Қайрош қандай бала

Сабақтың тақырыбы

Ғабит Мүсірепов — «Жаңа достар».

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  • Сұрақтарға толық әрі дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
  • Өз ойын дәл жеткізуге және әңгіменің негізгі идеясын таба білуге үйрету.

Дамытушылық

  • Дүниетанымдық көзқарасын тереңдету.
  • Білімге құмарлық пен талпынысты арттыру.
  • Тапқырлыққа баулу.
  • Шығармашылық қабілет пен сөздік қорды дамыту.

Тәрбиелік

  • Оқушыларды адал достыққа баулу және оны бағалай білуге үйрету.
  • Жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және ресурстар

Көрнекі құралдар

  • Ғ. Мүсіреповтің суреті.
  • Слайд материалдары.
  • Қайырғали Смағұловтың портреті.
  • Интерактивті тақта (сұрақ кестесі).

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Іздендіру сабағы.
Әдіс-тәсілдер
Деңгейлік тапсырмалар, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1-топ

Үзінді бойынша өз ойларын жазып келу.

2-топ

Үзіндіден портретті табу.

3-топ

Шығармадан пейзаж бен кейіптеуді табу.

1) Қызығушылықты ояту

«Бәрін білгім келеді?» ойыны

Алдыңғы тақырыпты бекітуге арналған тест сұрақтары арқылы оқушылардың білімін нақтылау.

Тест сұрақтары (қысқаша жауаптарымен)

  1. 1. Ғ. Мүсірепов қай жылы дүниеге келді?

    1902 жыл

  2. 2. Жазушы қай жерде дүниеге келді?

    Солтүстік Қазақстан

  3. 3. Ғ. Мүсіреповтің пьесасы қайсысы?

    «Қыз Жібек»

  4. 4. Қайрош шешесімен бірге ауылға кетпей, неге балалар үйінде қалды?

    Оқығысы келді

  5. 5. Қайрош кімнің прототипі?

    Қайырғали Смағұлов

  6. 6. Оқиға қай жылды бейнелейді?

    1941 жыл

  7. 7. Қайрош нешеге дейін санауды білді?

    2887

  8. 8. Шеген неше өсиет айтты?

    3

  9. 9. Қайрош қандай бала?

    Талапты

  10. 10. Шеген не себепті үйден кетті?

    Молдада оқымау үшін

  11. 11. Бораш қандай бала?

    Қыз мінезді

  12. 12. Қайроштың аяғы ауырғанда Шеген не істеді?

    Йод пен май жақты

  13. 13. Борашты өгей шешесі неден құлатып жіберді?

    Қораның төбесінен

  14. 14. Бораштың аяғын не кесіп кетті?

    Соқa

  15. 15. Олар қандай достар?

    Адал достар

  16. 16. Салқын сарай үйлері неден жасалған?

    Үңгір ішінен

  17. 17. Балалар үйінде неше бала тәрбиеленді?

    50

  18. 18. Тәрбиеші апай кім?

    Мария апай

  19. 19. Тәрбиеші анасына не ұсынды?

    Шай

  20. 20. Қайроштың ағасы кім?

    Айдаш

  21. 21. Қай теңіз бейнеленген?

    Каспий теңізі

  22. 22. Шеген ең алдымен адамға не керек деді?

    Бас

  23. 23. Балалар күнкөріс жолында не істеді?

    Өнерлерін көрсетті

  24. 24. Жазушы неше жасында қайтыс болды?

    83 жас

  25. 25. Қайрош қалаға не үшін қашты?

    Сиыр бақпау үшін

2) Мағынаны тану

Шығарманың композициялық құрылымы

Оқиға желісін кезең-кезеңімен талдау арқылы негізгі ойды айқындау.

  1. 1. Басталуы

    Қайроштың қалаға қашуы.

  2. 2. Байланысы

    Қайроштың Шеген және Борашпен танысуы, достасуы.

  3. 3. Дамуы

    Тамақ табу үшін базар халқына өнер көрсетуі.

  4. 4. Шиеленісуі

    Милиционердің балаларды қуып таратуы.

  5. 5. Шарықтау шегі

    Қайроштың балалар үйіне тапсырылуы.

  6. 6. Аяқталуы

    Қайырғалидің балалар үйінде қалуы және оқуға ниет білдіруі.