Сүлеймен патша кім

Мақсаты

1) Білімдік

Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру; «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» әңгімесінің идеясын түсіндіру; автордың адамгершілік пен жақсы қасиеттер туралы ойларын талдау; негізгі ұғымдардың мәнін ашу.

2) Дамытушылық

Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру, танымдық деңгейін арттыру, белсенді сөздік қорын қалыптастыру.

3) Тәрбиелік

Адамдар арасындағы сыйластыққа тәрбиелеу, көзқарас қалыптастыруға баулу; Бауыржан Момышұлының батасын тыңдап, өнегелі ой түю.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың оқу мақсатына назарын шоғырландыру, жұмыс ережелерін нақтылау, топтық жұмысқа дайындық.

Үй тапсырмасы

Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңі бойынша жұмыс:

  • Дискіден тыңдау.
  • Оқушылардың жатқа оқуы.
  • Оқушылар дайындаған эсселерді талқылау.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  • Мағжан Жұмабаев жастарды неге теңейді?
  • Арыстан мен жолбарыс қандай аң? Қыран қандай құс?
  • Автор неліктен жастарды осы бейнелерге теңейді?
  • Теңеу дегеніміз не?
  • Жастар қандай болу керек?

Жаңа тақырып: Бауыржан Момышұлы және «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

Бауыржан Момышұлы кім?

Бауыржан Момышұлы — Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ардагері, қаһарман қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, көрнекті қаламгер.

Өмір-дерек

  • 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туған.
  • Ерлігі мен еңбегі халыққа үлгі болған тұлға.
  • Шығармалары: «Москва үшін шайқас», «Ұшқан ұя», «Бір түннің оқиғасы», «Куба әсерлері», «Төлеген Тоқтаров» және т.б.

Мәтінмен жұмыс бағыты

  1. Мәтінді топтарда оқу және талқылау.
  2. Мәтіндегі жаңа сөздермен жұмыс.
  3. Негізгі ойы мен мазмұнын түсіну.
  4. Мәтінді тақырыпшаларға бөлу.
  5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
  6. Мәтінді рөлге бөліп оқу.
  7. Мәтіндегі кейіпкерлерді анықтау.

Талдауға арналған сұрақтар

  • Сүлеймен патша кім?
  • Сүлеймен патшаға мінездеме бер.
  • Патшаға не болды?
  • Патша қандай жарлық берді?
  • Қарлығаш қандай әрекет жасады?
  • Қарлығаштың сөзі әсер етті ме? Неліктен?

Жаңа сөздер

Әділ

справедливый

Құрт, құмырсқа

черви и муравьи

Бақа, шаян

лягушка и скорпион

Тілін біліпті

знал язык

Жау шабады

наступил враг

Жылан

змея

Тілек

желание

Ұрпақ

потомство

Әдебиет теориясы

Теңеу

Теңеу — көркем бейнелеу құралы: бір затты немесе құбылысты екінші затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы ойды әсерлі жеткізу.

Тапсырма: оқулықтан мәтіндегі теңеулерді тауып, олардың қандай әсер беретінін түсіндір.

Кейіпкер

Кейіпкер — автордың негізгі идеясын ашуға қызмет ететін образ, оқиға желісін алға жылжытатын тұлға.

Тапсырма: мәтіндегі басты және қосалқы кейіпкерлерді бөліп, олардың іс-әрекетін дәлелде.

СТО стратегиясы: бес жолды өлең

Тақырып бойынша ойды ықшам әрі көркем жеткізуге арналған құрылым:

  1. 1 сөз — тақырып (мысалы: Қарлығаш).
  2. 2 сын есім.
  3. 3 етістік.
  4. 4 сөзден тұратын сөйлем.
  5. Синоним (тақырыпты түйіндейтін сөз).

Бауыржан Момышұлының мақал-мәтелдері

Қайратыңа әдісіңді жолдас ет. Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

Отан үшін отқа түс — күймейсің.

Отанға опасызға орын жоқ.

Көп тұрған су сасиды, ойланбаған ми сасиды.

Намысыңды нанға сатпа.

Бата: рухани түйін

Электронды оқулықтан тыңдап, мазмұнын талдау ұсынылады. Батаның негізгі идеясы — береке, еңбек, тыныштық, өсіп-өркендеу.

Бауыржан Момышұлының батасы

Я, Алла тағалам,

Өмір берсең — жайлы ғып бергін,

Дәулет берсең — сайлы ғып бергін.

Еңбегіміз жемісті болсын,

Қамбамыз астыққа толсын.

Көсегеміз көгере түсіп,

Мыңғырған мал өріске толсын.

Әйел берсең — әдепті,

Жанға тыныш, жайлы ғып бергін.

Келін берсең — келісті ғып бергін.

Ағаш берсең — жемісті ғып бергін.

Тұлпар берсең — шабысты ғып бергін.

Жомарт берсең —

Осы айтқанымның бәрін үйіп-төгіп бір-ақ бер!

Қорытындылау, бағалау және үй тапсырмасы

Қорытындылау

Әңгіменің негізгі идеясын қысқаша түйіндеу, кейіпкерлер әрекетін бағалау, адамгершілік тақырыбы бойынша пікір айту.

Бағалау

Топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының дәлелі, мәтінді түсіну деңгейі және шығармашылық тапсырмаларды орындауы бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы

Ертегінің мазмұнын айтып беру және мәтін негізінде шағын әңгіме құрастыру.