Топ оқушыларына мәнерлеп оқыту
Сабақтың тақырыбы
«Бұл қай кезде болады?»
Сабақтың түрі
Іскерлік пен дағды қалыптастыру.
Оқыту әдісі
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Дидактикалық материалдар
Сабақтың мақсаты
-
Жыл мезгілдері және маусымдық өзгерістер туралы мағлұмат беру.
-
Көктем мезгіліндегі табиғаттың өзгерісі, жер беті және жан-жануарлар тіршілігіндегі өзгерістер туралы кеңірек түсінік қалыптастыру.
-
Көктем туралы өлеңдердің мән-мағынасын түсініп оқу, мәнерлеп айту дағдысын дамыту және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың жүру барысы
I. Қызығушылықты ояту
- «Шаттық шеңбері».
II. Үй тапсырмасын тексеру
- «Наурыз тойы» өлеңін жатқа айту.
- Наурыз мейрамын тойлаудың ерекшеліктерін әңгімелеу.
Ойын
«Жұбын тап»
Берілген сөздерді тиісті жануарлармен сәйкестендіріңдер: маңырады, боздады, қоздады, үрді, ұшты, абалады, қонды.
Ит
__________ + __________
Құс
__________ + __________
Түйе
__________
Қой
__________ + __________
Тапсырма соңында ереже пысықталады.
III. Мағынаны тану
Әдіс
«Галереяны шарлау»
Бүгін табиғат әлеміне ойша саяхат жасаймыз.
- Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
- Топ оқушыларының мәнерлеп оқуы.
Өлең: «Бұл қай кезде болады?»
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай-салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады.
Өрік, алма,
Шие, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз,
Қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі.
Астық пісіп,
Орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
3. Өлең мазмұны бойынша сурет салу
- 1-топ: 1-шумақ бойынша.
- 2-топ: 2-шумақтың бірінші жартысы бойынша.
- 3-топ: 2-шумақтың қалған бөлігі бойынша.
Тақырыптық бағыттар
- 1-топ: Көктем көрінісі.
- 2-топ: Күз маусымы.
- 3-топ: Күзгі еңбек өнімдері.
4. Шығармашылық тапсырма: сурет бойынша әңгімелеу
1-топ
Көктем келді. Күн жылынды. Мал өріске шықты.
2-топ
Күз түсті. Күн салқындады. Жемістер мен көкөністер жиналды.
3-топ
Күз мезгілі. Қырманда қызу еңбек басталды. Бидай орылып, қамба астыққа толды.
5. Автор туралы мәлімет
Өлең авторы туралы қысқаша мәлімет беріледі (оқулық/қосымша материал негізінде).
6. Дәптермен жұмыс
117-жаттығу, 1-тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар:
- Ұшақ ұшт...
- Кеме жүзд...
- Аю ақ...рды.
- Қорадағы мал үр...кті.
2-тапсырма
Қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
IV. Ой толғаныс
Шығармашылық тапсырма: жылдың төрт мезгілі туралы әңгімелеу.
1-топ
Көктем
2-топ
Жаз
3-топ
Күз
4-топ
Қыс
V. Үйге тапсырма
Өлеңді жаттау.
VI. Бағалау
Оқушылардың жұмысы сабақ барысындағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.