Мұғалім болам, ұстазым

Бастауышым – балбұлағым!

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, сүйікті шәкірттер! Бүгінгі күн — бәріміз үшін ерекше күн. Өйткені төрт жыл бойы білім алып, қанатын қатайтқан балапандарымыз бастауышпен қоштасқалы отыр. Осы қуанышты да қимастыққа толы сәттеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

«Бесіктегі баланың күлгенін көрген — бір мұрат. Алдына түсіп ананың жүргенін көрген — бір мұрат», — деген екен. Сол айтқандай, мұны көру — бір бақыт.

Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «Б» сынып оқушылары осыдан төрт жыл бұрын алты жасар бүлдіршін еді, ал бүгін — ес біліп, етек жиған шәкірт. Бұл күнге оңай жеткен жоқпыз. Еске алар сәттеріміз аз болмады: мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн, Әліппемен қоштасу, Наурыз тойы, Жаңа жыл және түрлі тәрбиелік шаралар.

Ата-аналар!

Балаларыңыздың алғашқы басқыштан өткен күні құтты болсын! Балаларыңыз әрдайым сіздерді қуанта берсін!

Шәкірттердің жүрекжарды сәлемі

Карина

Бала шаққа болашақты жырлатып, шәкірттерге ой түзеткен сымбатты,
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге — армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Қуат

Армысыздар аталар мен аналар, ұрпағыңбыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап, оқы деп, үйреткен ғой Фарабидей бабалар.

Айгерім

Армысың сен, алтын ұя мектебім, саған айтар жыр-алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын — мектебіме арналады бұл әнім.

Хор

«Бастауыш» әні

Әлия

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі алтын ұя, ақ босаға — киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен, күллі шәкірт басын саған иеді.

Самал

Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің іргетасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасқалы отырмыз.

Ұлықбек

Сондай-ақ ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңған, оңымыз бен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасамыз.

Күнсұлу

«Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз бізді білімділікке, біліктілікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиеледі. Сондықтан ұстазымызға мың алғыс!

Хор

«Ұстазды қалайша қиямыз»

Ұстазға арналған өлеңдер

Дулат

Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен, көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытқан, өркенімді өсіріп, жалындатып жанарымды нұр еткен.

Мейіріммен бізге жайған құшағың қуат берді, көкке самғап ұшамын.
Өнегеңді өміріме үлгі етіп, арманымды бір өзіңмен құшамын.

Жангүл

Шуағы мол жаз күніндей қабағың, таң нұрындай арайлы ғой ажарың.
Жымиып бір маңдайымнан сипасаң, балбырайды бал-бұл жанып жанарым.

Ұлағатты ұстазымсың, данамсың, адалдыққа баулыған сен анамсың.
Білгеніңді ұрпағыңмен бөліскен, тұлғаң биік, дархан жүрек адамсың.

Сол үшін де аяулысың адамға, санамды ашып күн сыйлаған ғаламға.
Еңбегіңді қастерлейді бар адам, ұстаз атың ардақталып мәңгі.

Аян

Ұстазым, үйреттің де әріптерді, жаныма әліппеңіз жарық берді.
Оқыған өзіңізден ақын, ғалым — олардың үлгілі ісі халық көркі.

Темірлан

Жаныма шуақ құйдыңыз, құлпырып өстім өркендеп.
Армандап келем Абайша: өмірге кірпіш болсам деп.

Жадигер

Мәпеледің, үйреттің әсемдігін жер-көктің.
Шаршадың қанша шалдығып, аянбай бізге тер төктің.

Дана

Ұстаз жолы — ұлы жол, ұстазым менің — асқарым.
Біздерміз жазған дастаның: мөп-мөлдір болсын аспаның.

Диана

Желбіреген тұлымшағым, өзіңде өтті құлын шағым.
Алтын жүзді апатайым, сізді қалай ұмытайын.

Нұрсұлтан

Ұстазым, алтын ұстазым, естідім сізден құс сазын.
Көзімен көру — бақыт қой қыранның түлеп ұшқанын.

Хор

«Бүлдіршіндер – ізбасарлар»

Сандуғаш

Күттіңіз таңның атқанын, күттіңіз күннің шыққанын.
Өзіңізге ұқсап мен де ертең мұғалім болам, ұстазым.

Қанат

Бақытқа қолды серметтің, құдіретін көрдім жер-көктің.
Қиналдым, қанша тер төктім, қадірін сездім еңбектің.

Ерболат

Жығылсақ бізді сүйейсің, сүрінсек бізді демейсің.
Бәрімізді бөлмейсің, біздерге бақыт тілейсің.

Карина

Мұғалімдей дананың жаттап өстік сабағын.
Қанша есейіп кетсек те, есімізде ұмытылмай қаласың.

Қуат

Жүрегімде ұстаз берген сабағы өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын, ақылын — мәңгі есімде қалады.

Даналық сөздер мен өнеге

Карина Абай атамыздың сөзін еске салады: «Болмасаң да ұқсап бақ. Бір ғалымды көрсеңіз, “ондай болмақ қайда?” деп айтпа, ғылымды сүйсеңіз». Осы рухпен ата-баба жолын қуып, қазақтың би-шешендері мен хандарының өнегесінен үлгі алған оқушыларды тыңдайық.

Дулат — Абылай ханның сауалы

«Е, жырауым, қазына кімде?» — деп сұрапты Абылай.

Нұрсұлтан — Бұхар жыраудың жауабы

«Бізден сөз кетті ғой, өзің айта берсеңші», — дейді Бұхар жырау.

Дулат

«Мен айтсам, қазына байда, басқа кімде болушы еді?» — депті Абылай.

Нұрсұлтан

«Е, е, білмедің», — депті сонда Бұхар. «Үш рет жұт болса, байда қазына қалмайды. Үш рет жау шапса, ханда қазына қалмайды. Қазына — білімдінің басында».

Жангүл — «Дүниеде не өлмейді?»

Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?» — деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан: «Ағын су өлмейді, асқар тау өлмейді. Аспанда ай мен күн өлмейді. Әлемде қара жер өлмейді», — депті.

Ұлықбек — түйін

Ағын судың өлгені — алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені — басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені — қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ — бір Алланың қақпаны.

Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді.
Ғалымның хаты өлмейді.

Көңілді сабақтар: оқушы тапқырлығы

Математика сабағы

Бөлудің жаңа түрі.
«Сегізді екіге бөлгенде неше болады?»
«Тігінен бөлсек — екі 3, ортасынан бөлсек — екі 0».

Қазақ тілі сабағы

«Балалар, сөзді тасымалдағанда неге жалғыз әріптен тұратын буынды жеке қалдырып қоюға болмайды?»
«Жалғыз қалса, қорқады ғой».

Ерболат

Білім алған өзіңнен — дәрігер, ұшқыш, не ғалым.
Саған ыстық сезіммен қарайды жұрт, мұғалім.

Ұстаздарға арнау

Динара апайға

Мұғалімдерді басқардың, жауапты жұмыс атқардың.
Бастық Динара апай боп санасында біздей жастардың.
Өнер-білім іздеген ұланбыз ғой біз деген.
Сегіз жылдай әлі де бірге болсақ сізбенен.

Би

Испан биі

Зухра апайға

Талай біздің шырқалар әніміз, болмаса ән келер ме еді сәніміз.
Ән — көңілдің ажары. Жүре беріңіз мектептің боп ажары!
Әрқашан бола берсін жолыңыз, шаршамасын сырнай тартқан қолыңыз.
Зухра апайға көп-көп рақмет айтамыз!

Ән

«Мектеп әні»

Меруерт апайға

Осы тілді дейді ғой халықаралық — жүрейік ана тілмен қатар алып.
Әрине, мәртебелі қазақ тілі: жаспыз ғой, үйренейік аңғарып.
Оқушылар есінен шығара ма кім еңбек сіңіргенін бұл арада?
Орысша үйретуден жалықпаған апайымыз — Меруерт.

Би

«Смуглянка»

Мектеп директоры Амангелді ағайға

Сіз басқарған мектебім — бар баланың анасы.
Көшті бастап барасыз, беріп әділ бағасын.

КВН

Ер балалар

Халима апайға

Шынығып келеді денеміз, әлі де дами береміз.
Спортшыл болып шығармыз — рақмет айтамыз, Халима апай, шын жүректен біз.

Би

«Жастар биі»

Гүлзипа апайға

Шаршамастан сабақ берген, бізге қанат берген.
Сізді есте сақтаймыз, сеніміңізді ақтаймыз.

Ән

«Аян»

Лениза апайға

Білім берген саналы, ұмытпаймыз апайды.
Ұлағатты ұстаз боп шыға берсін атағы.

Би

«Барби»

Қорытынды

Бүгінгі кеш — алғыс пен ақ тілектің, естелік пен үміттің тоғысқан сәті. Келесі кезеңге қадам басқан шәкірттерімізге сәттілік, ұстаздарға зор құрмет, ата-аналарға шексіз рақмет!

Мектеп басшыларына және ата-аналарға сөз

Құттықтау тілектеріне кезек беріледі.