Ақтамберді жырау толғауларынан

Сабақтың тақырыбы

Жыраулар поэзиясы. Бұқар жырау.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Бұқар жыраудың өмірі мен толғаулары туралы мағлұмат беру. XV–XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясының ерекшеліктерін түсіндіру.

Дамытушылық

Дәлелді пікір айтуға баулу, шешен сөйлеуге үйрету, ойды нақты жеткізу дағдысын қалыптастыру, тіл дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке тәрбиелеу, елін, жерін, тарихын бағалауға және құрметтеуге баулу.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО, Венн диаграммасы
Негізгі бағыт
Талдау, пікірталас, тілдік тапсырмалар

Сабақтың жүргізілу барысы

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сыныптың зейінін сабаққа шоғырландыру, жұмыс ырғағын белгілеу.

  2. II

    Үй тапсырмасын тексеру

    Алдыңғы тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы білімді нақтылау.

  3. III

    Жыраулар поэзиясына жалпы шолу

    «Жыраулар поэзиясы» тақырыбындағы сан ғасырлық мұраны 3 кезең бойынша топтастыру.

  4. IV

    «Алтын қақпа» лингвистикалық ойыны

    Тілдік қорды дамытатын деңгейлік тапсырмалар арқылы мақал-мәтел, фразеологизмдерді меңгерту.

    Тас қақпа

    Фразеологиялық тіркесті түсіндір.

    Күміс қақпа

    Мақалдардың жалғасын тап.

    Алтын сандық

    Мақал мен мәтелді ажырат.

    Тапсырмаға ұсынылатын үлгілер

    • Қорқақты көп қусақ, батыр болады.
    • Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар.
    • Кең болсаң, кем болмайсың.
    • Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.
    • Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда.
    • Бидайдың басын көтергені — дақылының жоқтығы, жігіттің көкірегін көтергені — ақылының жоқтығы.
  5. V

    «Талдау — табыс кілті»

    Сатылай кешенді талдау арқылы мәтінді жүйелі қарастыру.

    • Ақтамберді жырау толғауларынан үзінділер.
    • Ілияс Жансүгіров: «Жетісу суреттері».
  6. VI

    Мағынаны ажырату

    Мәтінмен жұмыс: негізгі ойды табу, тірек сөздерді белгілеу, мағыналық қабаттарды ашу.

  7. VII

    Жаңа сабақ: Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668–1781)

    Қарастырылатын негізгі бағыттар

    1. Бұқардың өмірі мен жыраулық өнері.
    2. XVIII ғасырдағы тарихи жағдай.
    3. Өмір туралы толғаулары.
    4. «Бірінші тілек тілеңіз».
    5. «Керей, қайда барасың».
    6. «Ей, Абылай, Абылай!»
  8. VIII

    Өмір туралы толғауларды талдау

    Тақырып, идея, образ, көркемдік тәсілдер бойынша мәтінді талқылау.

  9. IX

    Венн диаграммасы

    Асан Қайғы мен Бұқар жыраудың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.

  10. X

    Сабақты қорыту

    Қайталау және бекіту: 9 сұрақ арқылы қорытындылау.

  11. XI

    Бағалау

    Оқушының белсенділігі, жауап сапасы және талдау деңгейі бойынша бағалау.

  12. XII

    Үй тапсырмасы

    Мәтіндерді оқып келу, жаңа сабақ бойынша негізгі ұғымдарды конспектілеу, талдауға дайындалу.