Отбасына қалай қамқорлық көрсетесің

Бөлімше: Мен және қоғам

Тақырып: Мен және менің отбасым — «Менің отбасым»

Пән

Дүниетану (1-сынып)

Негізгі ұғымдар

  • Отбасы
  • Шежіре
  • Отбасылық дәстүр

Оқыту форматы

Диалогтік оқыту, ашық сұрақтар, топтық және жұптық жұмыс.

Оқу мақсаттары

  1. 1 Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және оның мәнін түсіндіру.
  2. 2 Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау.

Сабақ мақсаттары

  • Өз отбасы және отбасы мүшелері туралы әңгімелейді.
  • Отбасындағы адамдардың өзара қарым-қатынасын бағалайды.
  • Отбасылық дәстүрлердің маңызын түсінеді.

Бағалау критерийлері

Түсіндіру

Дереккөздер негізінде отбасы ұғымын сипаттайды.

Мағынасы

Отбасы ұғымының мағынасын анықтайды.

Дәстүр

Отбасылық дәстүр түрлерін біледі.

Диалогке арналған ашық сұрақтар

Сұрақ 1

Отбасы деген не?

Сұрақ 2

Қандай туыстық атауларды білесің?

Сұрақ 3

Отбасыңа қалай қамқорлық көрсетесің?

Сұрақ 4

Отбасыңда қандай мерекелер атап өтіледі?

Тілдік мақсат

Тірек сөздерді қолданып сөйлем құрастыру: отбасы, шежіре, отбасылық дәстүр.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

Жұмыс дәптеріндегі 18-жұмыс парағын орындау кезінде оқушылар үйден әкелген фотосуреттерін жапсырады.

Музыка

Оқулықтың 31-бетіндегі дәстүрлер тақырыбы бойынша Наурыз мерекесіне байланысты ән тыңдалады.

Сауат ашу

«Шеңбердегі доп» сергіту ойынында оқушылар сөйлемдер құрастырады.

Сабақтың басы (4 минут)

Мотивациялық кезең (ұжымдық жұмыс)

  1. Суреттер арқылы топқа бөлу.
  2. Суреттер қандай ортақ тақырыппен байланысты екенін анықтау.
  3. Ширату тапсырмасын орындау.

Ширату мәтіні

Отбасы — ол ата-ана.

Отбасы — ол балалар.

Отбасы — ол туыстар.

Отбасы — үлкен шаңырақ.

ҚБ: «Шапалақ» әдісі

Сабақтың ортасы (4 минут)

Топтық жұмыс: Оқулықпен жұмыс («Кел, талқылайық!»)

Тапсырмалар оқулықтағы суреттер бойынша әңгімелеуге және сұрақтарға жауап беруге бағытталады.

1-топ: 30-беттегі сурет бойынша

  • Суретте кімдер бейнеленген?
  • Отбасыңның үлкені кім?
  • Саралау: Бұл адамдарды не біріктіреді?
  • Саралау: Өз отбасың туралы әңгімеле.
  • Саралау: Отбасы мүшелері бір-біріне қалай қарайды?

2-топ: 31-беттегі сурет бойынша

  • Қандай дәстүрлер бар?
  • Олар туралы не білесің?
  • Қандай мереке күндерді білесің?
  • Отбасыңда қандай мерекелер атап өтіледі?
  • Саралау: Отбасыңда Наурыз мерекесі қалай өткізіледі?
  • Саралау: Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден қандай ерекшелігі бар?

3-топ: 31-беттегі 2-сурет бойынша

  • Тұсау кесу рәсімі туралы не білесің?
  • Әңгімелеп көр.

Автор туралы белгі

Білім беру ұйымы

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі

Аты-жөні

Акоразова Бақтыгүл