Еске алсақ сұм сұрапыл соғыс жылын, Жүрегін жұлып кеткен қанша мыңның
Еске алсақ сұм сұрапыл соғыс жылын,
Жүрегін жұлып кеткен қанша мыңның.
Ұлын, ерін іздеген жоқтауменен
Тыңдау қиын аналардың зарлы мұңын.
Тай - құлындай тете өскен бір ананың,
Қос ұлы жетелеген көкке арманын
Бірі Сүгір екіншісі Досан еді,
Бұзбаған ауылының жыр қаймағын.
Түспейтін домбырасы қолдарынан
Жүрген жері қос ұлдың той мен думан
Ағайынды екеуі ән салғанда
Тыңдаған ел өнеріне таңдай қаққан.
Екеуі де ер жетіп білім қуған
Еңбегімен ауылына үлес қосқан
Екі жылдай қаладан білім алып
Ұстаз болып ауылға бірге оралған.
Енді ғана сауаттанған қазақ ауылы
Бірлесіп жөндеп берді ескі тамды.
Мектеп деп тақтай іліп маңдайына
Қоңырау үніменен кірді сәні.
Міне осылай жалғасты еңбектері
Қос ұстаз шәкірттерге білім берді.
Ұмытпайтын колхоздың жұмысын да
Демалыста бірлесіп масақ терді.
Кәрі белі келтірмей жаздыруға
Сүйеніш таяқ ұстап бір қолына
Аяңдап келуші еді мектепке ана
Қос құлынын көруге арасында.
Дәл осылай жайдары жаздың күні
Естілді сұм сұрапыл соғыс үні
Тіршілікте қалғандай демін тартып
Самал жел мен сайраған құс та тынды.
Ер азамат аттанды Отан үшін
Басуға қас дұшпанның қорқау күшін
Перрон басы қоштасу, жылау, сықтау
Аттандырып бірі ерін, бірі ұлын.
Ақ жол тілеп тапсырып бір аллаға,
Қос ұлын аттандырып қан майданға
Көздің жасын сығымдап ана да тұр
Сүйеніп кәрі досы таяғына.
Мектепке де салынды қара құлып
Соғыс бітсе ойдағы жалғыз үміт.
Отан үшін ұлы еңбек майданына
Жас та, кәрі кірісті білек түріп.
Ауыл тегіс майданнан хат күтетін
Хат, хабар жалғайтындай бар үмітін
Қара қағаз алған үй азан - қазан
Ауыл болып қайғысын бөлісетін
Қос құлыным келер деп аман - есен
Жеті күлше таратып күнде көрсең
Келген хатты оқытып қайта - қайта
Ана да жүр көрем деп бәрін елмен.
Бүршік жарған қайыңның қос шыбығын
Мектептің ауласына әкеп бір күн
Отырғызды өссін деп зәулім болып
шаршағанда ұлдарым сая қылсын .
Соғыс бітті көкті тіреп өсті қайың
Ананың жүрегінде сары уайым
Ия тірі, ия бір өлі хабары жоқ
Ойлайды қос ұлының жағдайын.
Қос ұлын сағынумен аңсауменен
Ана да мәңгілікке өтті өмірден
Ізінен жоқтатпайтын ұрпақ емес
Қос қайың қалды зәулім көк тіреген.
Көз жасымен суарған қос қайыңы
Ананың қос ұлына махаббаты
Көк тіреген ауладағы екі қайың
Еске алдырар шәкіртке қос ұстазды.
Ескі тамның орнында зәулім мектеп
Ауласында қос қайың көкті тіреп
Сұм соғыста жоғалған қос ұстаздың
Таниды шәкірттері ескерткіші деп.
65 жыл жеңіс туы желбіреді.
Енді соғыс болмасын ел тілегі
Кешегі Отан үшін болған шайқас
Қанша ананың жүрегін тілгіледі.
9 мамыр
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МОНОЛОГ
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті туралы еңбектері мен сын мақалалары
Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов
Түркі халықтарының алтындай таза мұрасы болған «Қорқыт ата» және оның кітабындағы негізгі тәрбие беретін әңгіме, өлең, мақалдардың мазмұны, оның халықты тәрбиелеудегі орыны
Батыр Баян поэмасындағы антропонимдер
Жұмекен Нәжімеденовтің философиялық лирикасы
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ЖАНГЕЛДІҰЛЫ ЕСКЕЛДІ
Тынық мұхиттағы соғыс кезіндегі Оңтүстік Шығыс Азиядағы Жапонияның сыртқы саясаты
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы Ахбаев Е.М. 2006-2007 оқу жылының ғылыми зерттеу жұмыс жоспары
Соғыстың басталуы
Интервенция мен азамат соғысының басталуы
Жып - жылы сөйлеген сөздерімен, Жіберетін бойымды жылындырып
Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-саяси дамуы.
Аспанмен тілдескен тау
Атақтының атының ескерткiшi