Дара және күрделі етістік

Сабақтың тақырыбы

Дара және күрделі етістік

Түрі

Аралас сабақ

Әдісі

Сұрақ-жауап

Көрнекілігі

Ақпараттық құралдар, суреттер, слайдтар

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға етістік туралы толық теориялық білім беру; сөйлем ішінен етістікті тауып, оның дара және күрделі түрлерін ажыратуға үйрету; сабаққа ынта-ықыласын арттыру.

Дамытушылық

  • Ақыл-ойын, логикалық ойлауын дамыту.
  • Сөздік қорын молайтып, сөйлеу тілін жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Адамгершілікке баулу.
  • Жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, жинақылыққа үйрету.

Сабақ барысы

1

Ұйымдастыру

Сабаққа дайындық, көңіл күйді реттеу, оқушылардың назарын тақырыпқа шоғырландыру.

2

Өткенді қайталау (Ой қозғау)

  • Сұрақ: Біз қандай тарауды бастадық? — Сөз таптары.
  • Сұрақ: Қазақ тілінде неше сөз табы бар? — 9.

Сөз таптары

Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөз.

  • Сұрақ: Соның ішінде нені өттік? — Зат есім, етістік.
  • Талқылау: Зат есім деген не? Оның түрлері қандай?
  • Талқылау: Етістік деген не? Оның түрлері қандай?

Бүгінгі сабақта дара және күрделі етістік бойынша жаттығу жұмыстарын орындаймыз.

3

Жаңа сабақ: Дара және күрделі етістік

1-жаттығу

Берілген сөздерден дара және күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жазыңыз.

Дара етістік

  • ойнады
  • көгерді
  • еркеледі
  • достасты

Күрделі етістік

  • кіріп кетті
  • жинап алды
  • ойлап отыр

Қалаған 2–3 сөзге сөйлем құрап айтыңыз және жазыңыз.

2-жаттығу

  1. Сөзжұмбақ шешу.
  2. Берілген сөйлемдегі етістіктерді ретімен жазып, сөзжұмбақты шешу. Дұрыс жазылса, ортасынан жыл мезгілінің атауы шығады.

Сөзжұмбақтың шешуі (етістіктер)

көлді, көрінді, көшті, төледі, үйретеді, көмектеседі

Топтық жұмыс

  • Сұрақ: Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
  • 1-топ: Көктем айларын атау.
  • 2-топ: Көктем туралы әңгіме айту.
  • 3-топ: Көктем туралы өлең, тақпақ айту.
4

Сергіту сәті: «Не қалай дыбыстайды?»

Мысық
мияулайды
Әтеш
айқайлайды
Машина
жүреді
5

Тақтамен жұмыс

Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойып жазыңыз.

Керекті сөздер

ұнатады сағынып жүр айтамыз көрді шуылдайды келіп тұрады
6

Өз біліміңді тексер

Тест жұмысы арқылы тақырыптың қаншалықты меңгерілгенін анықтаймыз.

Тест сұрақтары

  1. Зат есімді тап:

    • а) бала
    • ә) шегеле
    • б) сулама
  2. Зат есімнің көпше түрін тап:

    • а) аққулар
    • ә) аққумен
    • б) аққуым
  3. Жалқы есімді тап:

    • а) өзен
    • ә) Атырау
    • б) қала
  4. Жалпы есімді тап:

    • а) Атырау
    • ә) қала
    • б) Құтжол
  5. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап:

    • а) жағалады
    • ә) жағады
    • б) жасыл
  6. Күрделі етістікті тап:

    • а) қызыл гүл
    • ә) әдемі гүл
    • б) гүлдеп тұр

Жауап кілті

Дұрыс жауаптар

1 — а, 2 — а, 3 — ә, 4 — ә, 5 — а, 6 — б

Ескерту

Қате кеткен сұрақтарды қайта қарап, ережені бекітіңіз.

Қосымша тапсырма

Көп нүктенің орнына етістіктерді қойып жазыңыз (сәйкестендіру).

Субъект Етістік
_____ секіреді
Лақ ойнақтайды
_____ маңырады
_____ келді
Сәуле айтты
_____ тұрып қалды
_____ оқып отыр
Оқушы жазды
_____ жинады

Сабақты қорытындылау

Дара және күрделі етістікті ажырату, сөйлемнен етістікті табу дағдыларын бекіту.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, топтық жұмысқа қатысуы және тест нәтижелері негізінде бағаланады.

Үй тапсырмасы

Дара және күрделі етістікке қатысты қосымша жаттығулар орындау, таңдаған бірнеше етістікпен сөйлем құрастыру.