Заттарды топқа бөл
Сабақтың тақырыбы: 10 саны
Бұл сабақта оқушылар 10 саны туралы түсінігін кеңейтіп, 10-ға дейінгі реттік санауды (тура және кері) меңгереді. Сонымен қатар, 10 цифрының баспа түріндегі жазылуымен танысып, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың мақсаты
10-ға дейін реттік санауды меңгерту.
Міндеттері
- 10 саны бойынша тура және кері санауды үйрету.
- Математика пәніне қызығушылықты арттыру.
- 10 цифрының баспа түріндегі жазылуымен таныстыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құралдар мен әдістер
Көрнекіліктер:
Жаңа тақырыпқа байланысты суреттер, кеспе сандар, түрлі түсті текшелер, магнитті көрнекіліктер.
Әдіс-тәсілдер:
Сұрақ-жауап, ойын арқылы түсіндіру, көрсету.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. Мұғалім: «Балалар, қазір бізде математика сабағы. Алдымен шаттық шеңберін құрып, бір-бірімізге жақсы тілек айтайық».
Шаттық шеңбері
Оқып-білім аламыз,
Біздер зерек баламыз.
Математика пәнінде
Тапқыр, алғыр боламыз.
Топқа бөлу: 1, 2, 3 сандарын санату арқылы оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.
- «Неше топ болдық?»
- «Топ басшысын сайлап алыңдар.»
- «Енді топ ережесімен танысамын.»
Алтын ереже
- Тыныштық сақтау.
- Бір-бірін тыңдау.
- Өз ойын ашық айту.
- Уақытты үнемдеу.
II. Өткен сабақты қайталау
I топ
«Балалар, біз нешеге дейін санауды үйрендік?»
II топ
1-ден 9-ға дейін санау (тура және кері санау).
III топ
«9 саны қай санға ұқсайды?»
III. Жаңа сабақ
Мұғалім: «Ал енді, балалар, 9 санына 1-ді қоссақ, неше болады?» Оқушылардың жауабынан кейін сабақтың негізгі тақырыбы ашылады: бүгін біз 10 санымен танысамыз.
Негізгі түсінік
- 10 саны 1 және 0 цифрларынан құралады.
- 10 — екі таңбалы сан.
- 10-ға дейін санау: тура және кері.
Оқушылар 10-ға дейін және 10-нан кері қарай санайды. Кейін санды нақтылау үшін:
- түрлі түсті текшелерді санайды;
- магнитті көрнекіліктер арқылы заттарды санайды.
№1 тапсырма: Суретпен жұмыс
Суретте 10-ға дейінгі әртүрлі заттар берілген. Оқушылар заттарды атайды, топқа бөледі және әр топтың атауын айтады.
- Неше бас киім бар?
- Етік, киім ілгіш, қолғап сияқты заттарды санап шық.
- Тиісті цифрді жаз.
Сергіту сәті
Мұғалім: «Шаршаған болармыз, бойымызды сергітіп алайық».
Оң қолымда 5 алама,
Сол қолымда 5 алама.
5-ті 5-ке қосқанда,
Болады екен 10 алама.
Ойын: «Кім жылдам?»
№2 тапсырма 7 санының құрамын бекітуге бағытталған. Топтар берілген қосындыларды жылдам құрастырып, жауаптарын айтады.
I топ
2 + 5
II топ
1 + 6
III топ
4 + 3
Өздік жұмыс
Қарағанды облысы, Атасу кенті, М. Жұмажанов селосы, Жаңаарқа жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Тажикенова Назгуль Муратовна.