Мақалдан заттың сынын білдіретін сөзді тап

Сабақ тақырыбы

Қазақ тілі: заттың сынын білдіретін сөздер (слайд арқылы).

Мақсаты

  • Өткен сыныпта алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту.
  • Шығармашылық қабілеттерін және ойлау дағдыларын дамыту.
  • Сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Түрі
Қайталау сабағы
Әдісі
Топтастыру, ойын, сөзжұмбақ
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, суреттер

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың білімі жаңғырып, тереңдейді; өз бетімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, түгендеу, тексеру.
  • Психологиялық дайындық.

Психологиялық дайындық (өлең)

Амансың ба, күн!

Амансың ба, дос!

Амансың ба, шеңберге әнге қос!

Амансың ба, ғасыр!

Амансың ба, әлем!

Баршаға амандық сәлем!

2) Негізгі бөлім: қызығушылықты ояту

Ойын: «Бәйге»

Қайталау сұрақтары

  1. 1.Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
  2. 2.Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
  3. 3.Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
  4. 4.Қазақ тілінде қанша әріп бар?
  5. 5.Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
  6. 6.«Не істеді?» сұрағына жауап беретін сөздер айт.

Суретпен жұмыс

Суреттегі не? Гүл.

Ол туралы не айтамыз? Ол қандай гүл?

Топтастыру: «Гүл»

әдемі үлкен жұпар иісті түсі қызыл жапырағы жасыл

Бұл сөздер заттың сынын білдіреді. Оларға «Қандай?» сұрағын қоямыз.

Сөз таптарына шолу

Мұғалім тақтаға «гүл» сөзін жазады. Бұл — сөз. Сөздер мағынасына қарай бірнеше топқа бөлінеді:

  • Заттың атын білдіретін сөздер
  • Заттың қимылын білдіретін сөздер
  • Заттың санын білдіретін сөздер
  • Заттың сынын білдіретін сөздер

Көркем жазу

Жазуға дайындық

Қолға қалам алайық,

Салақтықтан қашайық.

Р әрпін біз дұрыстап,

Әдемілеп жазайық.

Әріппен жұмыс

Р — дауыссыз, үнді дыбыс.

Жаттығу

р р р р р р р р

Мысал сөздер: риза, рет, рақым, тор.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу (ауызша)

Оқу және талдау

  • Сөйлемнің не туралы екенін қай баған арқылы анықтауға болады?
  • Оны анықтауға қандай сөздер көмектесті?
  • Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді?
  • «Қандай?» сұрағына жауап береді.

2-жаттығу (ауызша)

Түстер арқылы сипаттау

Қандай? Ақ, көк, жасыл, қызыл, сары, қара, көгілдір, көкшіл.

Осы түстермен тағы нені бейнелеуге болады? Мысалы: киім, табиғат көрінісі, ойыншық, көлік, жануар.

Дәптермен жұмыс

3-жаттығу

Жұпар иіс, сұр торғай, көк шымшық, көңілді тоғай.

Сергіту сәті: қарама-қарсы мағына

Қарама-қарсы сөздерді жаз:

Кең...
Ыстық...
Биік...
Жарық...

4-жаттығу

Берілген сын есімдерді тиісті сөздермен сәйкестендір:

Сын есімдер

қалың жирен қоңыр қызыл тәтті қышқыл

Сөздер

аю қанат айран ат киім алма

Ойын: «Ол не?»

Ең жасқаншақ аң — қоян. Ол кішкентай сыбдырдан да қашуға дайын тұрады. Қоян қараңғы түскен соң ғана сыртқа шығады. Күндіз өзіне жайлы жерде тығылып жатады. Қоянды аңшы да, жыртқыш жануарлар да аулайды.

Ой толғаныс

Терме диктант

Күз, кең, мейірімді, қоңыр, бала, дәмді, ыдыс, тас.

Ойын: «Жалғасын тап»

Мақал

Жақсы сөзге жан семіреді, жаман сөзден жан қорқады.

Мақал

Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.

Мақал

Жамандық пайда етпейді, жақсылық зая кетпейді.

Тапсырма

  • Мақалдардан заттың сынын білдіретін сөздерді тап.
  • Мақалдардың мағынасын түсіндір.
әдепті үлгілі тәртіпті таза өнерлі ұқыпты

Қорытынды

Бүгін біз заттың сынын білдіретін сөздерді қайталадық. Мұндай сөздерге «Қандай?» сұрағын қоямыз.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!