Адасқан мамандар ойыны
Оқу қызметі туралы мәлімет
- Білім беру саласы
- Әлеуметтік орта
- Оқу қызметі
- Экология негіздері
- Тақырыбы
- Мамандықтар
Мақсаты
- Әртүрлі мамандық иелері туралы түсінік қалыптастыру.
- Барлық мамандық иелерінің еңбегін қадірлеуге үйрету.
- Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
- Есте сақтау қабілетін дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар
- Мамандық иелерінің суреттері.
- Дидактикалық ойындарға арналған материалдар.
Негізгі ұғымдар
Сөздік жұмысы: амандасу, қайырлы таң, мамандық.
Билингвалды компонент
- Дәрігер — доктор
- Аспаз — повар
- Тігінші — портниха
Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Шаттық шеңбері
Біз кішкентай баламыз,
Еркін өсіп толамыз,
Күнге қарай талпынып,
Көкке қанат қағамыз.
Әлемдегі бар адамға
Біз жақсылық тілейміз.
Ұйымдастыру-ізденушілік кезең
I. Суретпен жұмыс
Балалар, мына суреттерде біз ауырып қалсақ емдейтін, әдемі киім тігіп, дәмді тамақ пісіретін адамдар бейнеленген. Мұндай адамдарды бір сөзбен мамандық иелері деп атаймыз.
Мамандық — адамның еңбек қызметінің түрі.
II. Тосын сәт: «Бізде қонақта»
Бізге қонақтар келеді. Қонақтарды қол соғып қарсы алайық.
1) Дәрігер
- Бұл кім?
- Дәрігер не істейді?
- Қалай емдейді?
Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де, баланың
Қиналғанда қасына
Бірінші боп барамын.
Кішкене әлі баламын,
Таудай менің талабым.
Ақ халатты абзал жан,
Мен дәрігер боламын.
2) Аспазшы
Жұмбақ шешу арқылы келесі қонақты шақырамыз:
Тәп-тәтті тамағы,
Астың маманы.
Бұл кім, балалар?
Аспазшы
Әзірлеп дәмді тамақты,
Торт пенен құймақты,
Пісірген түрлі тоқашты,
Мен аспазшы боламын.
3) Тігінші
Мен тігіншімін. Адамдарға киім, көрпе-төсек тігемін. Маған тігінші болу ұнайды. Өз жұмысымды жақсы көремін.
4) Үш тілде айту
Қонаққа келген мамандықтарды үш тілде атап көрейік (қазақша — орысша): дәрігер — доктор, аспаз — повар, тігінші — портниха.
III. «Кімге не қажет?» ойыны
Балаларға үйлестірмелі материалдар таратылады. Әр мамандық иесіне қажетті құралдарды тауып, дұрыс сәйкестендіру ұсынылады.
IV. Сергіту сәті
Бейнекөрсетілімді қарап, қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындаймыз.
V. «Адасқан мамандар» ойыны
«Адасып қалған» мамандардың орнына сәйкес келетін мамандықтарды тауып, атап шығу ұсынылады.
VI. «Арнайы көлік иелерін тап» ойыны
Арнайы көлік түрлерін атаймыз және әр көліктің иесін (қай маман жүргізетінін немесе қолданатынын) анықтаймыз.
Автор туралы мәлімет
Өңір
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы
Мекеме
«Сен сұлу» балабақшасы
Топ және тәрбиеші
«Ботақан» тобы, тәрбиеші: Шаидарова Макпал Мусахметовна