Ару көктем біздің Достық ауылына қош келдіңіздер
Казталов ауданы, Жанажол ауылы
Музыка жетекшісі: Капезова Гулдана Нурболатовна
Құт-береке мейрамы: «Наурыз жасасын!»
Мақсаты
- Наурыз — көне дәуірден келе жатқан мейрам екенін балаларға түсіндіру, «Ұлыстың ұлы күні» мәнін ашу.
- Қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық ойындарын және ұлттық киімін насихаттау.
- Балаларды асыл қазынаны бағалауға, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға тәрбиелеу.
- Ұлыстың ұлы күнін зор мақтанышпен, ұйымшылдықпен атап өту.
Кіріспе
Балалар көңілді әуенмен залға кіріп, орындарына жайғасады.
Жүргізуші
Наурыз мейрамы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.
Жарығымен, шуағымен Күн-Ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Құрметті ата-аналар, қадірлі қонақтар! Сіздерді 22 наурыз — Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз. Көктем тойы сіздерге жақсылық пен шуағын әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Құттықтау сөз кезегін бөбекжай меңгерушісі Балия Темірханқызына береміз.
Балалардың өлеңдері
Назерке
Наурыз тойы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем.
Құтты болсын ұлыс күні жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
Гүлназ
Наурыз — көктем тойымыз,
Өсер біздің бойымыз.
Күн ұзарып, жылынып,
Қош келдің бізге, Наурыз!
Жанеля
Өзгерсе де заман құбылып,
Ата салтын өсейік біз ұғынып.
Қазағымның салт-дәстүрін білейік,
Қазақ болу — неткен ғажап ұлылық!
Сахналық диалог: Қыдыр ата
Жүргізуші
22 наурызда күн мен түн теңеледі, жер шуаққа кенеледі. Балалар, айтыңдаршы: Наурыз мейрамында ел аралап жүретін кім?
Балалар: Қыдыр ата.
Жүргізуші: Қыдыр ата не әкеледі?
Балалар: Бақ-дәулет, береке, мереке, молшылық, бақыт, қуаныш!
Жүргізуші: Ендеше, Қыдыр атаны қарсы алайық!
(Әуенмен Қыдыр ата кіреді.)
Қыдыр ата
Арайы бар даланың — армысың ба, жаңа күн!
Сәлем, халқым тірегім, сендермен бір жүрегім.
Орындалсын ойларың, құтты болсын тойларың!
(Қыдыр ата төрдегі дастарханға жайғасады.)
Көктемнің келуі
Жүргізуші
Көктем келді — барлығы жасарады,
Көктем тойын жатыр ел жасағалы.
Жер жүзі құлпырады, күн алыстан күлімдеп тұрады.
Қош келдің, нұр көктемім ардақты!
Халқым саған бар үмітін арнады.
Жылда осылай келе бер, жаңартып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты!
(Әуен ойналып, Көктем «гүлдерімен» бірге сахнаға шығады.)
Көктем
Сәлем, ата-аналар! Айналайын балалар!
Мына әсем заманда шуақ шашып келдім мен — бақыт тілеп адамға.
Жерден суықты қудым, қырдан салқын бу қашты.
Қар еріп, жылғалар ақты — Наурыз келді, жыл басы!
Шуақ төкті жарық күн, мейрамында халықтың — жерден бүршік, гүл атты!
Құрметті балалар, мен сендерге өзіммен бірге көктем гүлдерін ала келдім.
Жүргізуші
Ару Көктем, қош келдіңіз! Ендеше, біздің бөбектеріміз сіздің көктем гүлдеріңізбен бірге би билеп берсін.
Би
«Гүлдер»
Дәстүрлер керуені: ауыл-ауылды аралау
Қош келдің, Көктем, елімізге, жерімізге, төрімізге! Сенімен бірге Наурыз тойы да келді. Ендеше, ауылдарды аралап, көктем шуағын таратып, қыр даланы гүлге толтырайық.
Достық ауылы
Бүгін Наурыз тойымен қатар, ауылымызда Шілдехана тойы өтуде. Қане, бірге тамашалайық!
Рәсім: Шілдехана
Ән: «Наурыз — біздің Жаңа жыл»
Ойын: (сахналық ойын)
Бірлік ауылы
Бұл ауылда Жұмагелді ата мен Гүлбаршын әженің немересін бесікке салу тойы болып жатыр.
Рәсім: Бесікке салу
Би: Қазақ биі
Ән: «Наурыз келді»
Ойын: (сахналық ойын)
Ынтымақ ауылы
Мұнда Жұмагүл әженің тұсаукесер тойы өтуде. Тойға қош келдіңіздер!
Рәсім: Тұсаукесер
Ойын: (сахналық ойын)
Ұлттық үн: домбыра
Жүргізуші
«Екі ішектің бірін тарт та, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра», — деп Қадыр ақын айтқандай,
қазақты домбырасыз елестету мүмкін емес.
Ән
Ертегі ортаңғы тобы: «Домбыра сазы»
Бата
Жүргізуші
«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер», — демекші, Қыдыр атамыздан бүгінгі мерекеге жиналған қонақтарға бата сұраймыз.
Қыдыр ата
Армысың, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін.
Ұлы халқым тең болсын,
Қайғы-уайым жоқ болсын,
Қуанышың көп болсын!
Әумин!
Қорытынды
Жүргізуші
Кел, Наурызым, құлпыртып елді мына,
Аналардың қона ғой жаулығына.
Ырыс әкел, құт әкел, байлық әкел,
Тұғыр болған әлемнің саулығына.
Құрметті ата-аналар, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Келер Наурызға төрт көз түгел, уайым-қайғысыз, тоқшылықпен жетейік, ағайын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!