Көбелектер өте әдемі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Жалпы мәлімет
- Білім беру саласы
- Шығармашылық
- Тобы
- Ортаңғы топ (Бәйтерек, Күн шуақ, Өркен)
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- Бейнелеу өнері
- Тақырыбы
- Көбелектер
Мақсаты
Оқыту аспектісі
- Қоршаған ортадағы сан алуан түстердің кереметтігі туралы әңгімелеу.
- Балалардың білімін кеңейту және бекіту.
- Тақырып бойынша өз ойын толық жеткізуге дағдыландыру.
Дамыту аспектісі
- Түстерді есте сақтауға және ажырата білуге үйрету.
- Жылы және салқын реңктерді ажырату дағдысын дамыту.
- Тәжірибе барысында өз бетінше жұмыс жасауға бағыттау.
- Саусақ икемділігін дамыту.
Тәрбиелеу аспектісі
- Өзіне және айналасына жылы көңіл, жақсы ниет қалыптастыру.
- Жауапкершілікке және тазалыққа тәрбиелеу.
- Эстетикалық және этикалық тәрбие беру.
Сөздік қор
Көбелек, трафарет.
Қажетті құралдар
Қағаз, гуашь, қылқалам, щетка.
Көрнекілік
Көбелектің суреті, орындалу үлгісі.
Қостілділік компонент
Сабақ барысы
Мотивациялық-қызығушылық
Тәрбиеші балалармен амандасады:
Сұрақтар
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?
Балаларды «Шаттық шеңберін» құруға шақырады. Өлең жолдары:
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Ұйымдастыру-ізденушілік
Тәрбиеші гүлдер мен көбелектер туралы шағын әңгіме жүргізеді.
Талқылау сұрақтары
- Гүлдердің қандай түрлерін білесіңдер?
- Олардың түстері қандай болады?
Тәрбиеші балаларды мадақтайды: «Жарайсыңдар, балалар! Сендер көп мәлімет біледі екенсіңдер.»
Әсем гүлдерге көбелектер ұшып қонады. Көбелектер өте әдемі, олар кішкентай ұшатын жәндіктерге жатады. Көбелектердің түсі де, түрі де әртүрлі болады. Оларды бейнелегенде әртүрлі түстерді қолданамыз.
Көбелекті бейнелеу тәсілі (қадамдар)
- Қажетті бояуларды дайындап, аздап ерітіп аламыз.
- Алақанымызды бояуға малып, қағаз бетіне бастырып аламыз.
- Көбелектің сұлбасын айқындап шығамыз.
- Көбелектің әсем өрнектерін саусақты бояуға батырып, нүктелеу және із түсіру арқылы жасаймыз.
- Осылайша жылдам орындалатын әдемі көбелек дайын болады.
Балалар тәрбиешімен бірге көбелектің суретін салады. Үлгермей жатқан балаларға көмек көрсетіледі.
Сергіту сәті
Желкілдеген желменен,
Жел егінді тербеген.
Өсірді оны дихандар,
Тамшылаған терменен.