Азық - түлік тағамдарын сатып алуға байланысты сөйлеу үлгілерін меңгерту
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Азық-түлік сатып аламыз
Мақсаты: Азық-түлік тағамдарын сатып алуға байланысты сөйлеу үлгілерін меңгерту; азық-түлік сатып алу кезіндегі іс-әрекеттерін жүйелі түрде баяндауға үйрету.
Сабақтың барысы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
-
2
Психологиялық тренинг
«Маша и медведь» үзіндісі арқылы жағымды көңіл-күй қалыптастырып, сабақты көтеріңкі рухпен бастау.
Ой шақыру
Суретпен жұмыс арқылы талқылау сұрақтары:
- Суреттен нені байқадыңдар?
- Отбасыларыңда азық-түлікті кім сатып алады?
- Азық-түлік алуды алдын ала жоспарлайсыңдар ма?
- Қандай дүкендерге барғанды жөн көресіңдер? Неліктен?
- Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не туралы сөз қозғаймыз?
- Алдымызға қандай мақсат қоямыз?
Мағынаны тану
1-бөлім
Сөздік жұмысы
- Арзан
- дешевый
- Көтерме
- оптовый
- Үнемдейді
- экономят
- Қажетсіз шығын
- ненужные траты
- Сақтандырады
- предохраняет
- Тек қажетті заттарды
- только нужные предметы
- Мүмкіндік тудырады
- представляют возможность
- Қымбатырақ
- дороже
- Біртабан жақындау
- приближает на один шаг
2-бөлім
Мәтінмен жұмыс
Жұптық жұмыс
«Екі жақты күнделік» әдісімен мәтінді талдап, негізгі ойларды жинақтау.
Формативтік бағалау
Жұмыс барысындағы жауаптардың нақтылығы мен белсенділігіне қарай кері байланыс беру.
Жазба жұмысы
Мәтіннен күрделі зат есімдерді теріп жазып, олардың жасалу жолын анықтау.
Бағалау: формативтік.
3-бөлім
7-тапсырма: «Қарлы кесек» әдісі
- 1 Әр оқушы жеке тізім жасайды.
- 2 Жеке орындағаннан кейін, көрші оқушымен жұптасып, тізімдерін біріктіреді.
- 3 Келесі кезеңде жұптар 4 оқушыдан топтасып, бәріне ортақ әрі жиі сатып алынатын азық-түлік атауларын іріктейді.
- 4 Әр топ нәтижесін тақтаға іліп, ауызша таныстырады.
- 5 Басқа топтар сәйкес келетін тағам атауларын сызып тастайды. Осылайша, әр тұсаукесер сайын қатысушылар мазмұнды қайталап отырады.
- 6 Соңында топтар бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.
Талқылау сұрақтары
- Неге бұл тағам түрін үнемі сатып аласыңдар?
- Оның адам денсаулығына қандай пайдасы бар?
Ой толғаныс
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» дегендей, тақтада берілген бірнеше мақалдың ішінен сабақ мазмұнына сай келетінін таңдап, өз ойларыңды дәлелдеңдер.
Рефлексия
«Комплимент» әдісі
Оқушылар бір-бірінің сабаққа қосқан үлесін атап, алғыс білдіреді.
Үй жұмысы
- 8-тапсырма
- 4-тапсырма
- 3-тапсырма
Қосымша: «Азық-түлік сатып аламыз» тақырыбы бойынша материалды жүктеп, тапсырмаларды орындауға дайындалыңдар.