Жармаларды сақтау тәсілдерін ата

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшеліктерін таныту, тағам дайындау технологиясындағы әдіс-тәсілдерді үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың ұлттық тағамдар туралы білімін, қызығушылығын, еркін сөйлеуін және ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу; тағам дайындау барысында тазалыққа, ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың басында амандасу әдебі сақталады, оқушылардың көңіл күйі мен денсаулығына назар аударылады.

  • Қатысымды бақылау: жоқ оқушыларды белгілеу, кезекшіні анықтау.
  • Дайындық: оқу құралдарын тексеру, жұмыс орнының тәртібін қадағалау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы білім деңгейі анықталады.

  1. Жарма дәнді дақылдарына не жатады?
  2. Жармалар қандай тағамдық заттарға бай?
  3. Жармалардың алғашқы өңделуі не үшін қажет?
  4. Жармадан қандай тағам түрлерін жасауға болады?
  5. Жармаларды сақтау тәсілдерін ата.
  6. Макарон өнімдерінің қандай түрлерін білесің?
  7. Макаронның шығу тарихы қандай?

III. Жаңа сабақ

«Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады», «Ас — адамның арқауы». Мақалдардың мағынасы талқыланып, тақырып ашылады.

Бүгінгі сабақта оқушылар топтарға бөлініп, ұлттық тағам түрлері және олардың дайындалу жолдары туралы мәліметпен танысады.

1-топ: Ет тағамдары

Қазақша ет, сорпа, қуырдақ, қазы, қарта, жал-жая, шұжық, сүр ет, құйрық-бауыр.

2-топ: Сүт тағамдары

Қымыз, шұбат, айран, сары май, құрт, кілегей, сүзбе, ірімшік.

3-топ: Ұн тағамдары

Бауырсақ, шелпек, құймақ, қаттама және т.б.

Тапсырма: кім көп біледі?

Ұлттық тағамдар, жұмбақтар және мақал-мәтелдер бойынша білімді тексеру.

1. Нан бар жерде... (жан бар)

2. Айранды ұйыту тәсілін ата.

3. Шұжық қалай жасалады?

4. Бауырсақтың қандай түрлерін білесің?

5. Ас адамның... (арқауы)

6. Қазақша етті қалай пісіреді?

7. Еттің сорына — қуырдақ, ұнның сорына... (бауырсақ)

8. Бауырсақтың жасалу жолын ата.

9. Ас атасы... (нан)

10. Қатты, әрі тәтті дәмін кім жеп көрген? (құрт)

11. Қазы-қарта дегеніміз не?

12. Қуырдақтың жасалу жолын ата.

13. Үсті тас, асты тас, ортасында піскен ас. (таба нан)

14. Шұбат неден жасалады?

15. Қаймақ дегеніміз не?

16. Сылдыр сұйық, су емес. Ішсең сусын қанады. Ақ болса да қар емес. Шешуін кім табады? (сүт)

17. Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген... (жаяу қалады)

18. Табақ тарту ретін ата.

19. Қаймақтың түрлерін ата.

20. Жылқының етін жесең тісіңе кіреді, жемесең... (түсіңе кіреді)

Келесі тапсырма (топтық жұмыс)

Әр топ қағаз бетіне «Қазақтың бай дастарқаны» тақырыбында жобалық сызба жасап, тағам түрлерін ретімен орналастырып көрсетеді.

IV. Сабақты пысықтау (рефлексия)

INSERT картасы арқылы қорытынды жасалады және кері байланыс алынады.

Ой қозғау сұрақтары

  • Сабақ несімен қызықты болды?
  • Сабақтан не үйрендім?
  • Нені білдім?
  • Нені білгім келеді?

Қорытынды

Оқушылардың ұлттық тағамдар туралы білімін меңгергені байқалды. Сабаққа белсенді қатысуына қарай жетондар саналып, нәтижелер белгіленеді.

VI. Үйге тапсырма

Басқа ұлттардың ұлттық тағамдары туралы реферат жазу.

VII. Бағалау

Оқушылардың белсенділігіне және сұрақтарға жауап беру сапасына қарай білімдері бағаланады.

VIII. Қорытынды әрекет

Жұмыс орнын ретке келтіру, құралдарды жинастыру, тазалық сақтау.

Есте сақтайық

Тазалық

Тағам дайындауда гигиена — денсаулық кепілі.

Ұқыптылық

Құралды дұрыс пайдалану және тәртіп сақтау нәтижені жақсартады.

Үнемділік

Асты қадірлеу — еңбекті қадірлеу.