Хош иіс

Сабақтың тақырыбы

Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер).

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Көрнекіліктер

  • Жыл мезгілдері суреттері
  • Сөзжұмбақ
  • Деңгейлік тапсырмалар
  • Жеке сюжетті сурет

Негізгі тақырып

Заттың сынын білдіретін сөздер (сын есім): заттың түрін, түсін, көлемін, сапасын, дәмін білдіреді.

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік беру.

Дамытушылық

Оқу-жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын және логикалық ойлауын дамыту, сын есімді зат есіммен байланыстырып сөйлем құрату дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Сыныбымыз тап-таза,
Бор да дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партада.

Әңгімелесу (жыл мезгілі суреті бойынша)

  • Сұрақ

    Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

    Жауап

    Жыл мезгілі.

  • Сұрақ

    Біз қазір қай мезгілді өткізіп жатырмыз?

    Жауап

    Көктем.

  • Сұрақ

    Көктем мезгілі сендерге несімен ұнайды?

    Бағыт

    Оқушылардың еркін жауаптары тыңдалады.

Бүгінгі сабағымыз көктем мезгілімен байланысты. Біз «Көктем сәні» ертегісін оқып, ертегідегі заттың сынын білдіретін сөздерді табамыз.

Мәтінмен жұмыс: «Көктем сәні»

Мұғалім ертегіні мәнерлеп оқиды, содан кейін оқушылар тізбектей оқиды. Енді ертегідегі ерекшеленген сөздерге назар аударайық:

Сұрақ-жауап үлгілері

Қандай желек?
Жасыл желек.
Қандай иіс?
Хош иіс.
Қандай су?
Мөлдір су.
Қандай аспан?
Ашық аспан.
Қандай самал?
Салқын самал.

Қорытынды

Біз жасыл, хош, мөлдір, ашық, салқын сөздеріне сұрақ қойдық. Бұл сөздер көктемнің түрін, иісін, сапасын білдіреді.

Ереже

Заттың сынын білдіретін сөздер заттың түсін, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіреді және «қандай?», «қай?» сұрақтарына жауап береді.

Жаттығулар

262-жаттығу

Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті? Бұл сөздер нені білдіреді?

Сарғыш түсті, дөңгелек,
Ортасында дәні бар.
Көрсең егер оны жеп,
Балдай тәтті дәмі бар.

Сөз

Сарғыш

Заттың түсін білдіреді.

Сөз

Дөңгелек

Заттың пішінін білдіреді.

Сөз тіркесі

Балдай тәтті

Заттың дәмін білдіреді.

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Беске-бесті қосайық,
Алақанды ашайық.

263-жаттығу (ойын)

Ойынның аты: «Сиқырлы зат». Берілген сипаттама бойынша затты тап.

1

Аппақ, суық(қар)

2

Түзу, ұзын(ағаш)

3

Жыртқыш, қорқау(қасқыр)

4

Домалақ, тәтті(алма)

Шығармашылық диктант

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра.

Айнұр қызыл алды көйлек

Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей

Мәтіндегі сын есімді тауып, астын сыз. Сұрақ қой.

Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

2-деңгей

Берілген сөздерге сынын білдіретін тиісті сөздерді таңда.

Ыстық қар

сәйкестендір

Тәтті тау

сәйкестендір

Биік алма

сәйкестендір

Ақ жаз

сәйкестендір

3-деңгей

Сурет бойынша сөйлем құрап жаз. Сын есімнің астын сыз.

Ескерту

Мұғалім ұсынған сюжетті сурет негізінде 1–3 сөйлем жазылады.

Қосымша материалдар

  • Толық нұсқасын жүктеу
  • Слайдын жүктеу