Әдемі боп жүреміз, Достар бізге қызығар
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында
"Айгөлек" бала-бақшасының тәрбиешісі
Алипкалиева Тажигуль Ибраевна
Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығы мемлекеттік мекемесі
Авторлық бағдарлама
Сергіту сәттері, шаттық шеңбері, өтірік өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар жинағы
Сергіту сәттері
Беті – қолды жуамын
Шомыламын күнде мен
Тісімді де жуамын
Тазалықты сүйем мен
Әдемі көйлек үстімде
Би билеймін әндете
Өнерлі бала боламын
Ел қызығар сүйсіне
Ормандағы аюдың
Бал арасы көп екен
Омартаға қуайын
Аюмен дос болайын
Екі қолым оң саусақ
Сурет салам шимайлап
Жапсырамын ұқыпты
Құрастырам жинақы
Көбелекше қанат жайып,
Гүлдерге мен қонамын.
Құмырсқаша күні - түні,
Еңбекқор бала боламын.
Аю болып қорбаңдап,
Қасқыр болып ұлимыз.
Қу түлкіше майысып,
Қоянша секіріп аламыз.
Беті қолды жуамыз,
Түсте ұйқыға жатамыз.
Бесінде біз ас ішіп,
Кеште үйге қайтамыз.
Ою - өрнек оямыз,
Әшекейлеп көрікті.
Сәукелені киемін,
Бұрымды қыз бөрікті.
Саусақтарым жарыса,
Жазу жазар майыса.
Аяқтарым сап түзеп,
Денем түзеу қараса.
Көп отырып, шаршадық,
Қозғалуды аңсадық.
Билегіміз келеді,
Әдемілеп ән салып.
Тік тұр, қолыңды соз,
Оңға - солға бұрылыңыз.
Шымыр болсын денеміз,
Жаттығуды үйренеміз.
Сырға, жүзік, алқалар,
Көрік берер кім тағар?...
Алтын, күміс білезік,
Сән берер шашбау, шолпылар.
Әдемі боп жүреміз,
Достар бізге қызығар.
Әсем, биік үйіміз
Жиһаз толы ішіміз
Диван, үстел, шкафтар,
Орындық, кілем, теледидар,
Шаңсорғыш пен тозаңытқыш,
Аквариумда балықтар
Алуан - алуан гүлдерім
Көркейтер әрбір бөлмені
Жып - жинақы тап - таза
Жиһаз толы тамсана.
Еденді де жуамын,
Гүлдерге су құямын.
Жиһаздарды тазалау,
Апамның ісі ол бүгін.
Біздің ауыл көңілді,
Тату - тәтті әр үйі.
Балапаным - ботақан,
Құлыншағым - қошақан,
Еркелетіп, аялап,
Әкем - анам – саябақ.
Аққала, аққала,
Доп - домалақ үш ғана.
Мұрны үшкір - сәбіздей,
Көзі қара - көмірдей,
Басында әсем шелегі,
Қолында биік терегі,
Ортада ойын алаңы,
Шақырар бар баланы.
Біз батыл баламыз,
Жылыжай ауламыз.
Ақ ұлпа қарыңнан,
Аққала соғамыз.
Мен отырмын бірінші,
Бірінші шаршы ол енді.
Екі - үшпен әрі қарай,
Достарың отыр жағалай.
Дөңгелек, шаршы, сопақша,
Қолыңды көтер жалауша.
Асыл өлкем ерекше,
Қазақстан мекенім.
Беп - белгілі емес пе?
Сенің ғажап екенін.
Лэпбук мектеп жасына дейінгі балаларға жыл мезгілдерін оқытудың заманауи құралы ретінде атты 4-5 жастағы балаларға арналған жоба
Ақындық даралық Ж. Әбдірашев, Т. Медетбек лирикалары негізінде
Балалардың сүйікті жыршысы
Суреттерде балалардың балабақшадағы достары
Жүсіп Қыдыров лирикасының көркемдігі
Халықтың Қанышы
Сапарғали Бегалин
60-70-жылдары әдебиетіміздің туын ұстаған ақсақалдар
Әскер – ел қорғаны
Weekend турлары
Аға ұрпақ бізге үлгі
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым
Шал ақынның мұралары бізге толық жетпеген, жеткендерінің өзі бір жарым мың жол ғана
Қазақстан әдемі, бай, тәуелсіз ел
Патша баласын өлтіріп, бізге қайт
Сендердің бәріңде менің алдымда тірі кісідей боп тұрдыңдар
Бопай ханым Әбілқайырдың жан - жақты мәселелерін шеше отырып, ханымның айтқан ақылдарын тыңдап отыруы
Кластың іші жарық, әдемі
КСРО ҚҚМ эскери - саяси училищесін (Ленинград, 1974), Мәскеудегі әскери - саяси академияны (1983) бітірген
Нұрсұлтан атамыздың салауатты өмір салты бізге үлгі