Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолдары

Сабақ тақырыбы

Графикалық объектілерді және көркем жазуларды (WordArt) кірістіру

Пән

Информатика

Сынып

6-сынып

Сабақ түрі

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың мақсаттары

1) Білімділік

Оқушыларға мәтіндік құжаттарға графикалық кескіндерді кірістіру туралы мәлімет беру. Құжатқа сурет енгізу әдіс-тәсілдерін үйрету және көрсету.

2) Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін дамыту, танымдылық пен ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін жетілдіру және пәнге қызығушылығын арттыру. Құжатты безендіру үшін сурет енгізудің түрлі жолдарын меңгерту.

3) Тәрбиелік

Жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтауға және техникалық құралдарды ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.

Әдістер мен ресурстар

Сабақтың әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау
  • Өз бетімен жұмыс
  • Жеке жұмыс
  • Шығармашылық жұмыс

Көрнекіліктер мен құралдар

  • Интерактивті тақта, компьютер
  • Суреттер, карточкалар, электронды оқулық
  • MS Office бағдарламалары

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, сурет, математика

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Сәлеметсіздер ме? Сыныпты түгендеу.

Қауіпсіздік техникасы

Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз: әр оқушы бір ережеден айтады, қайталанбауы тиіс.

Жаттығу: «Сені көргеніме қуаныштымын…»

Мақсаты: қатысушылардың жағымды қасиеттерін анықтау.

Әрбір қатысушы көршісіне: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі…» деп айтады. Сөйлемді адамның сыртқы келбетіне емес, мінез ерекшелігіне қатысты сөзбен аяқтау керек.

II. Үй жұмысын тексеру: «Теңіздегі шабуыл» ойыны

Сұрақтар деңгейлер бойынша ұсынылады (A, Б, В, Г). Оқушылар ауызша жауап береді.

A деңгейі

  • A1: MS Word қандай бағдарлама?
  • A2: MS Word редакторын қалай іске қосамыз?
  • A3: Жаңа құжатты қай мәзірдің көмегімен ашамыз?
  • A4: Құжатқа кестені қалай енгіземіз?

Б деңгейі

  • Б1: (батырма) қызметі қандай?
  • Б2: (батырма) қызметі қандай?
  • Б3: (батырма) қызметі қандай?
  • Б4: (батырма) қызметі қандай?

В деңгейі

  • В1: (батырма) қызметі қандай?
  • В2: (батырма) қызметі қандай?
  • В3: Мәтінді енгізгенде Enter пернесін қашан басу керек?
  • В4: Бас әріп енгізу үшін қай пернені басулы күйде ұстаймыз?

Г деңгейі

  • Г1: Бас әріптер режимін қосатын перне қалай аталады?
  • Г2: Информатикалық жұмбақ
  • Г3: Информатикалық жұмбақ
  • Г4: Информатикалық жұмбақ

III. Жаңа тақырыпқа кіріспе (ой қозғау)

Төмендегі сұрақ-жауап арқылы бүгінгі тақырыптың атауы құрастырылады:

1. Мәтіндік процессор? Word
2. Септік жалғауы? -тың / -тің
3. “Grapho” сөзінің аудармасы? Графика
4. Сын есім тудыратын жұрнақ? -лық / -лік
5. “Возможности” сөзінің қазақша аудармасы? Мүмкіндіктер

Осы жауаптарды біріктіре отырып, бүгінгі тақырып ашылады:

Word-тың графикалық мүмкіндіктері

IV. Жаңа сабақ

Бүгін мәтіндік құжатқа графикалық элементтерді енгізу жолдарын қарастырамыз. Word-та тек мәтін теріп қана қоймай, құжатты безендіру үшін әртүрлі суреттерді кірістіруге және фигуралық мәтін (WordArt) қолдануға болады.

Графикалық кескіндерді дайын суреттер кітапханасынан таңдауға немесе кез келген графикалық редакторда жасап, кейін құжатқа кірістіруге болады.

Дайын сурет қорынан сурет кірістіру (қадамдар)

  1. 1Курсорды сурет кірістірілетін жерге орналастырыңдар.
  2. 2Вставка → Рисунок → Картинки командасын орындаңдар.
  3. 3Коллекция картинок тармағын таңдаңдар.
  4. 4Избранное терезесі ашылады.
  5. 5Сол жақ панельден Коллекции Microsoft Office бетін ашыңдар.
  6. 6Қажетті бөлімді таңдаңдар да, оң жақтан керекті суреттің жанындағы бағыттауыш (стрелка) батырмасын басыңдар.
  7. 7Ашылған мәзірден Копировать таңдаңдар.
  8. 8Терезені жабыңдар да, курсорды қажетті жерге қойып, Правка → Вставить командасын орындаңдар.
  9. 9Сурет құжатқа кірістіріледі.
  10. 10Өлшемін өзгерту үшін суретті бір рет шертіңдер: шеттерінде 8 маркер пайда болады. Маркерді сүйреп, суретті кішірейтіп/үлкейтіңдер.
  11. 11Өлшемін өзгерткен соң Формат рисунка терезесін ашып, Положение қосымшасында Поверх текста жалаушасын алып тастаңдар да, OK басыңдар.
  12. 12Суретті мәтіннің сол/оң жақ шетіне орналастыру үшін Обтекание параметрін таңдап, қажетті түрін белгілеп, OK басыңдар.

Фигуралық мәтін (WordArt) кірістіру

Егер тақырыпты немесе мәтін ішіндегі маңызды сөздерді ерекше етіп безендіріп жазу қажет болса, WordArt қолдануға болады.

  1. 1Меңзерді WordArt орналасатын жерге қойып, Вставка → Рисунок → Объект WordArt командасын орындаңдар.
  2. 2Коллекция WordArt терезесінен ұнаған стильді таңдап, OK басыңдар.
  3. 3Изменение текста WordArt терезесінде Текст надписи өрісіне мәтінді енгізіп, OK басыңдар.
  4. 4Маус арқылы фигуралық жазуды құжаттағы қажетті орынға орналастырыңдар.

Назар аударыңдар

Құжатты безендіруде сурет пен WordArt-ты шамадан тыс қолданбау керек: мақсат — ақпараттың оқылуын жақсарту және негізгі ойды айқындау.