Тарих тағылымы

Сыныптан тыс тәрбие шарасы

Тақырып: Тарих тағылымы Формат: топаралық сайыс Қатысушылар: 6–8 сынып

Бұл шара оқушылардың тарих пәнінен алған білімін толықтыруға, кеңейтуге және оны өмірде қолдана білуіне бағытталған. Сонымен бірге ой-өрісті кеңейтіп, ойлау мен сөйлеу дағдыларын дамытуға, тарихқа қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.

Жүргізуші сөзі

Тарих түпкірінен сыр іздейміз,
Ғажайып, сырлы әлемге кіргендейміз.
Бабалардың жүріп өткен сансыз жолын,
Тарихтың әр бетінен көргендейміз.

Қымбатты ұстаздар мен оқушылар, «Тарих тағылымы» атты топаралық сайысқа қош келдіңіздер!

Маңызды рәсім

Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Еліміз елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранымен айбынды. Сайысымызды Мемлекеттік әнұранмен бастаймыз.

Әділқазылар алқасы

Қазылар

Жанат апай

Тарих пәні бойынша әділ бағалау

Қазылар

Асылбек ағай

Тарихи білім мен дәлелді жауапты бағалау

Қосымша

Қостурлина Мөлдір

Әділ бағалауға қолдау көрсету

Сайыс құрылымы: 4 бөлім

  1. 1

    Топпен таныстыру

    Топтың атауын қорғау, ұранын айту.

  2. 2

    Тарих тереңіне үңілсек

    Сұрақ-жауап бөлімі.

  3. 3

    Жылдар сыр шертеді

    Жылдарға қарап тарихи оқиғаларды еске түсіру.

  4. 4

    Көрініс қою

    • «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама»
    • «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында»
    • «Желтоқсан жаңғырығы»

1-бөлім: Топпен таныстыру

Сайысқа келген әр топ білімін саралап, өз атауын таныстырып, ұранын мәнерлі түрде қорғайды.

Топ

Әділет

Топ

Азамат

Топ

Жігер

2-бөлім: «Тарих тереңіне үңілсек» (сұрақ-жауап)

Өмір өзі мінбесінен сөз берді, тебіреніп толғанатын кез келді. Тарихты көрмесек те кешегі — естігенімізді, сезгенімізді ортаға саламыз.

1) Алғаш рет бір жылда 365 күн болатынын есептеп шығарған кімдер?

Ежелгі Египет тұрғындары.

2) Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді және оларды ата.

Негізінен төртке бөлінеді: Ежелгі Қазақстан; Орта ғасырлардағы Қазақстан; Жаңа замандағы Қазақстан тарихы; Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы.

3) 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген, Кениядағы Олдувай шатқалынан табылған алғашқы адам қалай аталады?

Епті адам.

4) Атамекен атауларын анықтап, олардың халықтық және ғылыми этимологиясын зерттейтін ғылым қалай аталады?

Топономика.

5) Сақтарға «массагет» атауын берген кім?

Геродот.

6) Орталығы Суяб болған, жері Шаштан (Ташкент) бастап Бесбалық пен Тұрфанға дейін созылған қағанат қайсы?

Түргеш қағанаты.

7) Б.з.б. VII ғасырдан бастап аңдарды бейнелеуге негізделген аң стилі пайда болды. Сақтар бұл өнермен қай жорықтарында танысты?

Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында.

8) Қорқыт ата күмбезі қай жерде орналасқан?

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы.

9) Әмір Темір Мауараннахрда қанша жыл билік жүргізді?

35 жыл.

10) Қазақстан мәдениеті неше түрге бөлінеді? Нелерді жатқызуға болады?

Екіге бөлінеді: материалдық және рухани мәдениет.

11) 1731 жылғы 19 ақпанда Әбілқайыр хан Анна Иоанновнаға жіберген екі елші кімдер?

Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлы.

12) Нұралы хан 1785 жылы маусымда барон Отто Игельстромға жазған хатында «қарақшылар» деп кімдерді меңзеді?

Сырым Датұлы бастаған көтерілісшілерді.

3-бөлім: «Жылдар сыр шертеді»

Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім. Әрбір санға үңілсең, сол жылдардан талай сыр мен шындықты танисың.

453 жыл

Аттиланың қайтыс болуы.

Б.з.б. II ғасыр

Ұлы Жібек жолының қызмет ете бастауы.

1941–1945

Ұлы Отан соғысы жылдары.

1930–1931

Ашаршылық кезеңі.

1986 жыл

Желтоқсан оқиғасы.

1995 жыл

Ата заң — Конституцияның қабылдануы.

1773–1775

Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі.

1771–1781

Абылай ханның ел билеген кезеңі.

1998 жыл

Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

4-бөлім: Көрініс қою

Ызғарынан көкірекке мұң толатын, сұрапылы талай дауыл-боран өткен тарих беттерінде ерлік пен қасірет қатар жүреді. Боздақтар құрбан болғанымен, олардың естелігі — мәңгі тарих.

«Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама»

Ел басына күн туған, ауыр сын кезеңді бейнелейтін тарихи көрініс.

«Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында»

Тыл еңбегі мен майдан ерлігі арқылы халықтың бірлігі мен төзімін көрсету.

«Желтоқсан жаңғырығы»

Еркіндікке ұмтылған ұрпақ рухын, азаматтық үнді айқындау.

Қорытынды

Жүргізуші: «Әділқазы өз шешімін айтады. Кім тарихты қалай білді, қалай бағамдады?» — деп, сөз кезегін әділқазылар алқасына береді.

Биік ұшсын бейбітшілік кептері,
Нұрын шашсын алтын күнім көктегі.
Тарих тағылымында қалатын —
Ерлік ешқашан өшпейді кітап бетінде.

Соңында мұғалім қорытынды сөз сөйлеп, қатысушылардың еңбегін атап өтеді және білімге құштарлықтың мәнін айқындайды.