Топпен шығармашылық жұмыс істеуге баулу
№78 жалпы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Өтемұрат Әсемгүл Елеусінқызы
Сабақтың тақырыбы
А. Әуезовтің «Жас Мұхтар» шығармасынан үзінді арқылы жазушы Мұхтар Әуезовтің балалық шағын, оның Абаймен байланысын түсіну және мәтін мазмұнын талдау.
Оқу мақсаты
1) Танымдық мақсат
Жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы ақын Абаймен байланысты балалық шағы туралы түсінік беру, тақырыптың мазмұн-мәнін ашуға үйрету.
2) Дамытушылық мақсат
Ауызша сөйлеу дағдыларын дамыта отырып, сөздік қорды молайту, байланыстырып сөйлеуді және шығармашылық қабілетті арттыру; топпен шығармашылық жұмыс істеуге баулу.
3) Бағалау дағдысы
Сабақ кезеңдерінде критерийлерге сай өзін-өзі бағалауға дағдыландыру.
Қолданылатын тәсіл
7 модульді ықпалдастыру арқылы оқушының өз бетінше білім алуына мүмкіндік жасау, өзіндік пікір айту қабілетін ұштау және шығармашылық жұмыстарға дағдыландыру.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
М. Әуезовтің балалық шағымен танысып, жаңа білімді бұрынғы біліммен ұштастырады және сөйлеу қабілеттерін дамытады.
Оқушылардың басым бөлігі
Мәтін мазмұнын түсінеді, берілген сұрақтарға нақты жауап бере алады.
Кейбір оқушылар
Жеке және топтық тапсырмаларды орындап, шығармашылық жұмыстарға қатысады; ой қорыту және талдау дағдыларын көрсетеді.
Тілдік мақсат
Оқушылар өз ойларын өмірмен байланыстырып дәлелдейді, сөздік қорын молайтады және пікірін жүйелі жеткізеді.
Сабақ барысы
Басталуы
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Амансың ба, достарым,
Көңіліміз жарасқан.
Амансыз ба, ұстаздар,
Білім нәрін таратқан!
Топқа бөлу
«Кемпірқосақ» әдісі арқылы түрлі түстер бойынша топтарға бөліну.
Бағалау
Әр оқушы сабақ барысында бағалау парақшасын толтырып отырады.
Үй тапсырмасын сұрау
М. Әуезовтің «Жетім» әңгімесі бойынша
Әр оқушының мазмұндауына бағыт беретін тәсілдерді қолданып, нақты әрі тұшымды ой айтуына ықпал ету.
І топ
«Сұрақтар шеңбері» әдісі
ІІ топ
«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі
ІІІ топ
«Балалар философиясы» әдісі
ІV топ
«Құндылықтар спектрі» әдісі
Миға шабуыл
Жаңа сабақтың тақырыбы хабарланады: А. Әуезов — «Жас Мұхтар». Дәптерге күннің ретін және тақырыпты жазу.
Ой қозғау сұрағы
Бұл тақырыпта Мұхтар Әуезовпен бірге тағы қандай танымал тұлға туралы айтылады деп ойлайсыңдар?
«Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы талқыланады.
Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқу. Оқушылар өзін-өзі бағалау парақшасын толтырып отырады.
- Тақырып кім туралы?
- Мазмұнын кім әңгімелейді?
- Кейіпкерлер кімдер?
- Диалог сөйлемдерді тауып, дауыстап оқу.
Бағалау: «Басбармақ» әдісі.
Топтық жұмыс
Мәтінмен жұмыс жүргізу үшін түстер тобы қайта біріктіріліп, «Кемпірқосақ» топтарына құрылады.
Мәтінді мазмұндау
«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне мәтінді мазмұндайды.
Сұрақ құрастыру
Әр оқушы мәтін бөліктері бойынша сұрақ әзірлейді; сұрақтардың қайталанбауы қадағаланады.
Бағалау: «Басбармақ» әдісі.
Қосымша
Толық нұсқасын жүктеу.