Абай Құнанбаев Сегіз аяқ

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңі.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға Абай өлеңдерін терең меңгерту, өлеңді мәнерлеп жатқа айтуға дағдыландыру, идеялық мазмұнын талдата отырып түсіндіру.
  • Әр оқушының өз ой-қиялын еркін дамытып, өзінше ой түюге баулу; шығармашылық жұмыс арқылы таным-түсінігін және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
  • Ақын өлеңдерін оқу арқылы дүниетанымды қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарды бойға сіңіру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық, назарды шоғырландыру, топтық жұмыс ережелерін еске түсіру.

II. «Білемін» — үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы: Абайдың өмірі, шығармашылығы, қарасөздері бойынша дайындық.

  • «Мен таныған Абай» тақырыбында ойтолғау жазу.
  • Өлең шығару (шығармашылық жұмыс).
  • Жұмыс дәптерінің толтырылуын тексеру.

III. «Білгім келеді» — жаңа сабақ

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып кейінгіге қалдырған кім?
Кіріспе ой қозғау

Абай — қазақ халқының рухани көсемдерінің бірі ғана емес, бірегейі. Ол — ойшыл да сыршыл данышпан. Ұлы ақын өз дәуіріндегі қоғамның келеңсіз тұстарын көріп өсті, сол себепті ел бірлігін аңсады, мәдениетті елдердің қатарына қосылуды және азат ел болуды армандады.

Бүгінде бұл арманның мәні айқын: тәуелсіздік — елдің ең қастерлі құндылығы. Абай әлемі — терең мұхит. Сол мұхитқа бойлап, ой түйіп, білім алайық.

Бүгін біз ұлы ақынның көркемдік қуаты кемеліне келген кезеңінде жазылған ірі шығармаларының бірі — «Сегіз аяқ» өлеңімен танысамыз.

Өлең 1889 жылы жазылған.

1) Көркем оқу

Абай оқуларының аудандық жүлдегері Айдана «Сегіз аяқ» өлеңінен үзінді оқиды.

2) Мәнерлеп оқу

Әр топтан бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.

3) Талқылау: өлеңде не айтылған? Не түсіндік?

  • Ақын өлеңде әлеуметтік мәселелерді көтереді; қазақ өміріне қатысты түйткілдерді атап, үлгілі ой айтады.
  • Өмір шындығын ашып қана қоймай, мақсатқа жетудің жолын да көрсетеді.
  • Жастар үшін негізгі тұжырым: адам болудың алғышарты — еңбек, білім және халыққа пайдалы қызмет.

«Сегіз аяқ» — бір жағынан сын мен сықаққа, екінші жағынан өсиет пен ғибратқа құрылған шығарма.

Өлеңнен үзінді

Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған. Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағына жетіп қайырған — Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең, өзің біл.
«Сегіз аяқ» (1 шумақ)

Өлең құрылысының ерекшелігі

Бұл өлеңнің бұрын өткен Абай өлеңдерінен өзгешелігі бар: ақын тыңнан қосқан шумақ өрнегі айқын көрінеді. Әр шумақ сегіз жолдан тұрады. Ырғақтық құрылымы ерекше: 5–8 буынды тармақтар жүйелі түрде үйлесіп, араласа өріледі.

Алдыңғы алты тармақ — тезис іспетті, соңғы екі тармақта ақындық ой қорытындысы түйінделеді. Бұл — қазақ поэзиясындағы жаңа өрнек. «Сегіз аяқ» өлшемін, шумақ өрнегін Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынұлы сияқты ақындар да қолданған.

Абай қиын ұйқасты шебер түрлендіріп, арнайы ән де шығарған.

7) Ән тыңдау

Жүсіпбек Елебековтың орындауындағы «Сегіз аяқ» әнін тыңдау. Ән арқылы өлеңнің мазмұны мен мақсатына ақынның ерекше мән бергені байқалады.

8) Дәптермен жұмыс: қанатты сөздер

Тапсырма: «Сегіз аяқ» өлеңіндегі қанатты сөздерді теріп жазу (жұмыс дәптері, 26-бет, 5-тапсырма).

1)

Өткірдің жүзі, кестенің бізі — өрнегін сендей сала алмас.

2)

Білгенге маржан, білмеске арзан — надандар баһра ала алмас.

3)

Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық — аздырар адам баласын.

4)

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

IV. «Білдік» — сабақты пысықтау

1) «Кім жылдам?» — топтық жұмыс (өлең құрылысына талдау)

I топ

Түбінде баянды еңбек — егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған — өнер емес, Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы

II топ

Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге, Көкірегінде болсын көз. Жүрегі — айна, көңілі ояу, Сөз тыңдамас ол баяу, Өз өнері тұр таяу, Ұқпасын ба сөзді тез.

Ұйқас түрі: аралас ұйқас

III топ

Әннің де естісі бар, есері бар, Тыңдаушының құлағын кесері бар. Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, Тыңдағанда көңілдің әсері бар.

Ұйқас түрі: қара өлең

2) Дәптермен жұмыс

«Сегіз аяқ» өлеңіндегі қанатты сөздерді теріп жазуды жалғастыру.

3) «Сен маған, мен саған»

Даналық толғамдарының жалғасын табу: оқушылар бір-біріне ой тастап, жауапты өз тұжырымдарымен толықтырады.

4) Тест

Өлең мазмұны, идеясы және құрылысы бойынша қысқа тест тапсырмаларын орындау.

5) Үй тапсырмасы

Елбасымыздың Абай туралы айтқан сөзі негізінде ойлану:

«Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс».
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
  • Осы сөздерге не негіз болды?
  • Келешек ұрпаққа қандай өсиет айтқысы келді?
  • Бұл пікір сендерге қандай ой салды?

Ескерту: әр оқушыға Елбасының айтқан сөзі жазылған қағаз таратылады.