Әңгімені композициялық құрылымына қарай талдау
Сабақтың тақырыбы
Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесін талдау: жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, туындының идеялық-мазмұндық өзегін ашу.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы нақты мәлімет беру, әңгіменің мазмұнын түсіндіру және негізгі ойды ашу.
Дамытушылық
Ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, дәлелді пікір айтуға үйрету, ойлау қабілетін дамыту; шығармашылық жұмыс жасап, өзіндік тұжырым ұсынуға бағыттау.
Тәрбиелік
Шығарма идеясы арқылы адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге баулу, бірлескен іс-әрекетке бейімдеу.
Әдіс-тәсілдер және бағалау
- Жаңа әдіс-тәсілдер және топтық жұмыс форматы
- Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары (СТО)
- Сұрақ-жауап, «Серпілген сауал», ұшқыр сұрақтар
- Блум таксономиясы бойынша тапсырмалау
- Формативті бағалау: шапалақтау, «Бағдаршам»
Көрнекіліктер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру.
- Сыныпты 4 топқа бөлу (гүлдер түрлері бойынша): Түймедақ, Қызғалдақ, Раушангүл, Сарғалдақ.
II. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттары
- 1 Білу: жазушы және оның шығармашылығы туралы мәлімет біледі.
- 2 Түсіну: шығарманы композициялық құрылымына қарай мазмұндайды.
- 3 Қолдану: мәтінмен жүйелі жұмыс жасай алады.
- 4 Талдау: жазушы туындыларын өзара салыстырады.
- 5 Жинақтау: проблемалық сұрақ төңірегінде ой қорытады.
- 6 Бағалау: туынды мәнін ұғынып, бағасын береді.
III. «Білу» кезеңі: жазушыға шолу
Тақтамен жұмыс
Жазушы туралы деректерді жинақтау, хронологиялық кестемен жұмыс.
Топтық бағалау
Топтардың белсенділігі мен жауаптарының нақтылығы шапалақтау арқылы бағаланады.
Ғ. Мүсірепов шығармаларының жанрлық жіктемесі (постер қорғау)
Әңгімелері
- «Ананың анасы»
- «Ер ана»
- «Талпақ танау»
Повестері
- «Қос шалқар»
- «Тулаған толқында»
Романдары
- «Қазақ солдаты»
- «Оянған өлке»
- «Ұлпан»
Драмалары
- «Қыз Жібек»
- «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
Балладалары
- «Жапон балладасы»
Ғылыми еңбектері
- «Заман және әдебиет»
- «Суреткер парызы»
- «Дәуір дидары»
IV. «Түсіну» кезеңі: композициялық талдау
«Серпілген сауал» әдісі
Топпен жұмысБасталуы
Әңгіме Әйтілестің «Оқыңдар, шулап» деп саудагер Рамазанға ертеде өткен оқиғаны жаңғыртып айтуынан басталады.
Дамуы
Оқиға желісі Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануынан басталып, жылқыны барымталап қайтуы, жолда тезек арқалап келе жатқан жас қызды олжалап, аттарына мінгестіріп әкетуі сияқты әрекеттермен өрбиді. Оқиғалар бір-бірімен сабақтасып, шиыршық атқан күйде жалғасады.
Шиеленісуі
Артынан қуып келген қыздың анасы барымташыларды орап алып, қарсы тұрады.
Шарықтау шегі
Әумесер Кейкінің үкімі бойынша қызды шешесімен бірге ат жалына өңгеріп, күндікке алып кету туралы шешім айтылады.
Шешімі
Сөзден жеңілген Жалпақ балуан ойға шомып, тосылып қалады да, ана мен қызына бостандық береді.
Сұрақ-жауап бөлімі
Сен қалай ойлайсың? Оқиғадағы шешуші сәт қай тұста және неге?
Ананың әрекеті арқылы автор қандай құндылықтарды алға шығарады?
Жалпақ балуанның өзгерісіне қандай себептер ықпал етті?
V. «Қолдану» кезеңі: мәтінмен жұмыс
«Бағдаршам» тәсілі
Оқушылар түсіну деңгейін белгілеп, дәлелмен қорғайды. Талдау нысандары:
- Ананың сөзі
- Ананың батырлығы
- Ананың портреті
- Жалпақтың сөзі
Семантикалық картамен жұмыс
Кейіпкер әрекеті, сөз саптауы, мінез көрінісі және идеялық мәнін сәйкестендіріп, қорытынды жасайды.
Нәтиже
Оқушы мәтіннен дәлел келтіріп, өз пікірін жүйелі түрде негіздейді; топ ішінде тыңдау, талқылау, келісу мәдениеті қалыптасады.