Жаңа сабақ бойынша дескрипторлар
Бөлім: Сүйіспеншілік пен достық
Күтілетін нәтиже
Оқушылар достықтың адам өміріндегі маңызын түсініп, адал дос пен амал досты ажырата алады.
Ойлау дағдылары
- Түсіну
- Білу
- Қолдану
Оқу мақсаттары
7.Т/А3
ТыңдалымТыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну; ұсынылған ақпарат бойынша факт пен көзқарасты ажырата білу.
7.ӘТН3
Тілдік нормаФразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп, орынды қолдану.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі
Ұсынылған ақпарат бойынша факт пен көзқарасты ажыратады; сұрақтарға жауап береді және сұрақ қоя алады.
Кейбір оқушылар
Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің эмоционалды мәні мен көркемдік ерекшелігін түсініп, қолдана алады.
Бағалау критерийлері
- Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпарат бойынша факт пен көзқарасты ажырата біледі.
- Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп, орынды қолдана алады.
Жаңа сабақ бойынша дескрипторлар
- Мәтінді түсініп оқиды.
- Аудиотаспадан мәтінді тыңдап, оқиғаның басталуы, дамуы және қорытындысын пайымдай алады.
- Мәтінге тақырып қоя біледі.
- Мәтінді жеке оқи алады.
- Биопоэмаларды оқып, талдайды.
- Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің эмоционалды мәні мен көркемдік ерекшелігін түсініп қолданады.
- «Қабырғадағы сұлба» әдісімен: қабырғаның ішіне мәтін мазмұнын жазады, сырт жағына мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
- Себеп–салдар диаграммасын («Балық қаңқасы») сызады және толтырады.
Оқыту әдістері
АКТ-мен байланыс
- Интерактивті тақта
- Тақырыпқа қатысты слайдтар
- Аудиотаспа
- Түрлі түсті маркерлер
- Плакат
- A4 қағазы
Тілдік мақсат (түсіндірме сөздік)
Жады ағаш
Айыр түйенің арқасына мініп жүру, жүк арту үшін салынатын арнайы әбзел. Жадының ішіне қамыс, қоға салынып, киізден тігіледі. Жады салынған түйенің терісі қажалмайды және жүкті де көп көтереді.
Мес
Теріден жасалған ыдыс. Қымыз, шұбат, айран, іркіт сияқты сүт тағамдарын құюға арналған. Жолаушыларға, көшіп-қонушыларға, бақташыларға сусынды алып жүруге өте ыңғайлы.
Ұнжырға
Адамның көңіл күйі.
Мақұл десу
Ымыраға келу, ортақ шешімге тоқтау.
Алдыңғы оқу
Достыққа тән қасиеттер.
Құндылықтар және негізгі ой
Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл — досыңның қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу. Осындай қатынас адамның табиғи өзімшілдігі мен өркөкіректігін әлсіретеді.
Философ: А. Шопенгауэр