Мінезі жақсы деген сөз тіркесін қалай түсінесің

Тақырыбы: Жақсы мінез (6-сынып)

SMART мақсаттары

  • Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.
  • «Ойлан – жұптас – топтас» стратегиясы бойынша жұмыс орындау.
  • Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.
  • Жеке сөздер, сызбалар, суреттер бойынша сөйлемдерді дұрыс құрастыру.

Күтілетін нәтиже

Барлығы

  • Мәтінді түсінеді.
  • Сурет бойынша сөйлейді.
  • Сөйлем құрастырады.

Көпшілігі (A, B)

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды.
  • Сөйлемдерді қатесіз жазады.
  • Жеке, жұппен және топпен жұмыс істей алады.

Кейбіреуі (A)

  • Топты басқара отырып, B және C топтарындағы оқушыларға ауқымды қолдау көрсетеді.
  • Тақырып бойынша өз ойын толық, дәл жеткізе алады.

Тілдік мақсаттар

  • Мәтінді тыңдайды және түсінеді; сызба, сурет бойынша сөйлейді; сұрақтарға жауап береді.
  • «Жақсы», «жаман», «гүл», «мінез», «адам» сөздерін және тірек сызбаны пайдаланып сөйлем құрастырады.
  • Мәтінді мәнерлеп оқуға машықтанады, сауатты жазады.

Алдыңғы оқу

  • Әдептілік деген не?
  • Жақсы бала қандай болуы керек?
  • Жақсы мінез қалай қалыптасады?
  • Жақсымен жаманды қалай айырамыз?

Сабақ барысы

Төмендегі бөлімдерде сабақтың басталуы мен мағынаны тану кезеңіне арналған тапсырмалар берілген.

Басталуы (қызығушылықты ояту)

5 минут

Сұрақтар

Сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайық.

  • Әдептілік деген не?
  • Жақсы бала қандай болуы керек?
  • Жақсы мінез қалай қалыптасады?
  • Жақсымен жаманды қалай айырамыз?
  • «Мінезі жақсы» деген сөз тіркесін қалай түсінесің?

1-тапсырма

«Әрине» өлеңін оқып танысайық. Өлеңдегі негізгі ойға сүйене отырып, сабақтың тақырыбын анықтайық.

Өлең: «Әрине»

«Әрине» осы сөзді Өмірбек қолданады көбірек.

Айтқаныңның бәріне жауабы сол: «Әрине».

«Сүт ішкізші сәбиге», — десең болды: «Әрине».

«Қолғабыс ет кәріге», — десең тағы: «Әрине».

Сөйтіп жаңа сөзге еріп, кетті өзі де өзгеріп.

Мақұл десе бәріне — жақсы мінез, әрине.

Ортасы (мағынаны тану)

20 минут

2-тапсырма (I топ)

Берілген анықтаманы көшіріп жазыңдар (143-бет).

Анықтама

Жақсы мінез — байлық. Мұндай мінез үй ішіне де, айналасына да қайырымды, мейірімді, үлкенді құрметтейтін, кішіге ізет жасайтын, кішіпейіл адамға тән.

2-тапсырма (II топ)

Әңгімені оқып, мазмұнын өзге топтарға түсіндіріңдер.

Әңгіме: «Обал»

Мені көргенде кішкентай қара бала жылап жіберді.

— Әй, батыр, неге жыладың? Біреу жәбірледі ме?

— Жоқ, аға, қарным ашты.

— Үйіңді таба алмай жүрсің бе?

— Жоқ. Мен 15-пәтерде тұрамын. Мына балапанды мысық жеп қоя ма деп қорқамын...

— Мұны қайдан алдың?

— Бірінші қабаттың балконынан.

— Үйіңе апармадың ба?

Дереккөз/жазба: Есмағанбетова Қ. Ә. «Жақсы мінез».