Мешіт пен шығыс моншасы

Сабақтың тақырыбы

Х–ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстан мәдениеті.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Х–ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстан мәдениетін қайталау арқылы оқушылардың білімін жүйелеу және пысықтау.

Дамытушылық

Тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беруге үйрету; ойлау қабілетін арттыру; қосымша ізденіске бағыттау; қорытынды шығару дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Отан тарихын зерттеуге белсенді қатысуға ынталандыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы

Көрнекіліктер

Суреттер, сызбалар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Оқу құралдарын тексеру, түгелдеу.
  2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Ой шақыру

Өткен тақырыптар бойынша негізгі ұғымдарды еске түсіріп, бүгінгі қайталаудың бағытын айқындау.

II. Қайталау сабағын жоспарлау

  • Қалалық мәдениеттің дамуы.
  • Х–ХІІ ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы.
  • Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы.
  • Дін және мәдениет: исламның таралуы.
  • Ғылым мен білімнің дамуы.

Тапсырмалар

I тапсырма: терминдерге анықтама беру

Негізгі ұғымдарды нақтылап, қысқа анықтама жазыңыз.

Қыш құмыра өнері Ғаныш Зергерлік кәсіп Айырбас сауда Ақша айналымы Ташнау Рабад Цитадель Шахристан

II тапсырма: дискуссиялық сұрақтар

Әр тұжырымға «Келісемін» немесе «Келіспеймін» деп жауап беріп, дәлелдеңіз.

  1. Қала тұрғындары көбейгендіктен, тұтыну бұйымдарының өндірісі дамымады.
  2. Қазақстан аумағынан қыш құмыра және су құбырларын жасайтын шеберханалар табылған жоқ.
  3. Қыш құмырашылар жетістіктерінің бірі — шыңдау (жоғары сапалы өңдеу) болды.
  4. Сәулет өнерін ұсталық шеберліктің жетістігі ретінде қарастыруға болады.
  5. Ортағасырлық қолөнерде дамыған кәсіптердің бірі — шыңдау болды.
  6. Сауда айырбас түрінде де, ақша арқылы да жүргізілді.
  7. Қала маңындағы егіншілікке қажет жерлер сауданың дамуына байланысты игерілмеді.

III тапсырма: тарихи сынақ хат

Мәтіндегі деректерді оқып, дұрыс/бұрысын белгілеңіз және дәлел келтіріңіз.

Орта ғасырлардағы қолданбалы өнерде сары топырақ пен ғаныш кең қолданылды.

Сәулет құрылыстарының сыртқы көрініс стилі Орта Азия мен Қазақстанда ұқсас болды.

Діни кешендерге мешіттер, кесенелер, мазарлар және моншалар жатады.

Алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштердің қатарына Бабаджа қатын және Айша бибі кесенелері кіреді.

Археологиялық жұмыстар кезінде Отырар, Тараз, Түркістан қалаларынан шығыс моншалары табылды.

Діни аңыздар бойынша Арыстан баб — Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы.

Бабаджа қатын кесенесі күйдірілген кірпіштен салынып, әсем күмбезімен ерекшеленеді.

Айша бибі кесенесінің сыртқы қабырғалары оюлы терракота кірпіштермен қапталған.

Қазба жұмыстары нәтижесінде көптеген қалалардан шығыс моншаларының орындары белгілі болды.

IV тапсырма: тұлғаны таны

Сипаттаманы оқып, қай тұлға екенін анықтаңыз.

  1. 1) «Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл — біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ»

    Жүсіп Баласағұни (1021–1075)

  2. 2) Аристотельден кейін «Екінші ұстаз» атанған ұлы ойшыл, энциклопедист ғалым

    Әбу Насыр әл-Фараби (870–950)

  3. 3) Араб тілін жетік меңгерген, саналы ғұмырын туған халқының тілін зерттеуге арнаған ғұлама

    Махмұд Қашқари (1030–1090)

V тапсырма: «Сиқырлы қоржын»

Жылдар, тұлғалар және ұғымдар бойынша жедел сұрақ-жауап.

1) Арабтар дін үшін соғысты қашан бастады?
633 ж.
2) 714 ж. Шашты басып алған араб қолбасшысы
Кутейба ибн Муслим
3) Атлах шайқасы қай жылы болды?
751 ж.
4) 960 ж. Қарахан мемлекетінде болған оқиға
Ислам мемлекеттік дін болып жарияланды.
5) Жүсіп Баласағұнидің атақты еңбегі
«Құт негізі білік»
6) Қалалардағы құрылыс жүйесінің жаңа түрлері
Мешіт және шығыс моншасы
7) «Бақытқа жету» философиялық туындысының авторы
Әл-Фараби
8) Иасыда туған шығыстың көрнекті ғалымы
Қожа Ахмет Ясауи
9) «Қоржын үйлер» деген не?
Қатар салынған, бір-бірімен өзара байланысқан үйлер.

Тест тапсырмалары

Дұрыс жауапты таңдаңыз.

1) Оғыздардың тотемі

  • A) Бұғы
  • B) Киік
  • C) Қой
  • D) Көкбөрі

2) Христиандық крест таңбасы салынған кірпіштер қай жерден табылды?

  • A) Құйрықтөбе
  • B) Ақтөбе
  • C) Сайрам
  • D) Талғар

3) Орта Азия мен Қазақстанда ислам діні қашан кең тарай бастады?

  • A) Арабтардың келуімен
  • B) Қарлұқтардың келуімен
  • C) Оғыздардың келуімен
  • D) Қытай әскерінің келуімен

4) 714 жылы Шашты басып алған араб қолбасшысы

  • A) Кутейба ибн Муслим
  • B) Насыр ибн Сейяр
  • C) Фазлан
  • D) Зияд ибн Салих

5) Арабтардың Қазақстанның оңтүстігіне басып кірген уақыты

  • A) VIII ғ. ортасы
  • B) X ғ. аяғы
  • C) VII ғ. басы
  • D) X ғ. басы

6) X ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған ғалым

  • A) Әл-Фараби
  • B) Әл-Бируни
  • C) Әл-Мақдиси
  • D) Махмұд Қашқари

7) «Тотем» ұғымы

  • A) Құрбандыққа шалынған жануар мен тұмар
  • B) Қасиетті ошақ
  • C) Шыққан тегін жануармен байланыстыру
  • D) Ұмай анаға сену

Үй тапсырмасы

  1. Х–ХІІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетін Х–ХІІ ғасырлардағы Батыс Еуропа мәдениетімен салыстырып, Венн диаграммасын толтыру.
  2. Ұлы ғалымдар туралы қосымша мәлімет жинап келу.
Сабақтың мақсаты
Сабақтың барысы
Тапсырмалар
Тест
Үй тапсырмасы