Показ слайдов - Начать показ
Слайдтарды демонстрациялау
Бұл сабақ PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентацияларды көрсету тәсілдерін меңгеруге, слайдтардағы объектілердің шығу ретін басқаруға және демонстрация режимдерін тиімді қолдануға бағытталған.
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Өту әдістері
Жазба жұмыстары, сұрақ-жауап, ойын элементтері
Пәнаралық байланыс
Шет тілі, орыс тілі
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Компьютер
- Слайдтар
- Карточкалар
- Бағалау парақшасы
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін және логикалық сауаттылығын дамыта отырып, пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
Сабақтың міндеттері
Білімділік
«Слайдтарды демонстрациялау» тақырыбы бойынша білімді нақтылау және жетілдіру.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін дамыту, практикалық дағдыларды нығайту.
Тәрбиелік
Пәнге қызығушылықты арттыру, өз бетінше ізденуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу және дүниетанымды кеңейту.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу
- Сабаққа қатысуды белгілеу
- Оқу құралдарын түгелдеу
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру
Бағалау өлшемі
- 5 жұлдызша
- «5»
- 4 жұлдызша
- «4»
- 3 жұлдызша
- «3»
- 2 немесе 1 жұлдызша
- «2»
2) Өтілген сабақты қайталау
Формат
- Сұрақ-жауап
- Карточкалармен жұмыс
Сұрақтар (шарлар)
-
PowerPoint дегеніміз не?
Көрмелерді (презентацияларды) әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы.
-
PowerPoint бағдарламасына суретті кірістіру командасы
Кірістіру → Сурет → Суреттер (жинағы).
-
PowerPoint-та жасалған файлдың кеңейтімі
.ppt
-
PowerPoint терезесінің негізгі элементтеріне жатпайтын элемент
Жұмыс үстелі.
-
MS PowerPoint бағдарламасын іске қосу жолы
Пуск → Все программы → Стандартные → MS PowerPoint.
3) Жаңа сабақты түсіндіру
PowerPoint бойынша негізгі бөлімдер
- Бағдарлама туралы негізгі түсінік
- Терезе құрылымы
- Көрме жасау тәсілдері
- Слайдтарды демонстрациялау
- Слайдтарды безендіру
- Анимация қосу
- Музыка, дыбыс және бейнеклип енгізу
Негізгі ұғым: демонстрация және анимация
Слайдта объектілердің пайда болу ретін басқару үшін келесі команданы орындау қажет:
Показ слайдов → Настройка анимации
Тізімнен объектіні таңдап, оның ретін, уақытын, түрленуін және қажет болса дыбыстық сүйемелдеуді баптаймыз.
Слайдтарды көрсетудің әдістері
-
Presenter
1) Әдеттегі көрсетілім (толық экран)
Слайдтар толық экран режимінде көрсетіледі, басқару баяндамашының қолында болады.
-
Window
2) Пайдаланушы басқаратын көрсетілім (терезеде)
Презентация шағын терезеде ашылады. Слайдтарды ауыстыру, редакциялау, көшіру және басып шығару командалары қолжетімді.
-
Auto
3) Автоматты көрсетілім (толық экран)
Презентация толықтай автоматты түрде жүреді. Бұл режим көрмелік стендтерде немесе жиналыстарда қолдануға ыңғайлы.
Іске қосу
F5 пернесі немесе Показ слайдов → Начать показ.
Автоматты уақыт қою
Анимация параметрлерінде қажетті уақыт мөлшерін көрсетеміз.
Қолмен ауыстыру
Келесі слайдқа өту үшін Enter пернесін басамыз.
4) Жаңа сабақты бекіту
Тест сұрақтары
-
1) PowerPoint бағдарламасы не үшін қажет?
- а) Формулалық өрнектерді есептеу тиімділігін арттыру
- ә) Ақпаратты есте сақтау және қабылдау тиімділігін арттыруға арналған көрмелерді жасау
- б) Сызбалық нысандары бар мәтіндік құжат жасау
-
2) Презентацияны көрсетуді қай команданың көмегімен орындауға болады?
- а) Показ слайдов → Начать показ
- ә) Показ слайдов → Настройка демонстрации
- б) Файл → Предварительный просмотр
-
3) Слайдқа қандай объектілерді орналастыруға болады?
- а) Фон, мәтін, кестелер, диаграммалар, фильм, дыбыс, графикалық бейнелер және т.б.
- ә) Тек мәтіндер мен кестелер
- б) Кадрлар және презентация жоспары бар графикалық пакеттер
-
4) Жаңа слайдты қай команданың көмегімен құруға болады?
- а) Файл → Открыть
- ә) Файл → Создать
- б) Файл → Выход
-
5) PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосамыз?
- а) Бастау → Бас мәзір → Іздеу → Microsoft PowerPoint
- ә) Жұмыс үстелі → Бас мәзір → Microsoft PowerPoint
- б) Бастау → Бағдарламалар → Microsoft Office → Microsoft PowerPoint
Компьютерде орындалатын тапсырмалар
Екі топқа практикалық тапсырма беріледі. Әр топ 10 слайдтан тұратын презентация дайындайды.
«Принтер» тобы
10 слайдТақырып: «Астана — бас қала»
«Сканер» тобы
10 слайдТақырып: «Туған өлкем — Қызылорда»
Нәтиже
Тапсырмалар орындау барысында слайдтарды көрсету режимдерін қолданып, анимация уақытын дұрыс баптауға назар аударылады.
5) Сабақты қорытындылау
- Оқушыларды жиналған жұлдызшаларына сәйкес бағалау
- Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Берілген тақырып бойынша материалды қайталау және презентацияны демонстрациялау режимдерін тәжірибеде қолдану.
Оқытушы туралы
Қызылорда облысы, Қызылорда политехникалық колледжінің информатика пәні оқытушысы — Нысанкулова Бақыт Әмірхановна.