Мамандық таңдау

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Тақырып

Мамандықтың бәрі жақсы

Көрнекіліктер

  • Түрлі мамандық иелері туралы суреттер
  • Интерактивті тақта

Негізгі мақсаттар

  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, мамандыққа қатысты ұғымдарын тереңдету, қызығушылығын арттыру.
  • Зат есімнің жалғауларын қайталау; сурет бойынша сөздер, сөз тіркестері және шағын мәтін құрастыруға үйрету.
  • Сөзді байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, диалог арқылы сөйлеуге жаттықтыру.
  • Басқаның пікірін тыңдап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сәлемдесу, түгендеу. Ауызекі сөйлесу арқылы сабаққа кіріспе жасау.

  • Бүгін нешесі?
  • Бүгін қай күн?
  • Бүгін ауа райы қандай?
  • Жылдың қай мезгілі?
  • Айналада қандай өзгерістер бар?

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың берілген тақырыптар бойынша құрастырған әңгімелерін тексеру.

  • «Мен бос уақытымды қалай өткіземін?»
  • «Менің досымның әуес ісі»
  • «Көп біліп, көп үйрену қажет»

III. Жаңа сабаққа кіріспе

Еңбектің құндылығын өлең жолдары арқылы түсіндіру және сұрақ-жауап арқылы тақырыпқа шығу.

Өлең (үзінді)

Әзір ас жоқ дүниеде.

Сабақ өзі оқылмайды,

Көйлек өзі тоқылмайды,

Тұқым өзі себілмейді,

Үйлер өзі салынбайды,

Кендер өзі табылмайды,

Кітап өзі жазылмайды.

Барлық істің батыры — біз,

Екі қол мен ақылымыз.

Тақырыпқа шығаратын сұрақтар

Оқушыларға сұрақ қойып, жауаптарын кестеге толтыру арқылы ортақ ұғымды табу.

Сұрақтар

  • Асты кім әзірлейді?
  • Сабақты кім оқытады?
  • Көйлекті кім тігеді (тоқиды)?
  • Тұқымды кім себеді?
  • Үйлерді кім салады?
  • Кенді кім табады?
  • Кітапты кім жазады?

Қорытынды

Бұл сөздердің ортақ атауы — мамандық. Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы жарияланып, мақсаттары нақтыланады.

Негізгі ой

Адам еңбегі мен ақылы арқылы әр іс орындалады, ал әр істің артында белгілі бір мамандық иесі тұрады.

Суреттермен жұмыс: сөйлем құрастыру

Тақтадағы суреттерді көрнекілік әдісімен пайдаланып, мамандықтарға байланысты сөйлемдер құрастырылады және дәптерге жазылады.

Үлгі

Мынау — тігінші. Тігінші ательеде жұмыс істейді.

Бұл — он саусағынан өнер тамған тігінші. Аудан тұрғындары бұл тігіншіні қатты құрметтейді.

Жүргізуші

Өрт сөндіруші

Тігінші

Әскери қызметкер

Әртіс

Құрылысшы

Аспазшы

Дәрігер

Етікші

Шаштараз

Мұғалім

Кітапханашы

Ойын: «Дұрыс па, бұрыс па?»

Дұрыс болса — қол көтереді, бұрыс болса — қол көтермейді. Тапсырма мамандықтарды ажыратуға және зейінді шоғырландыруға көмектеседі.

Қойшы балаларды оқытып жүр.

Жүргізуші көлік жүргізеді.

Аспазшы үй салып жүр.

Дәрігер адамдарды емдейді.

Жазушы хат пен газеттерді тасып жүр.

Дәрігер етік тігіп отыр.

Мұғалім балаларды емдеп жүр.

Ұшқыш әдемі киім тігіп жатыр.

Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.

Суретші сахнада ән айтып тұр.

Мәтінмен жұмыс

Жаңа сөздер

мамандық таңдау
выбор профессии
мақсат
цель
дегеніне жете алады
умеет достигнуть цели
қалауымен таңдап алады
выбирают по желанию
арашашысы
спасатель
өрнек салады
плетет узоры
терең
глубокий
білім алуға талпынады
стремится получить знание
әрқашан үндесіп жатады
всегда созвучны

«Мамандық таңдау» мәтіні

Мамандық таңдау — әр адамның маңызды мақсаты. «Армансыз адам — қанатсыз құспен тең», — дейді халық.

Әр адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді әркім өз қалауымен таңдайды.

Мамандықтың түрі көп. Әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер — адам өмірінің арашасы. Ұстаз шәкірттерді білімге жетелейді. Жазушы сөзбен өрнек салады.

Адам жас кезінен терең білім алуға талпынады: көп оқиды, өз бетінше ізденеді, басқа адамдардың өмірімен танысады. Сондықтан да бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады.

Тапсырмалар

  1. Мәтінді оқып, жоспар құрыңдар.
  2. Жоспар бойынша диалог құрастырыңдар.

Грамматикалық тапсырмалар

Қайталау сұрақтары

  • Зат есім деген не?
  • Қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Қандай жалғаулары бар?
  • Жалғаулар қандай заңға бағынады?

Мысалдар (интерактивті тақтамен)

Көптік жалғау

мамандық+тар

Тәуелдік жалғау

мамандығ+ым

Септік жалғау (ілік септік)

мамандық+тың

Жіктік жалғау

маман+мын

Қосымша тапсырма

Мәтіндегі зат есімдерді тауып, жалғауларын анықтаңдар.

Сабақтың қорытындысы

Ойтолғау

«Бес саусақ бірдей емес» дегенді қалай түсінесіңдер? Әрине, әр адам өзінше ерекше. Барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім немесе ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам өз қалауына қарай мамандық таңдайды. Біздің таңдауымыз да әртүрлі: біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласыңдар. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

Үй тапсырмасы

  • Сөздерді жаттау.
  • «Менің болашақ мамандығым» тақырыбына әңгіме құрастыру.

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.