Етістіктің сұрақтарын көрсет
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі: Қыстаубаева Айнұр
Сабақ тақырыбы
Дара және күрделі етістіктер
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту
Әдіс-тәсіл: Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы
Көрнекілік: интерактивті тақта (сызбалар, суреттер, сауалнамалар, ережелер, жаттығулар)
Мақсаты
- Оқушыларға дара және күрделі етістіктер туралы мағлұмат беру, күрделі етістіктің жасалу жолын таныту, салыстыру арқылы айырмашылықтарын байқату.
- Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту; өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; нақты сұрақ қоя білу қабілетін арттыру.
- Ұйымшылдыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Міндеті
Тапсырмалар мен жаттығулар арқылы дара және күрделі етістіктерді меңгерту.
Сабақ барысы
I кезең — Оқушылық деңгей
Ұйымдастыру · Үй тапсырмасы · Қайталау1) Топқа бөлу
- I топ Білімділер
- II топ Сауаттылар
- III топ Тәртіптілер
2) Топ ұрандары
-
Білімділер
Тобымызда білімділер, әрқашанда алда жүрер.
-
Сауаттылар
Сауатты жазу — ұранымыз, ылғи бестік аламыз.
-
Тәртіптілер
Тәртіп бар жерде білім бар, топ намысын қорғатар.
II. Үй тапсырмасы
432-жаттығу: сурет бойынша әңгіме құрап жазу. Мәтіннен етістіктерді табу.
1-деңгей — Сауалнама
-
Етістік болатын сөзді тап.
а) ақшыл ә) келді б) ауыл
-
Етістіктің сұрақтарын көрсет.
а) кім? не? ә) кімдер? нелер? б) не істеді? не қылды? қайтті?
-
Етістік нені білдіреді?
а) қимылды, іс-әрекетті ә) заттың атын б) санын
2-деңгей — Ережені еске түсіру
Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістікке не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
3-деңгей — Суретпен бірге күлейік
Көңіл көтеретін қысқа тапсырма: суретке қарап, етістіктерді қолданып 2–3 сөйлем құра.
II кезең — Алгоритмдік деңгей
Өз бетімен меңгеруЖаңа тақырыпқа кіріспе
- Күннің жадын жазу.
- Сабақтың тақырыбын дәптерге жазу.
433-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
1)
Жаңбыр жауды. / Жаңбыр жауып тұр.
2)
Қос аққу ұшты. / Қос аққу ұшып барады.
3)
Айнұр кітап оқыды. / Айнұр кітап оқып отыр.
Ереже шығару
Етістіктің дара және күрделі түрі болады.
Тақтадағы ережені оқып, мысалдар арқылы дәлелде.
Дара етістік
Бір сөзден тұрады.
Күрделі етістік
Екі-үш сөзден құралады.
434-жаттығу
Берілген дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз.
| Дара етістік | Күрделі етістік |
|---|---|
| ұшты | ұшып барады |
| күреді | күреп жүр |
| құйды | құйып отыр |
| үйді | үйіп жатыр |
| сүзді | сүзіп отыр |
| оқыды | оқып отыр |
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды шоғырландыру.
436-жаттығу
Қайсысы дара етістік, қайсысы күрделі етістік екенін дәлелде.
I топ
II топ
III топ
III кезең — Эвристикалық деңгей
Ізденіс · Талдау · Сөйлеу1-деңгей — «Адасқан әріптер»
Әр топ берілген әріптерден сөз құрайды.
I топ
а, т, а, р, ы, д
II топ
ү, г, р, і, д, і, ж
III топ
й, н, д, ы, о, а
Қосымша тапсырма
Шыққан сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
2-деңгей — Түрлендіру
Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыр.
I топ
жылыды
II топ
еріді
III топ
ақты
3-деңгей — Суретке қарап сөйлейік
Үш сурет бойынша әр топ дара және күрделі етістіктерді қолданып сөйлемдер құрайды.
Нұсқаулық: әр суретке кемі 2 сөйлем (бірі дара, бірі күрделі етістікпен).
IV кезең — Шығармашылық деңгей
Шығармашылық жұмыс437-жаттығу
Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Мәтінді талдап, қолданылған етістіктерді белгіле.
- Әңгіменің басталуы, дамуы, қорытындысы болсын.
- Дара және күрделі етістіктерді әдейі қолданып көр.
Үй тапсырмасы
1) Ережені жаттау
Дара және күрделі етістікке қатысты анықтамаларды қайталау.
2) Шығармашылық жұмыс
«Көктем келді» тақырыбына дара және күрделі етістіктерді қатыстырып әңгіме құрап кел.
Бағалау
Оқушылардың топтық жұмысы, жауаптарының нақтылығы және жазба жұмыстары бағаланады.