Оқушыларды әсем қаламыз Астанамен таныстыру
Сабақ тақырыбы
«Астана — Отанымның жүрегі» (2-сынып)
Сабақ мақсаты
- Оқушыларды әсем қаламыз Астанамен таныстыру.
- Елорда туралы білімдерін толықтыру.
- Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту.
- Туған жерін сүюге баулу, Отанды өркендететін білімді жас ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақ нәтижесі
Барлығы орындай алады
- Сұрақтарға жауап береді.
- Өз ойларын жеткізеді.
- Астана туралы мәлімет алады.
Көбісі орындай алады
- Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
- Сұрақтарға жауап береді.
- Суреттермен жұмыс жасайды.
Кейбіреуі орындай алады
- Туған жер туралы сурет салады.
- Астана туралы тереңірек танып біледі.
Бағалау және ұйымдастыру
Бағалау критерийі
- Жұптық және топтық тапсырмаларды орындау.
- Сабақ барысында тыңдаушылардың назарын өзіне аудара білу.
Ресурстар
- Астана қаласы туралы бейнеролик.
- Қаланың көріністері бейнеленген суреттер.
- Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар.
- Топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикерлер.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, жаратылыстану.
Сабақтың басталуы (5 минут)
Сабақ басы оқушының көңіл күйін көтеріп, сыныптың ортақ жұмысқа жұмылуына бағытталады.
Психологиялық дайындық
Армысың, туған жер!
Армысың, қонақтар!
Армысың, достарым!
Армысың, ұстазым!
Бәріңе тілеймін
Тыныштық әлемін.
Қызығушылықты ояту
- Оқушылар шеңберге тұрып, өз есімімен бірге жақсы тілектерін айтып танысады.
- Суреттер арқылы топқа бөлінеді.
- Әнұран орындалады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Балалар, біз күнделікті өмірде бір-бірімізбен сөйлесеміз, пікір алмасамыз, әңгімелесеміз. Біздің туып-өскен жеріміз — Қазақстан Республикасы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген қауіп-қатерден қорғап келеді. Жер бетінде азаттықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ.
Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Бүгінде Қазақстан дүниежүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатып, бүкіл әлем таныған елге айналды.
Енді бір ән тыңдаймыз. Тақтадағы сөздерді «бұлттан арылту» арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамыз.
Тақырыпты ашу
Ән: «Астана».
Иә, балалар, бүгінгі сабағымыз Елордамыз — Астана туралы.
Тақырыбымыз: «Астана — Отанымның жүрегі».
Картамен жұмыс және әңгімелесу
Сұрақтар
- Қазақстанымызда қандай қалалар бар?
- Біз Астана туралы не білеміз?
- Астанаға барған балалар бар ма?
- Картадан Астананы кім көрсетіп береді?
Ой қозғау
«Сақина салу» ойыны арқылы оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беріп, өз білімін көрсетеді.
Бекіту сұрақтары (ойын арқылы)
-
ҚР астанасы қай қала?
Жауабы: Астана.
-
Астананың көрікті жерлерін ата.
Мысалы: «Думан» ойын-сауық кешені, «Астана-Бәйтерек», Елбасының мәдени орталығы (мұражай), «Қазақ елі» монументі, Пирамида (Бейбітшілік және келісім сарайы), Ақорда.
-
Астана қаласының бас жоспарын құрған кім?
Жауабы: жапон сәулетшісі Кисё Курокава.
-
Қай жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып жарияланды?
Жауабы: 1998 жылғы 6 мамыр.
-
Астана туралы қандай фильмдер түсірілді?
Жауабы: «Астана — махаббатым менің» және т.б.
Мұғалім туралы ақпарат
Мұғалімнің аты-жөні: Рысбекова Ш. М.