан, қараторғай, қарлығаш, бүркіт.