Талантты және дарынды балаларды анықтау және оқыту жолдарын іздеу

Коучинг тақырыбы

Талантты және дарынды балаларды анықтау және оқыту жолдары.

Мақсаты

Дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдарын іздестіру, оларды оқыту әдістерін зерделеуге көмектесу және іс-тәжірибеде пайдалануға бағыттау.

Оқыту нәтижесі

  • Мұғалімдер түрлі тапсырмалар орындау барысында дарынды және талантты оқушыларды анықтау тәсілдері туралы тереңірек ой қорытады.
  • Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасаудың тиімділігі туралы мәлімет алып, оны өз тәжірибесінде қолдануға ұмтылады.

Негізгі идеялар

  • Топта ынтымақтастықта жұмыс жасай білу.
  • Дарынды, талантты оқушы туралы өз ойларын еркін жеткізе білу.
  • Талантты және дарынды балаларды анықтау мен оқыту жолдарын жүйелі түрде іздеу.

Ресурстар

Көрнекі және таратпа материалдар

  • Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек және басқа да геометриялық фигуралар.
  • Суреттер.

Жұмыс құралдары

  • Стикерлер, маркерлер, плакат.
  • Бейнежазба.

Коучинг барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

10 минут

Сәлемдесу

Қатысушылардан бір-бірімен әртүрлі тілде амандасуды сұрау: қазақша, үндіше, кәрісше.

Психологиялық ахуал қалыптастыру

3 минут

Коуч қатысушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызып, тізбектеле отырып жақсы тілектер айтуын ұсынады.

Топқа бөлу

Әріптестер өзіне ұнаған геометриялық фигураны таңдау арқылы топтарға бөлінеді. Слайд арқылы әр топ мүшесіне қысқаша мінездеме беріледі.

Топ ережесін құру

Бірлескен жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін ортақ ережелер қабылданады.

Халық даналығы: «Бұлақ көрсең, көзің аш»

Қатысушылардан нақыл сөздің мағынасын ашып, оны дарынды және талантты оқушыларды қолдау идеясымен байланыстырып түсіндіру сұралады.

Автор туралы

Қалиева Назипа Қанибайқызы — М. Мәметова атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.