Көлік сапарға дайын
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пәні
Математика, 2-сынып
Тақырыбы
2-ге көбейту кестесі
Сабақтың типі
Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар, әңгімелеу, саяхат сабағы
Көрнекіліктер
Флипчарт, бейнеролик, суреттер, қима қағаздар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың көбейту туралы білімін тереңдету және сандарды 2-ге көбейтуге берілген тапсырмаларды орындау.
Дамытушылық
Ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту; ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа және жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақ жоспары (уақыт бөлінісі)
-
I
Ұйымдастыру кезеңі
3 минут
-
II
Үй тапсырмасын тексеру
5 минут
-
III
Үй тапсырмасын бекіту
4 минут
-
IV
Жаңа сабақ
25 минут
-
V
Сабақты бекіту
6 минут
-
VI
Үйге тапсырма
1 минут
-
VII
Бағалау
1 минут
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
- Оқу құралдарын даярлату.
- Назарын сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық.
Қане, біздер ойлайық,
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Бүгінгі сабағымыз ерекше: біз саяхатқа шығамыз және сабақта алған білімдерімізді ортаға саламыз.
Саяхатқа дайындық ретінде алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық. Үйге қандай тапсырма берілді?
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқулық: 266-бет, №8
302 кг = 3 ц 2 кг
45 дм = 4 м 5 дм
128 кг = 1 ц 28 кг
246 см = 2 м 4 дм 6 см
3 м = 300 см
6 м 7 дм = 67 дм
Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, плакаттағы тапсырманың дұрыс жауабын жазады.
III. Үй тапсырмасын бекіту
Балалар, сендерге бейнекөрініс көрсеткім келеді. Мұқият тамашалайық.
Бейнеүзінді: «Табиғаттың көктемгі тынысы»
Талқылау сұрақтары
- Көктем мезгілі несімен ерекше?
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Олай болса, көктемнің алғашқы әсем гүлі — бәйшешекті тергілерің келе ме? «Бәйшешек гүлін теру» ойыны арқылы 2 санының көбейту кестесін еске түсіреміз.
2-ге көбейту кестесі
Топтар кезекпен жауап береді
Міне, балалар, енді біз саяхатқа дайынбыз. Бүгін Көктемгі орманға саяхат жасаймыз. Орманда қандай аңдар бар екенін және олардың көктемгі тіршілігі қандай болатынын байқайық. Жолай бізге көптеген тапсырмалар мен есептер кездеседі. Сендер оларды орындауға дайынсыңдар ма?
Сұрақ
Саяхатқа немен шығамыз деп ойлайсыңдар?
Жауабы: автобуспен. «Ынтымақ автобусы» — біздің саяхат көлігіміз. Көлік сапарға дайын.