Ардагерлермен сұхбат

Мақсаты

1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауға үлес қосқан ауыл ардагерлерінің ерлігін дәріптеу, Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен жанқиярлық еңбегін паш ету. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, ардагерлерді құрметтеуге және тағзым етуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер

  • Суреттер, буклеттер, плакаттар
  • Жеңіс пен Отан туралы нақыл сөздер
  • Шарлар, гүлдер
  • Музыкалық орталық және басқа да құралдар

Өткізілу барысы

  1. 1 Кіріспе
  2. 2 «Жеңіс күні» тақырыбындағы баяндама
  3. 3 «Ұлы Жеңіске мың тағзым!» (жеңіс туралы әндер, өлең оқу)
  4. 4 Ардагерлермен сұхбат
  5. 5 «Отан үшін от кешкендер» (ауыл ардагерлері туралы мәлімет)
  6. 6 «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды!» (оқушылар шығармашылығы)
  7. 7 «Отты жылдар елесі…» (кітап көрмесі)
  8. 8 Бейнеүзінді: «День Победы»
  9. 9 Қорытынды

Кіріспе сөз

Жеңіс мерекесі — бейбітшілікті сүйетін бүкіл адамзат қауымының ортақ мейрамы. Бұл — жеңімпаз әкелер мен аға буынның, сондай-ақ сол ерлік дәстүрін жалғайтын жас ұрпақтың мерекесі. 9 мамыр — әлем жұртшылығы үшін аса қастерлі күн.

Әсіресе, бұл күн екінші дүниежүзілік соғыстың зұлматын бастан өткеріп, Отан үшін от кешкен, қан майданда қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен Ұлы Отан соғысы ардагерлері үшін айрықша мәнге ие.

Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
Қирады талай арман көңілге алған.

Ұлы Отан соғысына қатысқан қаһармандар қатарында: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және өз жерлестеріміз де бар. Біз олардың алдында құрметпен бас иеміз.

Тағзым және үнсіздік

Бұл бейбіт өмірге жете алмай, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық.

1 минут үнсіздік

Тарихтан тағылым

Тарих үнемі жаңарып отырады. Дегенмен, ұмытылмайтын, ескерусіз қалмайтын оқиғалар болады. Солардың бірі — әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиеті. Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Зұлмат соғыс 1941 жылдың 22 маусымында басталды. Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылдың 9 мамырында Ұлы Жеңіспен аяқталды. Содан бері талай жыл өтті. Жеңіс күні — баршамыз үшін қасиетті мереке: бұл тек жеңісті атап өтетін күн ғана емес, Жеңісті жақындату үшін жанын қиған боздақтарды еске алатын күн.

Кездесу және мазмұн

«Біз — Жеңістің ұрпақтарымыз» атты тәрбие сағатында ардагер аталарымызбен және тылда еңбек еткен қариялармен кездесу өтеді. Бүгінгі сабақта ауылымыздың ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің еңбегі мен ерлігі туралы сөз қозғаймыз.

Қонақ

Саттарберген ата

Қонақ

Әшім ата

Қонақ

Өмірзақ ата

Қонақ

Мұғалтай ата

Жүргізуші сөзі

Иә, әр азамат өз Отанын қорғауға қашанда дайын. Ұлы Отан соғысы туралы толығырақ мәлімет алу үшін баяндамашыға Р. Сейтоваға сөз береміз.

Бұл жылдары жүрегі «Отаным!» деп соққан әр азамат барынша күресе білді, әрқайсысы ел алдындағы антын орындады. Ендеше сұрапыл соғыс пен елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік.

Өлең: «Ардагерлер» (М. Әміреев)

1-оқушы оқиды

Қан майданның жүректе жарасы бар,

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Ардагерлер, азайып барасыңдар.


Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,

Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.

Соғыс деген салмағын жалғыз сөздің

Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.


Жасқанбаған жауынан жарақта ер,

Ерлігіңді аңыз қып таратты ел.

Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ

Жүздеріңе сендердің қарап білер.